Р. Н. Куракова-Атырау, 2019. 80 б. «Өрлеу»



Pdf көрінісі
бет64/69
Дата26.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#87128
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
Р.Куракова (1)

Тапсырмаларға шолу 
Оқушылар бұл тапсырмада өкпенің функционалдық сынамасын алу үшін ең 
қолайлы құрал спирометрді пайдаланады.

Бірқалыпты тыныс алудың көлемін анықтау (Тыныс алу көлемі).

Бір секунд ішіндегі терең тыныс алу көлемін анықтау. 


68 

Өкпедегі максималды ауаның көлемін анықтау (өкпенің тіршілік 
сыйымдылығы).
Материалдар мен жабдықтар 
Әрбір оқушы немесе топ үшін: 

Мәліметтерді жинау жүйесі; 

Спирометр; 

Спирометриялық қондырма (әрбір 
оқушыға бір данадан). 
Қысқаша ақпарат 
Өкпе функционалды сынамасы (ӨФС) – спирометрді пайдалану арқылы 
науқастың өкпе қызметін өлшеуге арналған қарапайым клиникалық сынама. 
Спирометр – тыныс алғандағы ауа мөлшерін өлшейтін құрал. Бұл сынама 
барысында науқас спирометр арқылы бірнеше рет қалыпты тыныс алып, содан 
кейін бір рет терең тыныс алады(терең тыныс алу және шығару). 
Спирометр, әдетте, тыныс алудың қылыпты сыйымдылығының абсолютті 
көлемі мен шамамен пайызын көрсетеді. Қалыпты сыйымдылық адамның 
жынысына, нәсіліне, жасы мен бойына байланысты. Тыныс алу 
сыйымдылығының стандартты үлгісі болмайды. Сондықтан қалыпты 
сыйымдылық үлгі сыйымдылығымен бірге әрбір зертханалық жұмыста 
қолданылады.
Зертханалық жұмыс алдында орындалатын талқылаулар мен тапсырмалар 

Сіздің өкпеңізге қанша ауа сыяды деп ойлаймыз?

Әрбір тыныс алған кезде өкпеңіздегі бүкіл ауаны шығарасыз ба?

Ер адамдар мен әйелдердің тыныс алу және тыныс шығарудағы ауа 
сыйымдылығын салыстырыңыз.
Қауіпсіздік шаралары 

Тыныс алу проблемалары бар оқушылар тәжірибеге қатыспасын. Ол 
тыныс алуды қиындатуы мүмкін.

Спирометрлік пластиналарды бір реттен артық қолдануға болмайды. 
Оларды қолданғаннан кейін лақтырып тастау қажет. Спирометриялық 
пластиналарды зарарсыздандыру және құралдағы мембраналарды тазарту 
мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет