Минут ішіндегі орташа тыныс алу мөлшері Минут ішіндегі орташа тыныс алу мөлшері Нәрестелер
44
Жасөспірім
балалар
16-дан
25-ке
дейін
Сәбилер
20-дан
40
аралығы
Ересектер,
қалыпты
жағдайда
12-ден
20-га
дейін
Мектепке дейінгі
жастағы балалар
20-дан
30-га
дейін
Ересектер,
физикалық
жаттығуды
орындау кезінде
35-тен
45-ке
дейін
Зертханалық жұмыс алдында орындалатын талқылаулар мен тапсырмалар Келесі сұрақтарды жеке қою және жаттығуды орындау барысындағы дене
күйінің өзгеруін сұрау арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеріңіз.
1. Жаттығуды орындау барысында тыныс алу жиілігі қалай өзгереді? Жаттығуды орындау барысында жүрек соғу жиілігі қалай өзгереді? Жүрек соғу мен тыныс алу жиілігі қандай байланыста? Жаттығуды орындау барысында тыныс алу және жүрек қағу жиілігі
жоғарылайды және жаттығуды орындағаннан кейін де белгілі уақыт ішінде
жоғары күйінде қалады. Денеден көбірек көмірқышқыл газын шығарып, өкпеге
содан кейін қанға көбірек оттегі жеткізу арқылы тыныс алу жиілігі
жоғарылайды. Оттегімен қанныққан қанды жасушаларға жеткізу үшін жүрек
қағу жиілігі артады.
2. Ер және әйел адамдардың жаттығуды орындауға дейінгі және кейінгі тыныс алу жиілігін салыстырыңыз. Жауаптар оқушылардың тәжірибесіне байланысты ерекшеленетін болады.
Бірақ көп оқушылар физикалық жаттығуды орындау кезінде және одан кейінгі
әйелдердің жүрек қағу жиілігі еркектерге қарағанда жоғары деп болжай алады.
Зертханалық жұмысқа дайындық Зертханалық жұмысқа дейін осы материалдар мен жабдықтарды орнату
қажет.