Р. С. Оразбаева



бет13/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
bioekologia-kniga

Есепті шығарыңыздар. Нақтылы экожүйеде энергетикалық бюджет негізінен төмендегідей сипатта болады. Экожүйенің биомассасы 3000 ккал/м2, ал ассимиляцияланған органикалық зат – 1500 ккал/м2 жұмсамай, метаболизмге қатыспайтын энергия – 750 ккал/м2. Биомассаға түскен энергияның барлық мөлшерін есептеңіз. Энергияның түсу және жұмсалу статьялары, яғни экожүйенің энергетикалық балансының сипаттамасы төмендегідей:

I – биомассаға түсетін энергия;
NA – метаболизмге қатыспайтын биомассаға түсетін энергия мөлшері;
A – тыныс алуға (R) және органикалық заттардың (P) синтезіне жұмсалатын энергия мөлшері;
Өнім алуантүрлі формада кездесуі мүмкін. G – өсу немесе биомассаның ұлғаюы; E – экскременттермен немесе секреция бөліністерімен бөлінетін органикалық заттардың ассимиляциялануы;
S – қор (майлардың жинақталуы) B – өнімнің Е бөлігінен қалғаны.
Бүкіл көрсеткіштерді жинақтау нәтижесінде, энергияның түсуі мен жұмсалуын
былай көрсетуге болады.
A = I – NA; P = A – R; P = G + E + S; B = P - E B = G + S.



    1. Ауыл шаруашылық экожүйелерінде табиғи биоценоздармен салыстырғанда өте тұрақсыз және антропогендік әсерлерге өте сезімтал, сондықтан оларда орын алатын әртүрлі өзгерістер анағұрлым тез жүреді. Әдетте егістік табиғи шалғындықпен байланысып көршілес орналасады(сурет 91 ). Егістік пен табиғи шалғындықтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыздар

.

  1. сурет. Егістік пен табиғи шалғындық




    1. Особьтардың дене пішінінің мөлшері экожүйенің энергетикалық сипаттамасына қалай әсер етеді?




    1. 92-суреттегі қоректік тізбектің 1,11,111трофикалық деңгейлерінде орналасқан экожүйенің құрамды компоненттерін көрсетіңіз.


  1. сурет. Қоректік тізбек мысалы.

    1. Қандай процестердің нәтижесінде энергия қорға жинақталады және тірі организмдер бөліп шығарады? Теңдеудің сызбанұсқасын және мысалдарын келтіріңіз. Афтотрофты «тыныс алу» геторотрофтыдан немен ерекшеленеді?

.

    1. 93-суретте көрсетілген қоректік торлар сызбанұсқасын талдаңыздар. Жайылымдық және детриттік қоректік тізбектер мысалдарын тауып, сипаттаңыздар. Бұл аталған тізбектердің ең негізгі айырмашылықтары неде?


  1. сурет. Орман қоректік торлар сызбанұсқасы




    1. Экологиялық жүйелер термодинамиканың заңдарына «бағына ма» ? Фотосинтез мысалы негізінде көрсетіңіз.




    1. Сіз консервіленген шаянмен (краб) тамақтандыңыз. Шаянның және басқа да мұхиттың гетеротрофтары қатысатын қоректік тізбектерді бастайтын жалпы продуценттердің түрлерін атаңыз.




    1. Энергетика тұрғысынан саяхатқа төмендегі тағамдардың қайсысын алу тиімді: сары майды, жарманы, көкөністі немесе етті? Жауаптарыңызды дәлелдеңіздер.




    1. Кейде жас буынға қоғамда өзінің нишасын табу қажеттілігін жиі есіне түсіреді. Қоғамда белгілі нишасын берік табу, онда өз орнын табатын адам үшін міндетті шарттарының иерархиялық тізімін құрастырыңыз. Мысалы: 1) квартира; 2) - ? 3) -?




    1. Өздігінен тазалауды қамтамасыз ететін қандай процестер экожүйеде жүреді? Нақтылы мысалдар келтіріңіздер.




    1. Дұрыс жауапты таңдаңыз. Көлдердің антропогендік қартаюларын баяулату үшін не қажет?

А) макробалдырларды өсіру;
Б) жыртқыш балықтарды өсіру;
В) жыртқыш балықтарды және шөпқоректі балықтарды өсіру; Г) шөпқоректі балықтарды жою;

    1. Экожүйе мен «конструктор немесе құрылысшы» сияқты балалар ойыншығының арасынан жалпы қандай ұқсастық табуға болады?




    1. Төмендегі ұсынылған нұсқалардан дұрыс жауапты таңдаңыз. Жүйенің иерархиялых үш төменгі деңгей ережесі:

А. Жүйенің иерархиялық үш төменгі деңгейінің бұзылуы оны өлімге алып келеді.
Б. Жүйенің иерархиялық үш төменгі деңгейі кез келгенінің оның өліміне алып келеді.
В. Жүйенің иерархиялық үш деңгейінің бұзылуы оңың бұзылуына және өлуіне алып келеді, өйткені ол өзіндік реттелуге қабілетті.
Г. Жүйенің иерархиялық үш және одан төменгі деңгейінің бұзылуы оның өліміне алып келеді.



    1. Организмдер ағзалардың екі үлкен тобына бөлінеді: автотрофтылар және гетеротрофтылар. Бұл ағзалар қандай негізгі белгілері бойынша ажыратылады?

Тышқан, тиін, өрік, жаңғақ, таңқурай, бидай, түймедақ, түлкі, шаян, балық, құстар, адамдар, сазан, акула, жайын, шырмауық, сұңғыла, қоян, үкі, бүркіт қандай топқа жататынын анықтаңыз.



    1. Дұрыс ұғымдардың нөмерін таңдаңыз.

А. Экожүйедегі зат айналымын қолдану үшін абиотикалық заттар, продуценттер, консументтер және редуценттер қажет.
Б. Экожүйедегі зат айналым тұрақты сырттан келмейтін энергия ағымынсыз мүмкін емес.
В. Бірлестікттердегі қоректік байланыстар ондағы зат айналым мен энергия ағымын қамтамасыз етеді.
Г. Биоценоздардың күрделі трофикалық торларындағы энергия ұзақ уақыт бойы бір организмнен басқасына ауысып жүре алмайды.



    1. Трофикалық тізбектерді құрастыру ережелеріне жататын ұғымдардың дұрыс нөмірін таңдаңыз.

А. Қоректік тізбектер тұйық болу керек
Б. Қоректік тізбектер шексіз ұзын бола алады, ол қоректік торларда көрсетіледі
В. Қоректік тізбектер салыстырмалы түрде қысқа Г. Қоректік тізбектер детриттен басталмауы мүмкін
Д. Паразитті қоректік тізбектер өсімдік қоректік жасушалардан бастауы мүмкін.



    1. Экожүйедегі түрдің санын жеткілікті түрде болжау үшін, түрге тән қандай сипаттамаларды білу керек?

    2. Төмендегі анықтамалар негізінде нүктелер орнына, дұрыс терминді жазыңыз.

А. Зат айналым жүзеге асатын организмдер мен неорганикалық компоненттердің кез келген жиынтығы-…....... :
Б. Бір бірімен зат алмасу және энергия ағыны арқылы белсенді қарым қатынаста болатын тірі компоненттердің белгілі бір құрамы мен өлі табиғаттың факторларының жиынтығы бар жер бетінің біркелкі учаскесі-…...... :
В. Өз денесін неорганикалық қосылыстардан құруға қабылетті экожүйенің автотрофты организмдер
Г. Дайын органикалық заттарды жұтатын экожүйенің гетеротрофты организмдер-…............. :
Д. Өлі органикалық заттардың есебінен экожүйедегі тіршілік ететін организмдер -…............ :
Е. Бастапқы қоректік заттардың энергиясымен материалдарын жүйелі түрде пайдаланатын түрлердің өзара байланысты тізбектері -…....... :
Ж. Фотосинтездеуші организмдерден басталатын трофикалық тізбектер-….
З. Өсімдіктердің өлі бөліктерінен, жануарлардың өлекселермен экскременттерінен басталатын трофикалық тізбектер -…. :
Л. Уақыт бірлігіндегі өсімдіктер түзетін органикалық масса -…. :
М. Уақыт бірлігіндегі экожүйедегі консументтер массасының ұлғаюы-
….............. :
Н. Жалпы бүкіл бірлестіктегі немесе осы берілген экологиялық топтағы организмдердің жалпы массасының жиынтығы-…...... :



    1. Түтінді өндірісті өнеркәсіптің маңындағы ормандарда төсеніштер жинақтала басталады. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады және бұл орманның болашағы жөнінен қандай болжам жасауға болады?




    1. Адамның егістіктерден өнім ретінде жинаған заттардың ерте ме, кеш пе өңделген күйінде қайтадан қоршаған ортаға оралатыны белгілі, онда жер бетінің топырақ жамылғысының құнарлылығы неліктен төмендейді?




    1. Әртүрлі экожүйедегі жасыл масса мен өсімдіктің өлі қалдықтарының ормандағы және далалардағы құрғақ өнім қалдықтарының жыл сайынғы өсуін салыстырыңыз. Қандай экожүйелерде зат айналым қарқындырақ жүретінін анықтаңыздар?

    2. Қасқырлар мен арыстандарды (89-сурет) бір трофикалық деңгейдің жануарлары деп есептеуге болады ма? Өйткені олар:

А. Өсімдік қоректі жануарлармен қоректенеді
Б. Өзінің қорегінің 10 пайызын ғана пайдаланады В. Құрлықта тіршілік етеді
Г. Ірі денелі
Д. Олардың қоректерінің құрамы алуан түрлі
9
4-
су ре т. Бі р тр
офикалық деңгейдің жануарлары



    1. Жаңбырлы тропикалық ормандардың күрделі экожүйелерінде топырақ биогенді элементтерге өте кедей, бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? Неліктен тропикалық ормандар бұрынғы қалпына келе алмайды?




    1. Қоректік тізбектенудегі ластаушылар концентрациясы қалай өзгереді? (көптеген ластаушылар қоршаған ортаға бөлінбей, организмдердің клеткалары мен ұлпаларында жинақталады) олар тұтынылатын тамақтың, түріне байланысты адам организміне қандай дозаларда түседі?



63 . Неліктен адам тамаққа пайдалануы үшін өсірілетін жануарлардың көбісі өсімдік қоректі?





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет