10-папка – «ПАЗ қолдануға қарсы профилактика» папкасы (ПАЗ – психо-активті заттар)
11-папка – «Ата-аналармен жұмыс» папкасы
2-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ӘРТҮРЛІ САНАТТАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСЫ
1. Ерекше қажеттіліктері бар балалар (мәліметтер қорын құру, жеке білім алуды ұйымдастыру, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайды зерттеу үшін үйге бару, кітаптармен қамтамасыз ету, бос уақыттарын ұйымдастыру, Халықаралық мүгедектік Күнін ұйымдастыру, әлеуметтік-педагогикалық көмек беру, санаторий-курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету).
2. Қамқорлықтағы балалар мен жетім балалар(мәліметтер қорын жинау, үйіне бару, жалпыға міндетті оқу қорынан материалдық көмек бөлу, бос уақытты ұйымдастыру, қамқоршылық инспекторымен кездесу, әлеуметтік көмек көрсету, санаторий-курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету, мектепте тегін тамақтану ұйымдастыру).
3.Қиын балалар (девиантты мінез-құлықты балалар):
• деректер қорын құру, баланың отбасына,үйіне бару,
• балаларды қызығушылығына байланысты үйірмелерге тарту,
• балалармен де, олардың ата-аналарымен де жеке сұхбат жүргізу;
қиын балаларды диагностикадан өткіку (қызығушылықтар, проблемалар, конфликтті жағдайлар),
•девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасауда сынып жетекшілеріне психологиялық-педагогикалық көмек;
• балалар мен олардың ата-аналарына психологпен жұмыс, психологиялық-педагогикалық кеңес беру, ата-аналарға педагогикалық консилиум беру, жазғы демалыстар туралы ақпарат жинау, жазғы демалысты ұйымдастыру, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру.
4.Аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылар:
деректер банкін құру;
әлеуметтік және тұрғын үй жағдайларын зерттеу актісін жасау үшін отбасы үйіне бару,
мектепте ақысыз тамақтану, материалдық және әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті
Әлеуметтік педагог тиімділік пен оң нәтиже алу үшін мектеп әкімшілігі, психолог, пән мұғалімдері, ата-аналар, сынып жетекшілері, медициналық мекемелер, СӨС (салауатты өмір салтын) насихаттау жөніндегі мамандар, балаларды қорғау бөлімі,құқықинспекторлары, отбасылар мен балаларға психологиялық-педагогикалық көмек бөлімі, қосымша білім беру мекемелерімен бірге қызмет жасайды.
Әлеуметтік педагогтың жұмысындағы қағидалар:
Балалармен жұмыс жасауда әлеуметтік педагог келесі қағидаларды басшылыққа алады:
- жеке тұлғаны позитивті түсіну және қабылдау қағидасы
- құпиялылық қағидасы.
Кесте 5 - Әлеуметтік педагог жұмысындағы қағидалар
Достарыңызбен бөлісу: |