Табиғатта кездесетін «жемтік – жыртқыш», «қор – тұтынушы», «паразит
қожайын» жүйелерінің арасындағы ұқсастықты талдауда, тірі табиғаттағы және адам қоғамының әртүрлі жүйелерінің элементтерінің арасындағы қатынастардың формаларының арасында негізгі орындардың басшысын қосарлы қарым-қатынастардың алатынын байқау қиындыққа соқпайды. Төмендегі 53 суретті зерттеп, кері әсер байланысы принципі бойынша реттеу дегеніміз не? Түсіндіріңіз.
53 - сурет. Кері әсер байланысы принципімен реттеу
Саңырауқұлақтар үшін антибиотиктердің экологиялық маңызы неде?
54 - суретте биотикалық қарым-қатынастардың әртүрлі типтері көрсетілген. Қарым-қатынастардың типтеріне сәйкес санды көрсетіңіз.
54-сурет. Биотикалық-қарым-қатынастар типі
Үш түрге жататын жыртқыштардың (а, б, в) қоректенуін зерттеген кезде олардың Х түрдегі жемтікті тұтыну жылдамдығының жемтік популяциясының тығыздығына тәуелділігі 55-суретте көрсетілгендей болатыны анықталған.
Жыртқыштың берілген жемтікке қатысты іріктеу мүмкіндіктері бойынша ойларыңыз қандай? Өз жауабыңызды әрбір үш жағдай үшін нақтылаңыз.
Сурет-55. Үш түрлі өзара байланысты емес жыртқыштардың жемтіктерді тұтыну жылдамдықтарының өзгеруі
Аяққұйрықтардың бірнеше түрінің таза және аралас дақылдарын зертханалық жағдайларда даралар тығыздығының өсуіне байланысты жауап қайтаруын зерттеді. Таза дақылдарда даралар арасындағы шиеленіс жағдайы графикке сәйкес өзгеретіні анықталған (56-сурет). Берілген әрекеттесу нұсқаларының себебі неде?
Бір дараға шаққандағы шиеленістердің орташа саны
Экспозиция мерзімі, тәулік
56-сурет. Коллемболалардың әртүрлі түрлері дақылдарының өсуі кезіндегі шиеленістер жиілігінің экспозиция мерзіміне тәуелділігі:
1-folsomia candida; 2-Heteromurus nitidus; 3 - Proisotoma minuta; 4 - Protaphorura cancellata; 5 - Xenylla grisea
Егістікте арамшөптер әрқашанда мәдени дақылдар үшін зиянды бола ма? Жауаптарыңызды мысалдар келтіріп түсіндіріңіздер.
Үй жануарлары мен өсімдіктеріне бәсекелес болатын жабайы түрлерді жоюға адамдар міндетті ме?
Түрлердің көпшілігі ерте кездерде жойылғаны белгілі. Бұл құбылыс сонда түрлік құрамның біртіндеп кедейленгенін көрсетеді ме?
Жануарлардың өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын,
тозаңдарын тасымалдауы организмдер байланысының қандай түріне жатады?
57-суретте келтірілген көрініс биотикалық-қарым-қатынастың қай типінің мысалы?
57-сурет. Биотикалық-қарым-қатынас типі
Орман бірлестігінде мынадай түрлердің жұптардың арасында байланыстың типтері қандай?
тоқылдақ пен тиін, сары шымшық пен тоқылдақ, жауынқұрт пен емен, ақ қоян мен сары шымшық.
болады ма?
Бәсекелес түрлерді табиғатта бірдей тіршілік орнында кездестіруге
Егер экожүйелердегі ағаштар бір-бірінен алыс орналасса, олардың арасында ешқандай байланыс болмайды. Бұл жағдай организмдердің биотикалық қарым-қатынысының қандай типіне жатады?
58-сурет. Ағаш
Экономикалық көзқарас тұрғысынан адамдарға көптүрлі өсімдіктермен салыстырғанда, біртүрлі мәдени өсімдіктерді егу, өсіру тиімдірек деп есептейді. Сіз осы пікірмен келісесіз бе? Неліктен?
Эволюция процесінде мутуализм өзара қарым-қатынастың қандай типтің негізінде пайда болады?
Берілген тірі организмдер тізімінен табиғатта бір-бірімен мутуалистік қарым-қатынаста болатын жұптарын құрыңыздар.
Ара, саңырауқұлақ, актиния, емен, қайың, шаян, жорға торғай, беде, жөке, азот түзуші түйнек бактериялар.
59- суретте организмдердің қарым-қатынасының қандай типі көрсетілген?
59-сурет. Организмдердің қарым-қатынасы
Бұғы мен қоян- шөпқоректі жануарлар. Оларды бәсекелестер деп атауға болады ма?
Түлкі мен тышқан, бит (кене) мен құмырсқа, жылқы мен жылқы арасындағы қарым- қатынас типін анықтаңыз.
60-суретте келтірілген көріністер биотикалық-қарым-қатынастың қай типінің мысалдары.
60-сурет. Организмдердің байланыс типі
Мысықтар, дала сұр тышқандары, көбелек пен бұғылар, түкті аралар мен жоңышқалар- бірлестіктердің бөліктері. Бірақ, мысықтар жоңышқаға немесе көбелектер бұғыларға әсер ете алады ма? Бұндай қарым- қатынас типі қалай аталады?
61-сурет. Орман ағзалары
Екі ағзаның ара қатынасы теориялық тұрғыда мынандай белгілердің жұптық түрімен көрсетуге болады: “+”, “-” және “0”. “+” белгісі ағзалардың жағдайының жақсаруын білдіреді, ал “-” белгісі төмендеуін білдіреді, “0” белгісі қарым – қатынас кезінде өзгерістердің жоқтығын білдіреді. Биотикалық қарым – қатынас типтерінің жанына өзіне сәйкес жұп белгілерді қойыңыз.
ЖЫРТҚЫШТЫҚ СИМБИОЗ ПАРАЗИТИЗМ БӘСЕКЕЛЕСТІК НЕЙТРАЛИЗМ АРАМТАМАҚТЫҚ КОММЕНСАЛИЗМ АМЕНСАЛИЗМ
62-суретте организмдердің селбесіп тіршілік ету типінің мысалдары келтірілген. Екі популяцияның бірлігі облигатты болатын қатынас немесе екі жаққа да бірдей пайда әкелетін қарым – қатынасты суреттегі организмдер мысалында түсіндіріңіз.
62-сурет. Симбиоз мысалдары
Төмендегі түсініктерді өз анықтамаларына сәйкес бағытпен көрсетіңіз.
Қарым – қатынас типтері Анықтама
Мутуализм (симбиоз) Екі популяция өзара әрекеттеспейтін және
олардың ешқайсысы екіншісіне ықпал етпейтін, айтарлықтай экологиялық мәні жоқ жағдай
Жыртқыштық Қауымдастық құраушы түрдің бірінің популяциясы бірлесіп тіршілік етуден пайда табады, ал екінші түрдің популяциясы еш пайда көрмейді.
Паразитизм Бір популяцияның өсуі мен көбеюі тежеліп, ал ингибитор деп аталатын 2–популяция бұндай қысым көрмейтін жағдай.
Комменсализм Бір популяция 2–сіне жағымсыз ықпал ете отырып, сол әрекетінен пайда табатын популяция аралық қатынастар.
Аменсализм Гомотиптік реакцияларға топтық және масса эффектілерінен басқа, бір түр особьтары арасындағы әрекеттер.
. Бәсекелестік Жыртқыштық болып табылады, бірақ иеленушісі бірден опат болмай, паразит оны
белгілі бір уақытқа дейін падаланады.
Нейтрализм Екі популяцияның бірлігі облигатты болатын қатынас немесе екі жаққа бірдей пайда әкелетін қарым – қатынас.
63-суретте келтірілген жыртқыштық сияқты «оң-теріс»типі бойынша қарым-қатынас қалай аталады?
сурет. «Оң-теріс»типі бойынша қарым-қатынас мысалы
Нүкте орнына сәйкес терминді жазыңыз. Құрамында хлорофилі бар және көмірсуды өндіретін, бірақ суды және ондағы еріген минералды тұздарды иесінен алатын өсімдіктерді деп атайды.
15-кестенің соңғы бағанасына әртүрлі түрлердің особьтер арасындағы биотикалық қарым–қатынасының типін суреттейтін мысалдарды толтырыңыз. Әрбір түрді мысалға бір рет қана қолдануға болады.
15-кесте
Қарым – қатынас типтері
|
Мысалдард ың саны
|
Қарым – қатынас типтеріне мысалдар
|
Бәсекелестік
|
3
|
|
Паразиттілік
|
3
|
|
Симбиоз
|
3
|
|
Жыртқыштық
|
5
|
|
Комменсализм
|
2
|
|
Құтан, шағал, адам, арыстан, амеба, қайың, акула, бұршақ, шаян, шортан, лоцман балығы, бидай, қарақат, қайыңқұлақ, актиния, бизон, аскарида, құмырсқа, ақ қоян, бақа, жабайы жылқы– мустанг, шыбын,түйнектің азотты фиксациялайтын бактериялары, су бактериялары, карась.
Жақын туыс түрлер арасындағы қатты бәсекелестікке қарамастан табиғатта бірге тіршілік етеді. Осы жағдайда бір түрдің екінші түрді ығыстыруы неліктен байқалмайды?
сурет. Жақын туыс түрлер
Жұп ағзалардың арақатынасында туындайтын биотикалық қарым – қатынастың типтерін анықтаңыз: а) сиыр – адам; б) үлкен ала тоқылдақ – шырша; в) ішек таяқшасы – адам; г) балық – акула; д) өсімдік беті – сары құмырсқа; ж) қара шыбын – бөлме шыбыны; з) адам – қансорғыш маса; к) бұғы
тиін; л) шырша– сібір жібек құртының жұлдызқұрты; м) қасқыр – қарға, н) адам – дизентерия таяқшасы, о) кох таяқшасы – адам, п) тоқылдақ – ағаш, р) қасқыр – көбелек, с) қоян – көртышқан.
Табиғатта кәдімгі қарағай топыраққа кедей батпақты жерлерде немесе керісінше құрғақ жерлерде орман қалыптасады. Адам қолымен егілген
қарағайлар орташа ылғалды бай топырақта жақсы өседі, бірақ та адам отырғызылған шыбықтарды жақсылап күту керек. Неліктен екенін түсіндіріңіз.
Көптеген төменгі сатылы өсімдіктер жоғары сатылы өсімдіктердің ағзасында паразитті өмір сүреді. Мысал келтіріңіз.
65 - Суретте келтірілген арыстанның әртүрлі түрлердің особтарымен арасындағы арақатынасының типін анықтаңыздар.
сурет. Арыстан мен мен құстардың арақатынасы
Берілген тізімнен табиғатта трофикалық (қоректік) қарым – қатынаста болатын ағзалардың жұбын құрастырыңыз (атауларды бір рет пайдалану керек): көкқұтан, үйеңкі, амеба, қоян, құмырсқа, су бактериялары, қабан, бақа, қарақат, маса, жолбарыс, шаяндар, сазандар, шортан, ұлулар
Берілген тірі организмдер тізімінен табиғатта бір-бірімен бәсекелес болатын жұптарды құрастырыңыздар (Организмдер атауын тек бір рет ғана қолдануға болады).
Кәдімгі шырша, қасқыр, көк кекіре, кәдімгі жылан, тышқан, Европа бұғысы, бидай, американ күзені, қарға, түлкі, ұзақ, Европа күзені, кәдімгі аламан, ақ тіс, бұлан,ақ қайың,қара бидай, ақ қоян, арыстан, қаршыға, шегіртке, бүркіт,сары шымшық.
Насеком-фитофагтар мен олардың паразиттерін таратуда синхрондылық қалай жүзеге асырылады?
Күйіс қайыратын сүтқоректілердің ішек қарнында ашу процесін жүргізетін бактериялар бар. Бұл қандай қарым-қатынастың типінің мысылы.
Пәтерші –түр басқа түрде немесе оның тіршілік орнында қожайын- түрге пайда да, зиянда келтірмейтін «оң-нөл» типі бойынша қарым-қатынас түрін атаңыз.
