75
Талдау
Зерттеу нәтижесінде әлсіз қышқыл алма шырыны, қышқылды-фанта мен
спрайт сусыны, күшті қышқыл-кола сусыны екені анықталды.
Тіске ең зиян
сұйықтық – кола сусыны. Оның қышқылдылық қасиеті өте жоғары болады,
тістің құрамындағы кальцийді ерітіп жібереді. Сондықтан кола сусынын
денсаулыққа
зиян деп танып, қолданудан бас тартуымыз қажет.
Қышқыл жаңбыр және өсімдіктердің өсуі
77
ТАҚЫРЫБЫ: СУДАҒЫ ЖАСЫЛ ӨСІМДІККЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ
ЖУҒЫШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ (СЖҚ) ӘСЕРІ
Жұмыстың мақсаты: Синтетикалық жуғыш құралдардың су өсімдігіне әсерін
білу.
Құрал-жабдықтар: шыны түтік, таяқша, сынауықтар, сынауық штативі, фильтр
қағазы, микроскоп.
Реактивтер мен материалдар: синтетикалық
жуғыш құрал ерітіндісі, pH-тест
(индикатор қағазы), таза су, элодея бұтағы.
Жұмыс барысы:
1. Элодея бұтағын таза суға және СЖҚ ерітіндісі бар сынауыққа салу.
2. 20 минуттан кейін екі элодея бұтағының өзгерісін жазып алу (жапырақтың
түсі, пішіні).
3. Таза су және синтетикалық жуғыш құрал ерітіндісі бар сынауықтағы
элодея жапырағынан екі микропрепарат дайындау.
4. Дайын болған микропрепараттарды кезекпен микроскоп үстелшесіне
қойып қарау.
5. Элодея жапырағының жасушасындағы өзгерістерді салыстыра сипаттау.
6. Қорытынды жазу.
Қорытынды:
Таза суы бар сынауыққа салынған
элодея бұтағы жапырағының
цитоплазмасындағы хлоропластар еркін жүзе бастайды және түсі бірқалыпты.
Ал синтетикалық жуғыш зат ерітіндісі бар сынауықтағы элодея жапырағының
хлоропластары бүрісіп, жапырақтар түсе бастайды және түсі ақшыл түске
өзгереді.
Түйін:
Синтетикалық жуғыш құралдар сабынмен салыстырғанда, әртүрлі
қаттылығы
суда жууға жарамды. Сондықтан оларды кір жуатын машинада қолдану тиімді.
СЖҚ-ның құрамы әртүрлі, лас заттарды жылдам тазалап шаюға арналған
барлық СЖҚ-ның құрамында белсенді заттар бар. Сонымен қатар СЖҚ-да
қосымша әртүрлі заттар қосылады – ароматизаторлар,
антистаттар мен
ағартқыштар. Тазалағыш заттар қызметін атқарғаннан кейін, ағынды сулармен
қалалық канализацияға түседі, содан
кейін тазалағыш құрылымдарға, кейде
тазаланбай-ақ топыраққа немесе су қоймасына түсуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: