Дұрыс жауапты таңдаңыз. Екі бағана арасындағы терминдердің сәйкестігін орнатыңыз.
17-кесте
А
|
Организм
|
1. Көлдің тірі организмдері
|
Б
|
Популяция
|
2.Қына
|
В
|
Биоценоз
|
3. Дала
|
Г
|
Биогеоценоз
|
4. Арал теңізінің қаяз балықтары
|
Д
|
Агроценоз
|
5. Бидай егістігі
|
Бірдей мөлшердегі биомассаны алу үшін қандай жануарларды өсіруде жемнің аз шығыны жұмсалады: сиырларды, тауықтарды немесе балықтарды?
Ұзақ жылдарға ұшу үшін космостық кеменің экожүйесі қандай болу керек?
Кез келген биоценозда судың және басқа да заттардың алмасуы жүзеге асады. Биогеоценоздағы заттардың алмасуы мен энергияның алмасуындағы айырмашылық неде?
Қоректік тізбек дегеніміз не? Жерүсті-ауа және су тіршілік орталарының қоректік тізбектерінің 2-3 мысалдарын келтіріңіз.
Ақ қоян, кәдімгі түлкі, бұғы, орман шөптері қандай қоректік деңгейге жатады?
Су экожүйесінің бірінші, екінші, үшінші қоректік деңгейлеріне жататын ағзалардан 2-3 мысал келтіріңіз.
Біріншісі тұщы су қоймасының инфузориясынан, екіншісі бақбақ тұқымынан, үшіншісі жоңышқадан, төртіншісі масадан, бесіншісі хламидомонада балдырынан басталатын бес түрлі қоректік тізбек құрастырыңыз. Қоректік тізбектің барлығы да адаммен аяқталуы тиіс.
Мына ағзалардың ішінен қайсысы детритофагтарға жатады: саңырауқұлақ, қырықаяқ, жауынқұрт, балдыр, кене, термиттер, құмырсқа, қоңыр қандала, бактерия, дафния, өзен шаяны?
Үш ағзадан тұратын қоректік тізбек құрастырыңыз. Бұл тізбектен продуцент- 1 реттік консумент - 2 реттік консумент болатын ағзаларды атаңыз.
Саз тасбақасы - балық - маса – инелік дернәсілі - шаян - балдыр – қоғадан тұратын қоректік тізбек құрастырыңыз.
1- қатардағы консументтерге жататын жануарларды атаңыз: сиыр, арыстан, амеба, өрмекші, қоян, тышқан, жасыл шегіртке, қаршыға, қаз, түлкі, шортан, киік, дала тасбақасы, жүзім ұлуы, дельфин, колорада қоңызы, сиыр цепені, капуста ақ көбелегінің жұлдызқұрты, ақ аю, ара, қан сорғыш маса, инелік, алма жемісжегілері, бит, сұр акула.
Шаруашылықта үлкен арық-канал қазылып, ол сумен толтырылған. Оған қорексіз бірден балықтар жіберіп, осы каналда балықтардың санының өсуін күтуге болады ма?
Жерүсті-ауа тіршілік орталарының қоректік торларына мысал келтіріңіздер.
Қышқыл жауын–шашындар су экожүйесінде суларды қышқылдандырып, мынандай жағдайға ұшыратады (дұрыс жауабын әріппен көрсетіңіз):
А. Биологиялық әртүрліліктің көбеюіне; Б. Биологиялық әртүрліліктің азаюына;
В. Биологиялық әртүрлілікке әсер етпейді.
95-суретте көрсетілген тундра биоценозындағы өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің арасындағы қоректік байланыстарды сызықпен белгілеп көрсетіңіз. Суреттегі продуценттерге, 1 қатардағы және 2 қатардағы немесе 3 қатардағы консументтерге жататын түрлерді бөліп жазып, көрсетіңіз.
95-сурет. Тундра биоценозы
Табиғи экожүйелердің түрлердің әртүрлілігімен қамтамасыз етілетін жағдайларын көрсетіңіз.
96- суретте көрсетілген дала биоценозының өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің арасындағы қоректік байланыстарды сызықпен белгілеп көрсетіңіз. Сурет бойынша продуценттерге, 1 қатардағы және 2 қатардағы консументтерге жататын түрлерді бөліп жазып, көрсетіңіз. Дала биоценозында қандай ағзалар редуценттер функциясын атқарады? Егер далада қасқырлар, қырандар, сұңқарлар, түлкілер мен тышқандардың барлығы құрып кетсе не болар еді?
96-сурет Дала биоценозы
97-сурет. Саванна
Саваннада қоректену тізбегінде қай звено үлкен салмақты болады және неліктен? Бұл маңызды заңдылықты қалай түсіндіресіз? Керемет Африка саванналары қандай табиғи құбылыстардың салдарынан қалыптасқан?
Мектеп аквариумының экожүйесінің компоненттеріне: балдырлар және судағы жоғары сатылы өсімдіктер, қарапайымдылар – инфузориялар, дафниялар, былқылдақденелілер, балықтар, бактериялар, саңырауқұлақтар жатады.
Аквариум компоненттерінің энергия ағымын және зат алмасуын сызбанұсқа түрінде беріңіз.
Осы экожүйеде былқылдақденелілер мен қарапайымдылардың болмауы олардың тепе – теңдіктерінің күрт өзгеруіне неліктен әсер етеді?
Күн сәулесінің энергиясы химиялық заттардың энергиясына ауысуы қандай организмдердің тіршілік іс-әрекеттерінің нәтижесі болып табылады?
А. Продуценттердің Б. Редуценттердің В. Консументтердің.
Неліктен саңырауқұлақтар мен жануарлар жер бетінде өсімдіксіз тіршілік ете алмайды? Неліктен өсімдіктерді өндірушілер деп атайды? Олар нені өндіреді?
Тіршілік энергия айналымымен үздіксіз байланысты. Биосферадағы тірі заттар саны автотрофты жасыл өсімдіктермен тасымалданатын күн энергиясының мөлшеріне байланысты.
Экожүйенің тұрақтылығының энергия мен қоректік элементінің келуі мен бөлінуі арасындағы тепе-теңдіктің байланыстылығын түсіндіріңіз.
Қазбалы жанғыш отынның, су энергиясының және жел энергиясындағы энергияның негізгі көзі неліктен күн болып табылады?
Тірі организмдермен қатар өлі денелерге де қолданылатын мына заңдарды талдаңыз: «Бергеннен көп ұтуға болмайды» және «Тіпті өз қалпыңда да қалуға болмайды». Энергияның ағыны кері бағытта жүрмейді, ол тек бір
бағытқа бағытталған. Энергияның кез келген түрі жылуға ауысады және сосын таралады.Осы заңдарды түсіндіріп, мысалдар келтіріңіздер.
Берілген ағзалардың қайсысы продуценттерге жатады?
а) сиыр; б) ақ саңырауқұлақ; в) жайылымдық жоңышқа; г) адам; д) алма ағашы; е) қыналар; з) ермене жусан; ж) сұңғыла; и) түйе тікен; к) бөлме шыбыны; л) үйеңкі; м) боз қоян; н) азот фиксациялаушы бактериялар, сары шырмауық.
Табиғи бірлестікте жыл сайын жаз соңында шөптесін өсімдіктер, тұтас ағаштар мен бұтақтар солады, кейбір жануарлар өледі. Жануарлар мен өсімдіктердің органикалық қалдықтарын неорганикалық заттарға дейін ыдыратуға қандай организмдер қатысады? Бұл организмдердің табиғи бірлестіктердің құрылуында қандай рөл атқаратынын түсіндіріңіз.
Орманшыларға бұрыннан шабылған орман орнында көбіне батпақ түзілетіні мәлім. Батпақ бұл жерде қайтадан орман өскен жағдайда ғана жойылады. Бұл құбылысты түсіндіріңіз.
Сызбанұсқаны аяқтаңыз:
а) сызбанұсқаның «терезесіне» компоненттердің номерін жазыңыз:
б) зат алмасу бағытын көрсетіңіз және энергия айналымының сатыларын белгілеңіз.
Жүйе компоненттері
1. Күн сәулесінің энергиясы
|
3. Ортаның химиялық заттары
|
2. Химиялық заттардың
энергиясы
|
Автотрофты ағзалар
Гетеротрофты ағзалар
|
Биогенді заттар мен энергияның айналымы
98– сызбанұсқа
1945 жылы Қарақұм каналы салынды. Өзеннен келген балықтың бұл жерде ешқандай да қоректері: өсімдіктерден де, жәндіктерден де болмады. Екі
жылдан кейін бұл жердің жағалауында қамыстар мен қоғалар өте алмайтын қабырға түзіп өсті. Жылу мен су бірігіп осындай ғажайыпты жасады, бірақ бұл каналды салушыларды бұл ғажайып құбылыс, яғни жасыл өсімдіктердің осыншама көп қаптап өсуі онша қуантқан жоқ, өйткені өсімдікте су ағынын үш есе баяулатып, каналдың батпаққа айналу қаупін тудырды. Өсімдіктерді арнаулы шөп машинасымен ору ешқандай нәтиже бермеді. Тазалаудың химиялық әдісін қолдану да ешқандай нәтиже бермеді, өйткені бұл әдісті пайдалану кезінде бүкіл тірілердің тіршілігі жойылды. Ихтиолог ғалымдар бұл мәселенің тиімді рационалды шешуін ұсынды. Қандай шешім ұсынылды?
99-сурет. Су жағалауының өсімдіктері
Құстар мен балықтарды өсіруге маманданған кейбір шаруашылықтарда бір тоғанда тұқылармен бірге үйректерді де өсіреді. Осындай жағдайда балық өнімділігі төмендеудің орнына ол жоғарылайды. Бұл нәтиженің себебін түсіндіріңіз?
Тұщы су қоймасында ағзалардың ара қатынасының қай формасы бар және ылғалды тропикалық ормандарда доминантты болады?
Өлген жануарлар мен өсімдіктердің қалдық заттарын ыдыратуда шіріген бактериялар үлкен рөль атқарады. Шөлдерде мұндай ағзаларды бактериялармен ыдырату өте баяу жүреді. Бұны қалай түсіндірге болады?
Жерүсті қоректік тізбегін суреттегі организмдерді пайдаланып (100- суретті қараңыз), шартты масштабта экологиялық пирамиданы құрастырыңыз
100- сурет. Жерүсті қоректік тізбегі
Нүкте орнына тиісті терминдерді жазыңыз.
Шөпқоректі жануарлардың салмағын қосуға орташа жұмсалған энергияның
…..........%- інен аз мөлшері ғана жұмсалады, қалған .... .……% ін көбі басқа тіршілік әрекеттеріне жұмсалады, яғни жылу түрінде жұмсалатын қорытылмаған тағамның қалдықтары ретінде бөлінеді. Шөпқоректі жануарлардан жыртқыштарға энергия өткен кезде, оның тасымалданады.
Оның тиімділігі 30-ға жетеді. Сірә, бұл ұлғаю шөпқоректі және жыртқыш жануарларының ұлпаларының химиялық құрамының ұқсастығымен байланысты.
Адамның іс – әрекетінің экожүйенің тепе– теңдік жағдайына тигізетін әсеріне мысал келтіріп, кестені толтырыңыз.
18 кесте
Экожүйе
|
Адамның іс – әрекеті
|
Тепе–теңдіктің бұзылуы
|
Тепе– теңдік
|
Орман Шалғын Дала Батпақ
|
|
|
99 Экожүйеде биологиялық тепе-теңдікті әртүрлі жүйелік топтардың қайсысы қамтамасыз етеді? 19- кестені толтырыңыз.
19-кесте
Экожүйе
|
Бәсекелестік
|
Бәсекелесті
к қай қор үшін жүреді?
|
Нәтижес
і
|
түрішілік
|
түраралы
қ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Экожүйеде энергия мен заттардың негізгі ағымының бағытын көрсетіңіз (дұрыс жауабын көрсетіңіз):
а) редуценттерден консументтерге, ары қарай продуценттерге; б) консументтерден продуценттерге, ары қарай редуценттерге;
в) продуценттерден консументтерге, ары қарай редуценттерге дейін бағытталады.
Биологтарға 50 м2 жасыл орманның бір сағатта бір адамның осынша уақытта тыныс алғанда бөлетін көмірқышқыл газының 40 грамын сіңіретіні белгілі. Бір сағатта 1га жасыл орман қанша көмірқышқыл газын сіңіреді және осы уақытта көмірқышқыл газының осындай мөлшерін қанша адам бөледі?
102 Агроценозда бидайдан басталатын 3-4 қоректік тізбектің сызбасын құрастырыңыз.
101- суреттегі орман биоценозының қоректік торының сызбанұсқасын құратындай, жануарлар
түрлерінің атауларын
бос тікбұрыштарға толтырыңыз.
101-сурет. Орман биоценозы
Сұлыны өсіру кезінде топырақта жауынқұрттардың болуынан өнім 54%- ке артқан. Агроценозда жауынқұрттар мен мәдени өсімдіктердің арасында қандай байланыс бар?
Су қоймаларының қоректік тізбектері өзара тығыз байланысты бірнеше деңгейлерден тұрады, бірақ су қоймаларының барлық тұрғындарының тіршілігі едәуір дәрежеде өсімдіктердің, әсіресе олардың өнімділігіне тәуелді. Неліктен екенін түсіндіріңіз.
Экожүйеде қоректік өзара қатынасты суреттейтін суретпен танысыңыз. Суретте неліктен тұтынушылар маңызды емес компонент деп аталынған. Берілген бірлестіктің өзін – өзі реттейтін жүйе екенін дәлелдеңіз.
102- сурет. Жерүсті экожүйесінің қоректік байланыстары
Продуценттері мен редуценттері ғана бар экожүйе тіршілік ете алады
ма?
Өсімдіктердің құрылымы мен құстардың түрлерінің әртүрлілігі бір – бірімен қалай байланысты?
Күн жердегі барлық энергияның бірден бір табиғи көзі, бірақ күн сәулесінің жер бетіне түскен энергияның барлығын организмдер толық пайдалана алмайды. Жасыл өсімдіктерге түсетін күн сәулесі ағынының жартысына жуығы сіңіріледі және сіңірген энергияның аз бөлігі (1/100-1/10 дейінгі) биохимиялық энергия түрінде жинақталады. Бұл процес қалай аталады және бұл процестің биосферадағы бүкіл тіршіліктің негізі екенін дәлелдеңіз?
Ылғалды экваторлы ормандардың 1гектарындағы өсімдіктердің массасы 10-17 центнерді құрайды, ал тап осындай аудандағы шөлде бұл шама 15-20 центнерге тең. Шөл экожүйесі өнімділігінің төмен болатын себебі неде? Жауапты түсіндіріңіз. Неліктен шөл экожүйесі тез бұзылатын тұрақсыз деп есептелінеді?
Балдырлардың әртүрлі түрлері мұхитта әртүрлі тереңдікте орналасады. Бірақ балдырлар 1000м. тереңдікте тіршілік ете алмайды. Балдырлардың өте тереңдікте тіршілік етуін қандай экологиялық фактор тежейді?
103-суретті пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: Консументтер экожүйеде қандай орын алады? Бірінші реттегі консументтер қалған консументтерге қарағанда қоректену әдісі бойынша қалай ажыратылады?
103-сурет (Б.Небел бойынша). Өсімдік қоректі және өлексе қоректі консументтердің өзара байланысы
Орыстың белгілі “Теремок” халық ертегісінде бақа, тышқан, кірпікшешен, қоян, қасқыр бір үйде тіршілік етеді. Шын мәнінде бұл жануарлар бір экожүйеде бірге тіршілік ете ала ма? Егер ия болса, бұл экожүйеге өсімдік бірлестіктерінің қандай құрамы тән болуы керек? Бұндай биоценоз қалай аталуы тиіс?
«Қараңғыда демалу»
Бір бай ханым өсімдіктердің ауаны тазарту қабілетін біле сала, қызметшілеріне өзінің желдетілмейтін бөлмесіне, қысқы бақтан 5 үлкен тропикалық өсімдіктердіі әкелгізді. Таңертең ханым оянғанда басы ауырғанын сезді. Содан кейін ол өсімдіктердің ауаны тазартпай, керісінше бұзады деп ұйғарды. Сендер ханымға оның қатесін қалай түсіндіресіздер?
104-сурет бойынша күрделі қоректік тізбекке талдау жасаңыз. Екі мүшелі, үш мүшелі қоректік тізбекке мысал келтіріңіз. Осы тізбекті құраушы ағзаларды атаңыз: продуцент—алғашқы консумент—екінші реттік консументті.
- сурет. Қорек торы: 1- продуценттер, 2- консументтер, 1, 3- консументтер, 11, 4-консументтер 111, 5- топырақ
Төменде келтірілген тұжырымдармен келісесіз бе ?
а) экожүйелердің өздігінен дамуының негізгі себебі зат айналымның тұрақты еместігі; б) экожүйенің өздігінен даму барысында түрлік құрамы өзгермейді; в) ағынсыз көлдің шөппен өсіп кетуі; г)өзінің тіршілігінің барысында қоршаған ортаны өзгертуге қабілетсіз экожүйені құрайтын түрлердің экожүйесінің өзіндік дамуы дап аталады; ж) толыққан бірлестік тұрақты; д) экожүйенің ауысуы кезіндегі тұрақсыз кезеңдерді толықпаған бірлестіктер; е) толыққан,
жетілген бірлестіктерге продуценттердің барлық өнімдерін консументтер тұтынады, ал жетілмегендерде – органикалық заттардың бір бөліктері зат айналымдардан шығарылады; ж) экожүйеге қатысты сыртқы факторлар жетілген бірлестіктерді тұрақты күйінен шығара алуға қабілетсіз.
Бес қоректік тізбекті құрастырыңыздар. Олардың барлығы да өсімдіктерден немесе өлі органикалық қалдықтардан басталуы тиіс. Бірінші жағдайда аралық буын жауынқұрты; екінші жағдайда- тұщы судағы масаның дернәсілдері; үшіншіде-үй шыбыны; төртіншіде май қоңыздарының дернәсілдері; бесіншіде- кебісшелі инфузория болуы керек. Барлық қоректік тізбек адаммен аяқталуы қажет. Тізбектің ең ұзын нұсқасын ұсыныңыз. Неліктен деңгейлер саны алты, жетіден аспайды?
Суреттегі обьектілерді пайдаланып, қоректік тізбектің мүмкін түрлерін модельдеңіз (105 сурет). Бір обьектіден екіншіге бағыттың көрсетілуі қандай принципті білдіреді?
- сурет (Б. Небел бойынша). Қоректік тізбектің мүмкін компоненттері
Еуропалықтардың жаңа жерлерді игеру тарихында төменде келтірілген мәлімет жақсы танымал. Жаңа ғана ашылған Жаңа Зеландия мен Аустралияға Еуропадан алғашқы қоныстанушылар да келе бастады. Олар бұрын бұл жерлерде өспеген жоңышқа екті. Жоңышқа құнарлы жерде өте жақсы өсті, бірақ өсімдік тұқымдар бермеді, сондықтан да көбейе алмады. Жыл сайын жоңышқаны егу үшін Еуропадан әкелуге тура келді. Жоңышқаның көбеймеу себебін түсіндіріңіз.
106-сурет. Шартты белгілер:
---- сирек қолдану
аз мөлшерде қолдану
— көп мөлшерде қолдану
Таутан балығының басқа түрлермен байланысты қоректік тізбегімен танысыңыз. Таутан балығы өте өнімді және қоректі көп пайдаланатын, бірақ аз өнім беретін балық, ал екінші жағынан өндірісте пайдаланылатын балықтар (алабұға, лақа) бунақденелілер мен масалардың дернәсілдерін, өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтарын көп пайдаланады.
107- суретті мұқият қараңыз. Дала деградациясының себебін түсіндіріңіз.
107- сурет. Дала деградациясы
Бұл кішкене өсімдік 1942 жылы Ирландиядан Англияға әкелінді. Бұдан алты жыл бұрын бұл өсімдік Канадаға орнығып, “оба” сияқты таралған. Бұл жерде “оба” түсінігі бұл өсімдікке өте дұрыс қолданылған, өйткені бұл өсімдік кеме өндірісіне зор шығындар әкелетін Англияның кеме жүзетін каналдары мен су қоймаларын толтырып, бітеп, кемелердің жүзуіне кедергі келтірген. Осы жағдайларды тудырушы өсімдікті атаңыз. Өзінің дамуының қандай ерекшеліктерінің арқасында ол жаңа территорияға тез бейімделеді.
Еуропаның жалпақ жапырақты ормандарында жыл сайын топыраққа шамамен бір га ауданға жүз кг азотты қайтарады. Егер ормандарда
жапырақтардың түсуімен әдетте топыраққа жылына 30-70 кг азот қана қайтарылатынын ескерсек, жауын құртының маңызының зорлығы анық. Калькуляторды пайдаланып 70 млн га аудан жерде Еуропада жалпақ жапырақты ормандардың топырағына жауын құрттары қайтаратын азот мөлшерін есептеңіз. Жалпақ жапырақты ормандарының жалпы ауданы 50 млн га-ға тең болса, топыраққа жауын құрттарының қайтаратын азот мөлшері қанша болады?
Шөл биогеоценоздарында түрлердің аз саны тіршілік етеді және олардың өнімділігі тундра биогеоценоздарының өнімділігіне ұқсас. Бұндай ұқсастықтың себебі неде? Биологиялық алуан түрліліктің санына бұл екі жағдайда да қандай экологиялық факторлар әсер етеді? Неліктен бұл экожүйелердің топырақтары қарашірікке кедей?
Деструкторлардың және продуценттер мен консументтер арасындағы байланыстарының мәнін түсіндіріңіз (108-сурет.). Детрит массасы мен қарашіріктің арасындағы байланыс қалай сипатталған? Детрит санының азаюы топырақтың, өсімдіктер мен өнімнің жағдайына қалай әсер етеді?
108- сурет. Детрит санының әсері (а) қарашірікке, (б) топырақ пен өсімдік санына әсері
Биогеоценоздардың біріне төмендегі қоректік тізбек тән: астық тұқымдастарышегірткелербақаларулы жыландарбүркіттер. Осы қоректік тізбектегі қандай организмдердің органикалық заттарының массасы ең үлкен болуы керек? Неліктен екенін түсіндіріңіз. Бүркіттің бес кг массасы болуы үшін, улы жыландардың массасы қандай болуы керек?
Голланд ғалымы Ван Гельмонд өте қызық тәжірибе жасаған. Ол кепкен топырақты алып бөшкені толтырған. Топырақ массасы 80 кг болған. Ғалым бөшкеге 2 кг болатын тал ағашының бұтағын отырғызды. Өсімдікті минералдық тұздардан ажыратылған таза жаңбыр немесе дистельденген сумен
суғарды. 5 жылдан кейін ағаш 60 кг массалы болып өсті. Топырақ массасы 79 кг 943 г-ға тең болды. 5 жылда ағаш массасы 58 кг-ға артып, ал топырақ массасы 57-ғана азайды. Өсімдіктердің мөлшерінің және массасының қандай факторлардың есебінен өскенін түсіндіріңіз.
10%-тік ережесін пайдалана отырып, 10 кг салмағы бір шортанның өсуі үшін қанша фитопланктон қажет екенін есептеңіз. (Қоректік тізбек мысалы: фитопланктон- зоопланктон-майда балықтар- алабұға- шортан). Шартты түрде әрбір қоректік тізбекті тек қана келесі деңгейдің өкілдері ғана қоректенеді деп есептеу керек.
Жалпы орманды экожүйенің және жеке өсімдіктер тобы үшін орманды шабу қалай әсер етеді?
109-суретте сандармен белгіленген бейнелерді қолдана отырып, батпаққа сай өсімдіктер мен жануарлардың қоректік тізбегінің сызбанұсқасын құрастырыңыз. Берілген тізбекте қай компонент басқа қоректік тізбекке көбірек қатысады?
109- сурет. Батпаққа сай қоректік тізбек
Адам демалғанда 1 сағатта 56 л оттегі жұтады. Осы көлемдегі оттегіде организмде қанша масса глюкоза тотығады?
