Р. С. Оразбаева



бет12/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Байланысты:
bioekologia-kniga

5 . 85-суретті мұқият қараңыз.

  1. Суретті сандармен белгілеңіз: I – продуценттер, II – консументтер;

1 –шөпқоректілер, 2 – өлексемен қоректенетін, 3 –бәрімен қоректенетін.

  1. А, Б, В қоректену тізбектері қанша компоненттерден құралған ?

  2. «Жыртқыш – жемтік» және «қожайын – паразит» қоректік жүйесіндегі және қоректік байланыстағы ағзалардың түрлерінің сәйкестіктерін анықтаңыз.




  1. сурет. Қоректену тізбегінің әртүрлілігі




    1. Төмендегі жануарлардың қайсысы екінші реттік консументтерге жатады: сұр атжалман, піл, жолбарыс, дизентериялы амеба, сарышаян, өрмекші, қасқыр, көжек, тышқан, шегіртке, қолтырауын, қаз, түлкі, алабұға, дала тасбақасы, жүзім ұлуы, дельфин, колорада қоңызы, сиыр цепені, кенгуру, қанқыз, ақ аю, бал арасы, қансорғыш маса, шегіртке?

    2. Суық торғай күніне өзінің салмағындай бунақденелілермен қоректенеді. Олардың көбісі мәдени өсмдіктердің зиянкестері. Суық торғайлар бунақденелілер мен мәдени өсімдіктерге қалай әсер ететінін (тіке немесе жанама) мысалдар келтіріп түсіндіріңіз?




    1. Өсімдіктер өздері сіңіретін судың 99,98 %-ын буландырады. Суға тапшы жылдары суды сіңіру көбіне тамыр көмегімен жүзеге асады, бұл кезде өсімдік алдымен солып, ұзаққа созылған құрғақшылқта өсімдік тіршілігін жояды. Өсімдіктің жерасты бөліктері тамыр жүйесінің өліміне неліктен себеп болады? Мәдени өсімдіктерді құрғақшылықтан қалай қорғауға болады? Буланусыз өсімдік тіршілік ете алады ма?

    2. Құрылыс және грунт суларының деңгейінің көтерілуі нәтижесінде топырақтың ылғалдану дәрежесі егер ұлғайса, қандай өзгерістер болуы мүмкін және неге?

    3. Шампиньоннан (саңырауқұлақ) жасалған салатты жеу кезінде сіз қай қоректік тізбекте және қай трофикалық деңгейдесіз?

    4. Тағамның көптеген өнімдері

      термикалық

      өңдеу

      энергетика

      тұрғысынан

      екі

      маңызды

      артықшылық

      береді.

      Екеуін де

      атаңыз.







    5. 86- суретте көрсетілген емен орманындағы қоректік торлардағы әртүрлі трофикалық деңгейлерді анықтаңыздар. Неліктен барлық қоректік тізбектер продуценттерден басталады?




  1. сурет. Емен орманындағы қоректік торлар




    1. Жаңа туылған бұзау қай трофикалық деңгейде орналасқан?

    2. Адам бақшаны су құйғышпен суаруға энергия жұмсайды. Суды скважинадан электронасос арқылы тартатыны белгілі болса, бақшаны суару кезіндегі энергияның трасформациясының сызбанұсқасын сызыңыз.

    3. Төменде келтірілген варианттардан дұрыс жауаптарды (0-ден 5-ке дейін) көрсетіңіз. Фитогенді факторларға жатпайтын процесс:

А) ормандағы көртышқандардың қазу іс-әрекеті
Б) өлі органикалық заттардың бактериялармен ыдырауы В) жер үсті өсімдіктердің суды сіңіруі және буландыруы Г) адамның орманды шабуы
Д) жергілікті жылу режимінің өсімдіктер арқылы реттелуі



    1. Экожүйедегі зат айналым қандай процестердің есебінен жүзеге асады? а) судың айналымымен бірге желдену процестерінің есебінен

б) судың айналымымен бірге желденумен және еру процестерінің есебінен
в) судың айналымымен байланысты процестермен тірі организмдердің өзара қарым-қатынасымен байланысты



    1. 87-суретте көрсетілген түр қандай экологиялық қуысты меңгерген?




  1. сурет. Сұр қоян

    1. .Алтыншы трофикалық деңгейде болу үшін қандай организмді жеу керек?

    2. Редуценттері болмайтын немесе олардың іс-әрекеттері әлсіз байқалатын экожүйелердің халі қандай болады? Мысал келтіріңіздер.




    1. Төменде келтірілген варианттардан дұрыс жауапты таңдаңыз. Паразиттер арасында басымдылықты көрсететіндер, олар:

А) қожайынын өте ерте өлімге соқтырады.
Б) қожайынын ұзақ уақыт бойы пайдалануға қабілеті В) «Қалжырат және жой» принципімен әсер етеді
Г) «Қалжырат және жойма» принципімен әсер етеді.



    1. Дұрыс түсініктердің нөмірлерін (0-ден 4-ке дейін) таңдаңыз.

А). Белгілі бір шегінде ғана әрбір экологиялық фактор организмге қолайлы әсер етеді.
Б) . Экологиялық фактордың қолайлы әсер ету аймағы рецессивті зона деп аталады.
В) . Экологиялық фактордың қолайсыз әсер ету аймағы рецессивті зона деп аталады
Г) . Айдарлы бозторғай орта температурасына қатысты эвритүр болып табылады.



    1. Дұрыс жауапты таңдаңыз. Қоршаған ортаның қандай факторлары дала экожүйесінің қалыптасуына анықтаушы әсер етеді?

А) бедер және күн радиациясының қарқындылығы
Б) жел және ортаның ылғалданудың дәрежесінің жеткіліксіздігі В) ортаның ылғалдығы және кеміргіштердің әсері
Г) ылғалдылықтың жетіспеушілігі, тұяқтылардың жайылуы және өсімдіктің құрғап кетуі.



    1. Тек қана энергияны бөлетін және ешқашанда оны қорға жинақтамайтын экожүйені шартты түрде табиғатта кездестіруге бола ма?




    1. Төменде келтірілген әртүрлі экожүйелердің төрт компоненттерінен тұратын қоректік тізбекті құрастырыңыздар: тайга зонасының; тундра зонасының; дала зонасының жалпақ жапырақты орманның; саваннаның; ылғалды тропикалық орманның мекендеушілерінен.




    1. Қандай жағдайда биожүйелерде энергияның жинақталуы жүзеге асады? Мысал келтіріңіз




    1. Дала экожүйесінде белгілі бір себептерден тұяқтылар жойылып кетсе, не болар еді? Фитомассаның күрт өсуі орын ала ма? Қандай жағдайда экожүйедегі анағұрлым өзгеріс жүзеге асады?





  1. сурет. Тұяқты жануарлар




    1. Неліктен табиғат «қалдық қоқыс» деген түсінікті білмейді? Түсіндіріңіз.




    1. Тұщы су қоймасына тән үш компоненттен тұратын қоректік тізбекті құрастырыңыз.




    1. Экожүйе энергетикасын адам өзгерте алады ма? Мысал келтіріңіздер.




    1. Организмдердің гипопетикалық қоректік тізбегіндегі жетіспейтін звеноларды толтырыңыздар:

а) бірклеткалы балдырлар → бұтақ мұртты шаяндар → ... →. →
бактериялар;
б) ит бүлдірген → қоңыр аю → ... →істік тұмсықты бақа →. → бактериялар;
в) ... → жапырақжеуші ... → қаршыға → ...



    1. Суретте келтірілген қоректік торларды қандай қоректік тізбектер құраған және олардың арасындағы байланыстарды көрсетіңіздер.





  1. сурет. Қоректік торлар

    1. Дұрыс жауапты таңдаңыз. Фотосинтез, бұл-

а) жасыл өсімдіктердің, балдырлардың клеткасында көмір қышқыл газынан және судан жарықтың әсерінен оттегін бөлу арқылы органикалық заттардың түзілуі
б) территорияның біртекті участогінде бірігіп өсетін өсімдіктер бірлестігі немесе жиынтығы.
в) температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және т.б. физикалық қасиеттердің қалыпты жағдайдан ауытқулары орын алатын қоршаған ортаның ластануы
г) тіршілік ету барысында микроорганизмдердің қатысуымен аммиактың, тотығуынан түзілген энергия есебінен көмірқышқыл газынан органикалық заттардың синтезделуі жүретін процесс
д) тіршілік ету барысында микроорганизмдердің қатысуымен күкіртсутектің тотығуынан түзілген энергия есебінен көмірқышқыл газынан органикалық заттардың синтезделуі жүретін процесс.



    1. Қоңыржай климатты аймақта жасыл өсімдіктердің күн энергиясын сіңіру қарқындылығы орташа 20 000 кДж/ (м2 тәулігін). Сіңірілген энергияның 1,2 %- ы фотосинтез процесіне жұмсалады. Егер тәуліктік оттегіге қажеттілік 700 г–ға тең болса, жасыл өсімдіктердің қанша ауданы адамды оттегімен қамтамасыз етеді?




    1. Неліктен кейбір өсімдіктер қоңыржай климатты жағдайда қалыпты өскенмен, гүл түзе алмайды. Бұл құбылысты түсіндіреміз.




    1. Күн ұзақтығы оңтүстік және солтүстік өңірлердің өсімдіктердің өнімділігіне қалай әсер етеді?




    1. Өсімдік әлемі жыл сайын көктемде өртенетін аралдарда қандай құбылыс орын алады? Жануарлардың түрлік құрамына бұл құбылыс қалай әсер етеді?




    1. Орман

экожүйесінде кездесетін қоректік тордағы трофикалық деңгейлерді анықтаңыздар және қоректену тізбегіндегі сандармен белгіленген организмдерді жазып көрсетіңіздер.



  1. сурет. Орман экожүйесінің мысалы



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет