Р. Н. Куракова-Атырау, 2019. 80 б. «Өрлеу»



Pdf көрінісі
бет66/69
Дата26.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#87128
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
 


70 
ҚОРЫТЫНДЫ
 
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында білім беру 
қызметіне жаңаша қарау, жасалған істі сын көзбен бағалай отырып саралау, 
жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми бағытқа бет бұру 
талабы көрінеді. Бұл мұғалімнің шығармашылық ізденіс, жаңашылдық 
тәжірибесі, жоғары шеберлігі, біліктілігінен байқалады.
Қазіргі кездегі білім мен тәрбие берудегі негізгі мақсат - жан - жақты 
білімді, өзгермелі ортаға бейім, өзінің білім, білік дағдысын қолдана алатын
іскер, өзіндік ой толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мақсат 
функционалдық сауаттылықты дамытуды көздейді. Ұстаз тарапынан 
оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде 
өзін-өзі жан-жақты таныту үшін алған білімін тиімді пайдалана білу дағдыларын 
қалыптастыру және қоғамға пайда келтіру маңызды әрі күрделі мәселе болып 
табылады.
Модификациялық үлгідегі биология кабинеті мүмкіндіктерін пайдалану 
және «PASCO» компаниясының «SPARK» және «Xplorer GLX» бағдарламалық 
жабдықтамасы арқылы зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесін үйрету 
мақсатында мұғалімдер үшін ұйымдастырылған қысқа мерзімді курстар мен 
тәжірибелік оқыту семинарларының алатын орны зор. Бүгінгі күннің талабына 
сай білім алушылардың алған білімін практикада жүзеге асыра алуын 
қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар институт базасында ғана емес, облыс 
мектептерімен байланыста жүзеге асуда. 
Оларға зертханалық жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын 
«PASCO» компаниясының «SPARK» және «PASPORT Xplorer GLX» сенсорлық 
құрылғысы мен «PHYWE» фирмасының «COBRA-3», «COBRA-4» өлшеуіш 
жүйесін, «FOURIER» фирмасының «NOVA5000» құрылғысымен, түрлі 
датчиктермен, AV322 бейне-демонстратор құрылғысымен жұмыс жасау 
жолдары тәжірибе түрінде көрсетілді. Цифрлық лабораториялық құралдар 
арқылы зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесін және білім беру 
жүйесіне заманауи технологиялық жаңалықтарды қолдану мен ендіру,
ақпараттарды өндеу мен ұсынуды цифрлық форматта жеткізуді меңгерді.
Биология курсының бөлімдері бойынша осы лабораториялық құралдар арқылы 
зертханалық жұмыстарды практика жүзінде қолдану, зерттеушілік дағдыларды 
дамыту бағытындағы тапсырмаларды орындау, мәліметтерді жинауға арналған 
электронды датчиктерді қолдану арқылы қысқа уақытта тәжірибелік 
жұмыстарды жасап, графикалық түрде тез демонстрациялауды және талдауды 
үйренді.
Зертханалық жұмыстар физиология, жасушалық биология, экология курстарын 
қамтыды:
Физиология: 
 ЭКГ: Жүрекке әсер ететін факторлар 
 Физикалық жүктеме және жүрек соғысының жиілігі 
Дене температурасын реттеу 


71 
 Тісімізді неге тазалаймыз 
Жасушалық биология: 
 Ферменттердің әрекеті 
 Жасуша мембранасының иондық өткізгіштігі 
 Ағзалар мен pH деңгейі 
 Өсімдіктердің тыныс алуы мен фотосинтез 
 Фотосинтезді зерттеу: О

қысымын өлшеу 
 Жуа жасушасындағы плазмолиз бен деплазмолиз құбылысын 
бақылау 
Экология: 
 Ашытқыдағы жасушалық тыныс алу 
 Судағы жасыл өсімдікке синтетикалық жуғыш құралдардың әсері. 
Суды СЖҚ-дан тазарту 
 Жапырақтардың булану қабілеттілігін зерттеу (транспирация)
 Тамақ өнімдерінің құрамындағы нитраттардың сапасын бағалау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет