Өзінше хоббиі болған жаңа ғылымды-экологияны «табумен» қатар
Э. Геккель өзінің негізгі мамандығының шеңберінде атақты, белгілі биогенетиканың заңын шығарды: даралардың жеке дамуы (онтогенез) түрдің эволюциясының негізгі кезеңдерінің (филогенез) қысқа және тез қайталануы болып табылады. Осы заңды экологиялық сукцессияға пайдалануға бола ма?
Нақтылы территорияда 20жыл ішінде белгілі бір экожүйелерге тән құстардың түрлік құрамының ауысуы жүзеге асады. Әуелі территорияда құстардың бір түрлері (мысық торғай, сарғалдақ, сары торғай, қызыл), сосын басқа түрлері ұя салады. Бұл құбылыс немен байланысты? Дұрыс жауапты таңдаңыз:
А). Сукцессия процесінің қысқа ұзақтығымен;
Б) Орман экожүйелерінің ауысу жүрісіне үлкен әсер ететін топырақ жағдайларының өзгеруіне байланысты;
В) Алғашқы экожүйенің дигрессиясымен ( алғашқы экожүйеге антропогенді әсерімен) байланысты;
Г) Экожүйенің даму процесінде екінші құстар тобының түрлері қоршаған ортаға бейімделушілікпен түрдің шыдамдылық шегі төменірек бірінші топтың түрлерінің өкідерінің бәсекелестігі нәтижесінде ығыстырып шығарды;
Экологияның анықтамаларына сүйене отырып, дұрыс жауапты таңдаңыз: А) Экология табиғат пен адамның қарым-қатынасын зерттейтін ғылым;
Б) Біздің ауданда орман өртінен кейін экологиялық жағдай күрт нашарлап кетті;
В) Табиғатты пайдаланудың теориялық негізі - экология;
Г) Экология – түрлердің бір-бірімен қарым-қатынасы туралы ғылым.
Кестеде бос қалған ұяшықтарды толтырыңыз: қай бағана сукцессияның бастапқы кезеңін, ал қайсысы – соңғы кезеңді сипаттайды?.
18-кесте.
Сукцессияның әр түрлі кезеңдеріне тән өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
Сипаттама
|
?
|
?
|
Тұқымдар саны
|
Көп
|
Аз
|
Тұқымдар мөлшері
|
Майда
|
Ірі
|
Тұқымдардың таралуы
|
Желмен жануарларға жабысады;
|
Тартылу күшінің
әсерінен, жануарлар жұтады.
|
Тұқымдардың
өміршеңдігі
|
Ұзақ; Топырақтағы
тыныштық кезеңі
|
Қысқа
|
Тамырлар мен
|
Төмен
|
Жоғары
|
өркендердің санының
қатынасы
|
|
|
Өсімдік өсуінің
жылдамдығы
|
Жоғары
|
Төмен
|
Ересек күйдегі
өсімдіктердің мөлшері
|
Майда
|
Ірі
|
Көлеңкеге
шыдамдылығы
|
Төмен
|
Жоғары
|
Тайга ормандарын климаксты күйдегі бірлестік ретінде қарастыруға болады ма ? Жауапты дәлелдеңіз.
124-суретті қараңыз. Бұл жерде қандай табиғи процесс суреттелген? Болған өзгерістің себебі неде? Ағынды көлдерде бұл процесс байқалады ма? Неліктен екенін түсіндіріңіз?
124-сурет
Жайылымдық экожүйелердегі антропогендік трансформация қандай құбылысқа әкеледі ?
80 жыл бойы азотты тыңайтқыштарды қолдану барысында шалғындағы 49 түрлі өсімдіктен 3 түрі ғана қалған. Тыңайтқыштарды қолданбаған жерде түрлертолығымен сақталған. Бұл құбылыстың себебін түсіндіріңіз.
Аквариумды биоценозда табиғи бірлестікті ұйымдастырудың қандай принциптерін ескеру керек?
Екі түрдің сандарының өсуі мөлшері және тиімділігі шектелген тіршілікке маңызды бір қормен шектелетін болса, екі түр шектеулі кеңістікте
125-сурет
бірге тұрақты тіршілік ете алмайды деген түсініктің дұрыстығын дәлелдеңіз. Мысал келтіріңіз.
Біріншілік және екіншілік сукцессияның табиғи бірлестіктегі сызбанұсқасын құрастырыңыз.
125-суретті мұқият қараңыз. Мұнда табиғаттың қандай құбылысы суреттелген? Болған өзгерістердің негізгі себептерін көрсетіңіз. Неліктен жаңа түрді енгізу тұрақты экологиялық жүйенің бұзылуына алып келеді?
Егер де аралас орманда ағаштар саны азайып, бұталар мен шөптесін өсімдіктер саны көбейген жағдайларда қандай өзгерістер байқалуы мүмкін?
Сіз зерттейтін экожүйедегі алғашқы өнімнің түзілу жылдамдығы 900 кДж/м2 жылына, ал осы экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге энергияның 890 кДж/м2 жылына жұмсалады. Экожүйенің сукцессия типін анықтаңыз.
Экологтардың ойынша майда масштабты бірлестіктердің бір-біріне ауысуы ірірек экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Осы көзқарасты қолдауға болады ма?
Шыршалы-орманның табиғи қалпына келу уақытын қысқарту үшін тауларда орманды шабуда нені басшылыққа алу керек?
Экологиялық сукцессияны сипаттайтын төменде келтірілген түсініктердің қайсысын сіз дұрыс деп есептейсіз? Олардың сәйкес номерін дөңгелекпен белгілеңіз.
Сукцессия процесінде бірлестіктің түрлік құрамы үздіксіз өзгереді.
Бірлестіктің түрлік құрамы тұрақты болып қалады.
Түрлік құрамның сукцессиялық өзгеруінің негізгі факторы жыртқыштық болып табылады.
Түрлердің алуан түрлілігі төмендейді. 5.Түрлердің алуан түрлілігі жоғарылайды.
6. Органикалық заттардың биомассасы төмендейді.
7 . Органикалық заттардың биомассасы жоғарылайды.
Бірлестіктің таза өнімі төмендейді.
Бірлестіктің таза өнімі жоғарылайды.
126-суретті қараңыз. Мұнда табиғаттың қай заңдылығы суреттелген? Берілген мысалды осы заңдылықпен түсіндіріңіз.
126-сурет
Биотоптағы экожүйелердің ауысуына апатты жағдайлар да әсер етеді, бірақ бұл жағдайда биотоптың өзі де өзгереді. Мысалы өрттен кейін сукцессия процесі орын алады. Суретте көрсетілген өрттен кейінгі және өрттен екі жылдан кейінгі бірлестіктің күйлерін сипаттаңыздар.
сурет. Өрттен кейінгі(сол жақтағы) және өрттен екі жылдан кейінгі (оң жақтағы) бірлестіктің ауысуы
Барлық жағдайда орман кезеңімен аяқталатын қандай сукцессия ұзағырақ? Мысалдар келтіріп, осы сукцессиясының кезеңдерін атаңыз.
Көлдің батпаққа айналу немесе ауысу себептерін анықтаңыз. Биогеоценоздың ауысуының қандай себептерін ішкі, ал қайсысын сыртқы деп есептеу керек?
Орманды аймақтарда жыртылған жерлерде бірнеше жылдан кейін, егер адам бұл жерде мәдени өсімдіктерді екпесе, қандай өзгеріс болады?
Сукцессия –экожүйелердің біртіндеп ауысуы; ортаның абиотикалық жағдайларына сәйкес келетін бірлестіктің пайда болуы. Егер экожүйелердің табиғи өзгеруі сукцессия типі бойынша жүрсе, онда адамдардың араласуы қандай өзгерістерге әкеледі.
Жазықтықта шыршалы орманды кескеннен соң оның қалпына келу
үшін 100-150 жыл қажет. Тау шатқалдарында тап осы процесс 500-1000 жылға созылады. Бұл неге байланысты? ( Дұрыс жауабын көрсетіңіз).
А) Шыршалы орманды қалпына келтірудің аралықты кезеңдерінің өсімдік
түрлерінің тауларда болмауынан;
Б) Таулардағы ерекше ауа- райының жағдайларына;
В) Орманды кескеннен кейін топырақтың жуылуы.
128-.Суретте көрсетілген гетеротрофты сукцессия қандай жағдайларда қалыптасады?
сурет. Гетеротрофты сукцессия мысалы
Табиғатта тұрақсыз бірлестіктердің тұрақты түрге дейін дамитын қабілеті бар. Онда антропогендік әсерден бұзылған биоценоздар мен экожүйелердің қалпына келуі туралы проблемалар неліктен адамзатты мазалайды?
Берілген мысалдардан бастапқы сукцессияның мысалын көрсетіңіз:
а) броконьерлердің іс-әрекетінен құндыздардың сирек популяцияларының құруы нәтижесінде экологиялық қуыс басқа жануарлармен толтырылады;
б) апаттық жағдайлардың әрекетінен өзендердің арнасының жабылып, су біртіндеп ақпайтын суға айналады;
в) жыртқыш жануарлар санының күрт өсуі нәтижесінде кемірушілер саны ең аз шамаға жеткізіледі;
г) жемтік жануарлар санының күрт өсуі;
д) топырақтары жоқ, жалаң тау жыныстарынан немесе өмірі жоқ жерлерден басталатын тіршілік.
Аляскадағы жабайы Карибу бұғылары табиғи жағдайларда өздері жайылымдарға өтеді, сондықтан эскимостарда жайға көшу деген дағдылары жоқ. Лапландиядан солтүстік бұғысының Аляскаға қоныс аударуы кезінде сәтті бейімделу болған жоқ. Бұл жағдайдың экологиялық салдары қандай? Аляскадағы жабайы бұғылардың қатысуымен трофикалық тізбектің сызбасын құрыңыз және оның мысалында ықтимал экологиялық салдарының механизмін түсіндіріңіздер. Бұл мысал қандай сукцессияны көрсетеді?
Антропогендік әсер себебінен пионерлі кезеңнің бірінде аутогенді сукцессияның барысы үзілсе не болады? Осындай жағдайда орын алатын өзгерістерді түсіндіріңіздер.
Антропогенді ?
Климакстық экожүйе ?
(қарағай, ольха, кәдімгі көктерек Аутогенді
Зоогенді ?
87- сызбанұсқа. Сукцессияның әр түрлі түрлерінде бастапқы кезеңдері.
Маусым айының соңында тұзды көл экожүйесінде көк-жасыл балдырлардың (Cyanophyta) жаппай көбеюі байқалды. Популяциялық динамиканың және биотикалық, абиотикалық факторлар сипатамаларын қолдана отыра, берілген құбылыстың пайда болу уақытын түсіндіретін жорамалды ұсыныңыз.
Қайыңды орман орнында екінші реттік пирогенді сукцессияның сызбасын ұсыныңыз. Сукцессиялық қатар бойында экожүйе шегінде биоценоз таралуы мен тік құрылымы қалай өзгереді?
Сіз таңдаған кез келген экожүйенің екінші реттік аутогенді сукцессияның сызбасын құрыңыз.
Өсу уақытынан ересек жасына дейін (75 жас) «Урга» ұлттық бағының қарағайлы орманында құмырсқалардың қоныстану динамикасын зерттеу кезінде, бірге тіршілік ететін құмырсқалар түрлерінің келесі түрлік алуантүрлілігінің өзгерістері байқалды. Сукцессиялық өзгерістер кезінде
қандай өзгерістер болады және олар сукцессиялық көрсеткіштерімен қалай байланысқан? Сукцессияның әр түрлі кезеңдеріндегі осындай алуантүрліліктің түзілу себептерін түсіндіріңіздер.
Аумақтағы құмырсқалар түрлері саны
129-сурет. Әртүрлі жастағы орнатулардағы бірге тіршілік ететін құмырсқалардың алаңдарын бөлу:1-2-5 жас (п=44); 2-6-15(п=57); 3-16-25
(п=38); 4-26-35 (п=28); 5-36-45
(п=44); 6-46-55 (п=38); 7-56-65
(п=38); 8-66-75 (п=37)
Суретте келтірілген шалғындық-уақытша бірлестік
болып есептелінеді. Ол едәуір уақыттан кейін, ол да уақытша бірлестікке жататын майда жапырақты орманға ауысады. Бұл уақытша бірлестіктердің соңғы климаксты жағдайдағы орманның қандай типіне ауысады?
сурет. Шалғындық
Неліктен бөтен жақтың өсімдіктерінің түрлері көбіне жолдардың жағалауларында, үйінділерде, өзен жағасында, жыртылған жерлерде және т.б. осы сияқты мекен орынындарында бекініп, жергілікті өсімдік әлеміне енеді, бірақ бұл өсімдітер ормандарда, шалғындықтардыа немесе далаларда жерсіне алмайды?. Бұл құбылысты түсіндіріңіз.
Экожүйенің өзін-өзі реттеуі және өзіндік дамуы әртүрлі масштабта өтеді. Желден құлаған ағаштардан қайтадан орман түзілу үшін, бірлестіктің қайтадан қалпына келу процесі өте ұзақ. Өсімдік әлемінің немесе жануарлардың бұрынғы қалпына келуі ондаған жылдарға созылады. Егер бұзылған жер ауданы неғұрлым үлкен болса, қалпына келу процесі соғұрлым ұзаққа
созылады. Жаппай кесіп тасталынған немесе өрт болған бірлестіктің қалпына келуі үшін 100-200 жыл уақыт керек. Бұл процесс қалай аталады?
Достарыңызбен бөлісу: |