Жыртқыштары мүлдем болмайтын жағдайда 1, 3, 5 және 10 жылдан кейін бұғылардың санының қанша болатынын есептеңіз. Бұғылардың санының өзгеруін уақытқа байланыстырып, график құрастырыңыз.
Өсімдіктер минералды қосылыстар мен көмірқышқыл газын сіңіріп, ультракүлгін сәулесінің әсерінен глюкоза синтездеп, оттегі газын бөледі. 20 конфет дайындау үшін қант қызылшасының жасыл жапырағы қанша көлемді СО2 сіңіреді (бір конфетте шамамен 10г қант болады)?
110-суретті мұқият қараңыз. Берілген суретте қандай экологиялық заңның мысалы келтірілген? Берілген суреттегі қоректік тізбектегі ағзалардың функционалды арақатынасын түсіндіріңіз.
110- сурет. Қоректік байланыстар
Экожүйенің қоректік құрылымымен мұқият танысыңыз: а) 6- сызбанұсқадағы таутан балығының қоректік тізбегі мен шартты белгілерімен; б) таутан балығының қоректік байланысындағы ағзалармен танысыңыз. Ұяшықтарға олардың сәйкес сандарын жазыңыз.
111- сурет. Таутанның қоректік байланысына қатысатын ағзалар
Шортан 7. Маса т.б. дернәсілдері
Алабұға 8. Өсімдіктер мен жануарлардың
Лақа органикалық қалдықтары.
4 .Шегіртке, шаян 9. Балдырлар
және т.б. дернәсілдері 10. Сақиналы құрттар
Майшабақ 11. Таспа құрты
Хилейдтер
Ғалымдар жарықта өсімдік жапырағы бір газ бөліп шығаратындығын дәлелдеді. Егер шынылы жабық ыдысқа тышқан мен жасыл өсімдікті бірге отырғызып, жарықта 7-8 күнге қалдырсақ, тышқан мен өсімдік екеуі де тірі қалады? Жабық ыдысқа отырғызылса да, неліктен бұл организмдертұншығып қалмады? Сынақ жүргізгенде жарықта өсімдіктер жапырағынан бөлінетін қандай газ анықталған? Бұл газдың дәл біз ойлаған газ екенін қалай тексеруге болады?
Көмір қышқыл газының органикалық заттар түзуде үлкен роль атқаратындығы белгілі. Биосферада көмірқышқыл газының қажеттігі мен зияндығы экологиялық қарама қайшылықтың мысалдарының бірі. Қандай экологиялық қарама қайшылық туралы сөз болып отыр?
Орманға өсімдіктердің ярусты орналасуы тән. Жоғарғы ярустағы
өсімдіктерді кесіп тастаса, қандай өзгеріс болады?
Энергия пирамидасының әруақытта ұшы жоғары бағытталған. Неліктен ол ұшымен төмен аударылуы мүмкін емес? Ал қандай жағдайда пирамида
«төңкерілуі» мүмкін.
141.112-суретті мұхият қараңыз. Суретте бірлестіктің қоректік байланыстардың қандай типтері көрсетілген
112 - сурет. Бірлестіктің қоректік арақатынасы
Ұзақтың жұптары балапандарына тәулігіне шамамен 1000 түрлі 40-45 г болатын бунақденелілердің особьтерін алып келіп отырады. Балапандарды 29-30 күн қоректендіреді. Популяцияның бастапқы тығыздығы бойынша бір шаршы м- ге шегірткенің бір дарағы келеді. 200 ұядан тұратын ұзақтардың бір колониясы балапандарын ұшырғанға дейін колониядан 3 км радиустағы зиянды шегірткелердің санын қаншалықты азайтатынын есептеңіз.
«Экожүйе» мен «биогеоценоз» терминдері бір – біріне ұқсас, бірақ бір мағыналы емес. Биогеоценоз биоценоз тәрізді, географиялық шегі бар, яғни олардың шекараларын көрсетуге болады. Сызбанұсқаны құрастырып, терминдердің қайсысының экожүйеге, қайсысының биогеоценозға жататынын
көрсетіңіз: орман ағашының кесілген діңі, тропикалық орман, биосфера, аквариум, егістік, саяжай, жалпақ жапырақты орман, тундра, аквариум, шалшық, шөлейт, қала территориясы, тайга, дүниежүзілік мұхит.
113-суреттегі ағзалар мысалында қоректік жүйеден қоректік тізбектің айырмашылығын түсіндіріңіз. Биогеоценоздағы қоректік тізбекті анықтау әдісінің практикалық мәні неде?
113-сурет
Әрбір экожүйенің тіршілік етуінің өзіне тән уақыты бар: біреулері- ондаған-жүздеген жыл, басқалары үшін өте қысқа уақыт. Экожүйелердің тіршілік ету ұзақтығы неге байланысты? Неліктен аралас орманмен салыстырғанда еменді орманның тіршілігі ұзағырақ? Неліктен ақ қайың тоғайымен салыстырғанда еменді орманды тұрақтырақ экожүйе деп есептейді? Экожүйенің тұрақтылығы неге байланысты?
Ағаштың жапырақтарымен қоректенетін зиянды бунақденелілерді құрту мақсатында ағаштың бөрікбасын ДДТ препаратымен тозаңдандыру, өңделген участокте барылдақ торғайдың және басқа құстардың түрлердің бірінің үш-төрт особьтерінің жоғалуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер бұл құстардың негізгі қорегі жауынқұрты болатын болса, бұл екі фактінің арасындағы байланыс неде? Бұл процестің сызбанұсқасын салыңыз.
Егер террариумдағы аш бақаға өлі бунақденелілерді салса, бақа оған тиіспейді. Неліктен? Тәжірибе жасап тексеріңіз және өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығын дәлелдеңіз.
Сұр бақаның тіршілігіне күніне ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері- 5 шырышты ұлуды жеу керек. Бір га ауданда шамамен 10 бақа тіршілік етеді. Жылдың жылы кезінде (мамырдан қыркүйектің аяғына дейін- 150 күн) 10 га аудан даласында бақалардың жоятын зиянкестерінің массасын есептеңіз.
Көл экожүйесіндегі баллдық қоректік байланыстарды қысқа сызбанұсқа ретінде бағдармен белгілеңіз: түзу сызықпен – продуценттерден консументтерге, ирек сызықпен – деструкторларға (114- сурет) дейін.
114 сурет. Көл экожүйесі
Колумбияның аудандарының бірінде ормандарға зиян келтіретін бунақденелілермен күресуде өте күшті улы химикаттарды бірнеше қайтара қолданған. Жақын өзендерде кенеттен лақа балықтары түгелімен жойылып кеткен. Жоғарыда көрсетілген фактілердің арасында қандай байланыс бар?
Детритофагтар мен редуценттер (115- сурет) өлі органикалық заттарды ыдырата отырып қоректенеді. Топырақта тіршілік ететін бактериялар мен саңырауқұлақтар (бірінші реттік детритофагтар) қарапайымдылар мен бунақденелілерге, құрттар мен қоңыздарға қорек болады. Детритофагтар мен редуценттерден басталатын қоректік тізбек құрастырыңыз.
115- сурет. Детритофагтар мен редуценттер
Балық шаруашылығында кеңінен форельдерді, тұқыларды және сазандарды кеңінен көбейтеді. Егер форельдер табиғатта негізінен су бунақденелілерінің дернәсілдерімен, сазандар- негізінен су өсімдіктерімен және фитопланктондармен, ал тұқылар аралас қоректенудің түрімен қоректенетіндерін ескерсек, энергетикалық тұрғыдан бұл балықтардың қайсысы арзанырақ болып шығады?
Адамның және майда құстардың немесе майда сүтқоректілердің энергияға тәуліктік қажеттілігіндегі үлкен айырмашылықты қалай түсіндіруге болады?
«Ұлылардың айтуы бойынша»
К.А. Тимирязев жазған: «Ең жақсы аспазшыға қажетті мөлшерде таза ауа, қажетті мөлшерде жарық және таза өзен суын беріп, одан осы берілген заттардан қант, крахмал, май және дән сұрасаңыз, ол адам сізді оны мазақ қылып тұр деп ойлап қалар еді. Бірақ, адамзатқа ғажайып құбылыс болып көрінетін, бұның бәрі өсімдіктің жасыл жапырағында жүзеге асады» ғалымның бұл баяндамасының мәнін түсіндіріңіздер.
Деструкторлардың, продуценттер мен консументтер арасындағы қатынастарының мәнін түсіндіріңіз (116- сурет.). Өсімдіктер тұрақты түрде үнемі биогенді элементтерді топырақтан сіңіруі, олардың таусылуына әкелмейді ме? Детрит массасы мен қарашіріктің арасындағы байланыс қалай сипатталған? Детрит санының азаюы топырақтың (қарашіріктің жоғалуы немесе жиналуы), өсімдіктер мен өнімнің жағдайына қалай әсер етеді?
116 - сурет. Деструкторлардың продуценттер мен консументтер арақатынасы
Жайылымдық және детриттік қоректік тізбектегі негізгі байланысты көрсететін жетіспей тұрған бағдарларды қойыңыз (117- сурет).
117- сурет. Жайылымдық және детриттік қоректік тізбек
Экологтардың ойынша, ауылшаруашылық өсімдіктерінің сорттары мен жануарлар тұқымдарын пайдалану экономикалық ғана емес, табиғатты қорғау мәселелерін де шешеді. Неліктен?
118-суретте сандармен белгіленген әртүрлі жануарлар көрсетілген. Бағдарлардың көмегімен дөңгелектерді сандармен байланыстыратын жеке қоректік тізбек құрастырыңыз.
118 - сурет. Әртүрлі ағзалар
Бір арыстанның тіршілігі үшін жылына елу зебра керек. Осы мәліметтерді пайдаланып, 4-5 қоректік деңгейден тұратын қоректік тізбекті құрастырыңыз.
Қоректік тізбек арқылы қоршаған ортадан өсімдіктерге түсетін заттар мен энергиямен қатар, тұрақты улы қосылыстар да беріледі. Олар аз мөлшерде организмге қауіпсіз, бірақ үнемі қоректенумен және қайтадан оралу нәтижесінде организмде жинақтала бастайды. Құрамында осындай улы заттары бар қосылыстармен қоректенген жануарлармен қоректенген жыртқыштар организмдерінде улы химикаттарды күштірек жинақтайды. Мысалы, жәндіктермен күресте қолданылатын ДДТ уының жыртқыштар немесе балық жегіш құстардың денесіндегі мөлшері оның судағы немесе топырақтағы мөлшерінен 500 000 есе жоғары. Уланудың нәтижесінде жыртқыштардың өлімінің көп болуы табиғатта көп кездеседі және ол адамдарға қоршаған ортаның ластануы туралы күшті дабыл болып табылады. Экологиялық жүйенің құрылу заңдылықтарын пайдалана отырып, бұл құбылысты түсіндіріңіз.
Қоректік тізбектерді сипаттауда бос орындарда болуға тиіс немесе бола алатын организмдерді көрсетіңіз:
а) гүлдердің шірінділері-шыбын-?- сары шымшық-?; б) сүрек-?-тоқылдақ;
в) жапырақтар-?-көкек;
г) тұқымдар-?-улы жылан-құтан; д) шөп-шегіртке-?-су жыланы-?
119-суретте қоректік тізбектегі бірлестікте әртүрлі орын алатын ағзалардың биомассасының пирамидасы суреттелген. Суретші қандай қателік жіберген?
119–сурет. Ағзалардың биомассасының пирамидасы
Құрлықтың өнімділігі аз, төмен экожүйелерден бастап, өнімділігі жоғарыға дейін орналастырыңыз (дұрыс жауабын көрсетіңіз):
а) тропикалық ормандарда; б) қоңыржай ормандарда;
в) далалар мен саванналарда; г) арктикалық шөлдерде;
д) субтропикалық ормандарда; е) ыстық шөлдерде;
ж) 3000 м-ден жоғары тауларда.
Табиғи сулардың өздігінен тазаруының 2 сатысы ажыратылады: шіру процесі тек ғана бактериялардың көмегімен оттегінің жетіспеуінен болады; балдырлардың, саңырауқұлақтардың, жануарлардың көмегімен қаныққан оттегімен ыдырауы. Қай суларда – ағын немесе тұрып қалған, суық немесе жылы суларда өздігінен тазару процесі тезірек болады және неліктен?
. Су экожүйелеріндегі алғашқа өнімнің ең жоғарғы өсімі болатын жүйені көрсетіңіз (дұрыс жауабын таңдаңыз):
а) қоңыржай белдеудің көлдері;
б) қоңыржай белдеудің мұхитының сулары; в) субтропиктердің мұхитының сулары;
г) тропиктердің мұхитының сулары;
д) жер шарының ыстық аймақтарының өзендерінің сағасы; е) мұхиттық экожүйе;
ж) солтүстік көлдері.
Қай ағзалардың көмегімен біріншілік және екіншілік өнімдер қалыптасады? 120–суретте бағытпен көрсетіңіз. Неліктен екіншілік өнімге қарағанда біріншілік өнімнің көлемі көп?
120-сурет. Алғашқы және екінші реттік өнімдерді қалыптастыратын ағзалар
Еуропа бөлігіндегі Ресейдің полярлы шөлдері фитомассасының ең аз қоры (15,8 ц/га ) және жылдық өнімділігі ең төмен (2,4 ц/га жылына) экожүйе болып табылады. Бұл экожүйелерде өсімдік қалдықтарының қорлары тірі фитомассаның қорларынан әлдеқайда көп. Бұл жерлерде өсімдік қалдықтарының ыдырауы қалай жүреді? (Дұрыс жауабын таңдаңыз):
а) өте тез жүреді; б) үздікті жүреді; в) өте баяу жүреді.
121 - суретте берілген ағзалардың көмегімен бірлестіктегі энергия ағынының сызбанұсқасын құрастырыңыз.
121 - сурет. Бірлестіктегі ағзалар
Сұңқармен қарым-қатынаста болатын организмдердің тізімін және бірнеше қоректік тізбекті құрастырыңыз.
Теңіз қиярлары өте көптеген жерлерде кең таралған, әсіресе арктикалық және антарктикалық суларда олар өте үлкен мөлшерімен ерекшеленеді. Теңіз қиярлары өндірістік балықтарға қорек болады (треска, пикша және т. б.). Жағалауларға келген өте көп санды трескалар бүкіл теңіз қиярларын жейді, нәтижесінде сельдь балықтарының санының азаюы орын алады. Теңіз қиярының да жыртқыш екенін, оның да басқа да гребневиктермен қоректенетінін ескеріп, қоректік тізбекті құрастырыңыз. Келтірілген фактілердің арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Адам экожүйесі болады ма?
«Тиімді тәбет»
Бұталар саваннасында жабайы шөп қоректі жануарларды үй жануарларына қарағанда 15 есе көп орналастыруға болады. Альберт ұлттық бағында (Танзания) өткен ғасырдың 50- жылдардың соңында бір шаршы километрге жануарлардың биомассасының 24 406 кг келеді. Ал Заирде тап осындай ауданда жануарлардың жалпы салмағы 1 шаршы км-ге 5 500 кг-ға тең келетін жартылай аш күйдегі үй жануарлары әрең тірі қалады. Жабайы жануарлардың салмағының жылдық өсуі бір шаршы км–де үй жануарларына қарағанда едәуір жоғары. Фактілерге түсіндірмелер ұсыныңыз.
Биологиялық жинақталу принципінің экологиялық мәні неде?
Табиғи эволюция тарихында жер бетіндегі алғашқы, ең көп санды және негізгі басты биосфера мекендеушісі-өсімдіктер болып табылады, бірақ оларға бунақденелілер және т.б. көптеген жануарлар үстемдік етеді. Ал олардың үстінен де үстемдік ететін жыртқыштар да бар. Ал бұларда тағы да өзінің бастықтарына бұйырады. Бұл жерде қандай экологиялық заңдылық туралы сөз қозғалған?
Дұрыс ұғымдардың нұсқасын таңдаңыз.
А. Жер бетіндегі зат алмасу толығымен толық болмайды.
Б. Экожүйлердегі зат айналымды тек қана ұқсас организмдердің тобы болғанда ғана жүзеге асырады.
В. Ортаның химизмі өзгерген жағдайда экожүйенің барлық компонентері экожүйенің тұрақтылық нәтижесінде өзгеріссіз қалады.
Г. Тірі организмдерің бір түрінің жойылуы экожүйенің толығымен жойылуына әкеп соқтырады.
Төменде келтірілген экожүйелердің типін (табиғи және жасанды) анықтап, кестеге толтырыңыздар.
А. Орман Б. Далалар
В. Су қоймалары Г. Шалғындық Д. Егістік
Е. Қала бағы Ж. Бау-бақша
3-4 деңгейден тұратын трофикалық тізбектің мысалын келтіріңіз. Бұндай тізбек үшін биомасса пирамидасын құрыңыз. Егер бірінші трофикалық деңгейдегі продуценттер биомассасы 10000 кг тең болған жағдайдағы пирамиданың барлық деңгейінің биомассасының мөлшерін есептеңіз.
Кейбір экожүйелерде продуценттердің массасы М1 тең. Осы экожүйеде тіршілік етуге қабілетті автотрофтардың, сол сияқты ет қоректілердің максималды массасын есептеңіз.
Жылына 20 кг тауық етін пайдаланатын адам қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, тауыққа жемдік дәннің қанша мөлшері қажет?
Тек қана өсімдік текті өсімдік пен жануарлар текті тамақтарын қолданатын адам трофикалық деңгейде кім болады?
CO2 түрінде зат айналымға көміртекті қосатын организмдері атаңыз?
К.А. Тимирязевтің «аспан мен жер арасын байланыстырушы өсімдік - нағыз Прометей, аспаннан отты ұрлаған өсімдік» деген сөйлемін қалай түсінуге болады?
Қорықтық далалар мен пішен шабындықтардың участоктарымен салыстырғанда жайылымдарда омыртқасыздардың қандай топтары салыстырмалы көп болады? Неге ?
Шөл және шөлейтті экожүйелерде кемірушілердің деструкторлық іс – әрекеттері қалай байқалады ?
Топырақ жануарларының ең алдымен қандай топтарына жырту әсер етеді ?
Үй малдарының белсенді жайылуы қан сорғыш насекомдардың санына әсер етеді ме ?
Дала биоценоздарында жануарлардың барлық түрлерінің дараларының саны 750 дана. Оның 235 – дала тышқандыры, 140 – сарышұнақтар, 290 – атжалмандар, 85 – суырлар. Дала экожүйесінде қандай түр доминантты түрге жатады ? Экожүйедегі доминантты көрсеткіштің маңыздылығы неде ?
Қоректік тізбектің соңғы звеносы балық қоректі аң және қоректік звеноларының саны мүмкіндігінше максималды болатын қоректік тізбекті құрастырыңыздар. Балықпен қоректенетін 25 кг массасы бар кәмшат тіршілігіне қажет балдыр массасын есептеңіздер.
Линдеман ережесін пайдалана отырып, массасы 5 кг сұңқар өсу үшін қанша шөп қажет екенін анықтаңыз. Шөп құрамындағы құрғақ зат мөлшері 15
% (Қоректік тізбек: шөп – сұңқар). Ескерту: әрбір трофикалық деңгейдегі организмдермен келесі деңгейдегілер ғана қоректенеді деп есептеу қажет емес.
Кейбір экожүйеде орташа массасы 50 кг – дық 60 дана шөпқоректі жануарлар тіршілік етеді. Олардың 100 г денесінде 150 ккал энергия жинақталған. 1 кг өсімдік тағамында 3000 ккал және 25 г ксенобиотиктер болатыны белгілі болса, жануарлар жейтін өсімдіктердегі ксенобиотиктердің массасын есептеңіз.
Ормандардағы фотосинтездің пайдалы әсер коэффиценті шамамен1 %, ал түлкінің 100 г денесінде 220 ккал энергия жинақталады. Орманның жоғары беткейлігіне 5,5 * 10 9 ккал күн энергиясы түсетін орманда орташа массасы 10 кг – дық түлкілердің (2ші қатардағы консументтер) максималды саны қанша болатынын есептеңіз.
Шамамен массасы 60 кг бір қасқырдың бір жыл бойы 20 гектарлық ауданда (өнімділігі 1м2/300г) қаншасы «қоректене» алады? Массасы шамамен 1,5 кг-ға тең қоянның қаншасымен қасқыр қоректенеді? Ескерту: қасқыр денесінің құрамындағы су мөлшері 60%.
Жарты сағат бойы жүгіруге жұмсалған 2100 кДж/сағ мөлшерді қалпына келтіру үшін, құрамында 35% какао-майы болатын қанша шоколад жеу міндетті? Энергияны меңгерудің пайдалы әсер коэффиценті 60% -ке тең. Ескерту: энергия көзі шоколадтағы тек май есебінен.
Ақ сазан өсімдік қоректі балық. Өзінің өсу мерзімінде ол қорекпен бірге 100000 кДж энергия пайдаланады. Меңгерілген қоректің үлесі 50%, өсуге меңгерілген энергияның 20%-і, ал қалғандары - тыныс алуға жұмсалған энергия (кДж) мөлшерін есептеңіз.
10 гектарлық бір бидай егістігінде жазда тышқандар 30кг дәнді жеген.
Жазғы уақыттағы тышқандардың биомассасының өсуі 0,02% өнімділікті құрайтыны белгілі болса, онда бидай өнімділігін есептеңіз.
Трофикалық деңгейінда үкі болатын қоректік тізбекті құрастырыңыз. Үкінің салмағы орташа 0,5 кг-ға тең болса, 10000 м2 (1 м2 500г бидай береді) аудандағы үкінің жұбы бидайдың неше %-ін қорғап қалатынын есептеңіз. Егер бір тышқанның салмағы 45 г тең болса, қанша тышқан желінгенін анықтаңыз.
122 - сурет. Үкі.
Көлде табан балық популяциясы маусымда орташа 200кг планктонды шаянтәрізділерді жейді. Шортанның бір дарағының рационында табан балық. Табан 40%-ті құрайтыны белгілі болса, бір жылдағы шортан популяциясында биомассаның жалпы өсімі қандай болады, егер желінген табан балықтардың биомассасы жаз бойғы биомассаның жалпы өсіміне тең келсе? Шортанның популяциясының саны 40 дарадан тұрады. Биомассаның ауысуы 10% ерекше бағынады.
Бір территорияда мекендейтін қаршыға мен орман күзені үшін бәсекелесуі мүмкін қорларды атаңыз
Суретте көрсетілген организмдер әртүрлілігіне қарамастан, қалайша бір экологиялық топтың ағзаларын құрайды. Бұл қандай экологиялық топ ?
А. Қи қоңызы Б. Ұлу В. Жауын құрты 123 - сурет. Жайылымдық экожүйенің организмдері
Бір ересек ағаш вегетациялық кезеңде 50-100 м3 оттегі бөліп шығаратыны белгілі болса , 1) бір адамның жылдық оттегіге қажеттілігін қанша ағаш қамтамасыз ете алады? 2) халық саны 500 мың адам болатын орташа қаланың барлық тұрғындарын оттегімен қанша ағаш қамтамасыз ете алады?
Экологиялық жүйенің және оның құрылымының көрнекті моделі ретінде Ю. Одум ұзақ саяхаттарға, мысалы, Күн жүйесінің планеталарына баратын космостық кемелерді ұсынды. Жерден кеткенде , адамдарда олардың бүкіл тіршілік қажеттіліктерін қамтамасыз ететін нақты шектеулі жабық жүйесі болуы керек, ал энергия ретінде күн сәулесінің энергиясын пайдаланады. Бұндай космостық кемелер бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік беретін барлық тіршілікке қажет маңызды абиотикалық компоненттерді (факторларды) толық регенерациялайтын жүйелермен жабдықталуы қажет. Онда организмдердің немесе олардың жасанды орын басушыларының өндіру, тұтыну және ыдырату процестері бір-бірімен үйлесімді түрде жүзеге асырылуы қажет. Космостық кемелердегі организмдердің органикалық заттарды өндіру, тұтыну және ыдырату процестерін қандай организмдер жүзеге асыруға қатысады? Осындай экожүйелердегі зат алмасу мен энергия ағыны қалай реттеліп отырады?
Достарыңызбен бөлісу: |