65
Қолғап
Суға төзімді жабысқақ лента
Ұсақталған мұз
немесе мұз шақпақтары
1 л су
Сүлгі (бірнеше дана)
Қысқаша ақпарат
Сіздің денеңіз әрбір реакцияның қосалқы өнімі ретінде метоболизмдік
жылу шығарады. Неғұрлым белсенді болсаңыз, соғұрлым сіздің ағзаңыз да көп
жылу шығарады. Дене температурасын қалыпты сақтап тұру үшін,
метоболизмдік реакциялар арқылы пайда болатын жылуды ағза реттеуі керек.
Сіздің ішкі температураңыз тұрақты болуы керек, өйткені ферменттер 37
˚C
температурасында жақсы жұмыс істейді.
Сіздің
денеңіз тұрақты ішкі
жағдайдайларды сақтап отыру үшін, осы үдерістерді үздіксіз бақылап және
реттеп отырады.
Бұл күй гомеостаз деп аталады.
Ағзаның дене температурасын максималды төзу шектерінде температураны
сақтау қабілеті жылуреттеу деп аталады. Кейбір жануарлар,
оның ішінде,
көптеген сүтқоректілер мен құстар эндотермдер болып табылады. Олар дене
температурасын іштей реттейді. Олар үйде қажетті температураны сақтап
отыратын термостат сияқты. Сүтқоректілерде жылу шығару механизмдері бар:
дірілдеу, жасушалық метоболизм және қан айналымы.
Бұлшық еттердің тез
жиырылуы мен дірілдеуі кезінде жылу бөлінеді. Жасушалық метоболизм жылу
шығарады және денені жасушадағы химиялық бұзылуы үдерісінен кейін
жылытады. Қан айналымының ағымға қарсы жылу алмасуы сияқты бейімделуі,
жылуды жануарлардың жылу алмасу элементінен арнайы қантамырлары арқылы
сыртқы шектерге алып барады. Жылу алмасу элементінен
жылы қан суық аяқ-
қол ұштарына барады. Бұл, мысалы, аяқтың немесе қолдың температурасын
сақтап тұрады.
Суық ортада дене жылуы дене беткейіне жақын орналасқан
қантамырлардың қысқаруының арқасында сақталып отырады. Сондай-ақ, жылу
метоболизмнің
жеделдетуіне ықпал ететін, бұлшықеттік қысқарудың немесе
дірілдің арқасында сақталып отырады. Дірілдеу метоболизмді бес есе арттыра
алады.
Достарыңызбен бөлісу: