49
Оқушылар алдын ала танысатын ұғымдар
Оқушылар келесі ұғымдармен таныс болуы керек:
Жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесінің мүшелері.
Берілген нұсқаулықтағы ұқсас зертханалық жұмыстар
Аталған тапсырмаға тұжырымды ұқсас зертханалық жұмыстар:
Физикалық жүктеме және жүрек соғу жиілігі
ЭКГ: Жүрекке әсер етуші факторлар
Тыныс
алу көлемі
Қысқаша ақпарат
Адамдарда оттегі қажетті мөлшерде бірнеше минуттан артық сақталмайды.
Қалыпты жағдайда, қан құрамында оттегінің квартаға жуық ертіндісі бар,
алайда ол әрдайым энергия шығару мақсатында
жасушалармен қолданылып
отырады. Түрлі процестерді оттегінің жеткілікті қор мөлшерімен қамтамасыз ету
үшін өкпе үздіксіз жұмыс жасауы қажет. Зат алмасудың соңғы өнімі ретінде
жасуша өз кезегінде көмірқышқыл газын шығарады. Егер көмірқышқыл газы
қанда жиналса, онда қандағы РН деңгейі тез төмендеп, қауіпті болуы мүмкін.
Адамның тыныс алу жиілігі сопақша ми деп
аталатын мидың бөлігімен
реттеліп отырады. Ол тыныс алуды қалпына келтіру үшін ұйқы, ас қабылдау
және жаттығуларды орындауды қоса алғанда әр процеске жеткілікті мөлшерде
оттегі жеткізіп тұру үшін денеге хабар жібереді. Ми мүмкіндігінше
қандағы
көмірқышқыл газын (оттегінің деңгейін емес) өлшейді және жүрек қағу жиілігін
белгілейді. Жаттығуды орындау кезінде, жасушалар дене үшін көбірек энергия
шығару үшін оттегін жояды, ол зат алмасудың соңғы өнімі ретінде көмірқышқыл
газын көбірек шығарады. Осы көмірқышқыл газы деңгейінің артуы мимен
анықталады, ол жасушаларға көбірек оттегін беру үшін тыныс алудың жоғары
жиілігін көрсетеді.
Тыныс алу – бұл мимен
реттелетін еріксіз әрекет, бірақ ол өз қалауы
бойынша да бақылана алады.
Шамадан тыс жылдам және терең тыныс алу гипержелдету деп аталады,
әдетте гипержелдету тыныс алуды реттейтін мидың
бөлігіне эмоциялық стресс
себеп болған жағдайда басталады. Сонымен қатар бүйрек жетіспеушілігі және
диабет гипержелдетудің пайда болуына себеп бола алады. Көмірқышқыл газы
тыныстан тым коп шығарылады және қанда ол өте аз болып қалады. Бұл
тамырлардың тартылып, қан ағымының азаюына әкеп соғады.
Осыған
байланысты миға қан өте аз түсіп, адам басының айналғанын және әлсіздікті
сезінеді.
Гипержелдету ауруының ұстамасы шамамен жарты сағат жалғасуы мүмкін.
Осындай ауру ұстамаларын баяу тыныс алу арқылы бақылауға болады. Қағаз
пакетпен тыныс алу арқылы сіз қандағы көмірқышқыл газының құрамын
көбейтіп, ауру ұстамасының жалғасуын азайта аласыз.