Берілген тізімнен бір – бірімен мутуалистік қарым – қатынасқа түсетін ағзалардың жұбын құрастырыңыз (атауларды бір рет қана пайдалануға керек): бал арасы, қайыңқұлақ саңырауқұлағы, емен, актиния, қайың, шаян, көктерек,
түйнектің азотты фикцациялайтын бактериялары, жөке ағашы, қызыл саңырауқұлақ, балдыр, саңырауқұлақ.
39 . Тәжірибе кірпінің жылан уына қарсыласуы теңіз шошқасына қарағанда 35-40 есе үлкен болатынын көрсетті. Сондықтан да кірпілер жылан уынан өлмейді, тіпті оларды қорек ретінде пайдаланады. Кішкене қауіп төне қалса, кірпі тікенекті дөңгелекке айналады. Бұл қабілеттілік арқа терісінің астындағы бұлшық еттердің дамуымен байланысты. Алайда кірпілердің де жаулары бар, мысалы үкі кірпінің терісіне өзінің мықты аяқтарын батырып, терісін сыпырып алады. Осыған ұқсас табиғатта кездесетін тағы бір мысал келтіріңіз.
Сүтқоректілер табиғи бірлестіктің маңызды компоненттері. Олардың қарым – қатынасқа түсетін типтері – жыртқыштар мен жемтіктердің қатынасы, бәсекелестік және симбиоз. Өздеріңізге таныс сүтқоректілердің әртүрлі түрлердің особтарының арасындағы ара қатынасының типтерін анықтаңыздар.
Жартылай шөлді және дала жайылымдарында өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына сарышұнақтар қалай әсер етеді?
Төмендегі суретте организмдердің арасындағы қарым-қатынас түрге жататынын атаңыз.
А Б
сурет. Организмдердің байланыс типтері
Нақты жануардың басқа ағзалармен тікелей және жанама бәсекелестігін анықтайтын мысалдар құрастырыңыз.
Адамның өт жолында және ішегінде қауіпті лямблиоз ауруын тудыратын қарапайымдылар – лямблиялар орналасуы мүмкін. Әдетте, лямблиялардың ас қорытатын вакуольдері жоқ. Бұны қалай түсіндіруге болады?
Бір қожайында екі паразиттер бірлесіп қатар тіршілік еткенін сіз байқадыңыз. Олардың тіршілік циклдерінің синхронды ма, әлде жоқ па? Оны қалай тексеруге болады?
Бір қожайында екі паразиттер бірлесіп қатар тіршілік еткенін сіз байқадыңыз.
Олардың тіршілік циклдерінің синхронды ма, әлде жоқ па? Оны қалай тексеруге болады?
Ондатра біздің елге 1928 жылы әкелінген. Қазіргі кезде бұл аң кәсіпшілік аңға айналды. Ондатра санының күрт өсуін немен түсіндіруге болады?
сурет. Ондатра
Адамдардың барлық паразиттерін жоюға болады ма?
Шортанның ұзын, өткір, артқа майысқан тістері болады. Неге бұл балықтың тістерінің құрылысы осындай? Неліктен шортан табиғатта табиғи таңдау факторы ретінде қызмет атқарады?
63-суреттегі лань-бұғының бір түрінің және сары шымшықтың мысалында «оң-оң» қарым-қатынасын түсіндіріңіз. Бұл қарым-қатынас қандай түріне жататынын атаңыз.
сурет. «Оң-оң» қарым-қатынас мысалы
Қыста үйлердің қасында суықторғайлар пайда болады. Олар қалақайдың, жемістердің дәндерін тұмсықтарымен тістеп қоректенеді. Сарнауық торғайлар жазда бунақденелілермен, қыста бүтіндей жұтатын жемістермен қоректенеді. Жоғарыдағы мәліметтерді пайдалана отырып, қай құс жидекті бұталардың таралуына әсер ететіндігін анықтаңыз.
Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы, тіптен қатерлі ауруларды (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба, т.б.) таратады. Қазақстан территориясында қандай организмдер кейбір паразиттерді таратушылар ретінде роль атқарады?
69-суреттегі мутуализм мысалдарын мұқият қараңыздар. Мутуалистік байланыстарды түзетін организмдерді анықтаңыздар және симбиоздан ерекшеліктерін атаңыз.
сурет. Мутуализм мысалдары
«Өсімдіктердің бір– біріне оң және теріс әсер етуі» тақырыбын тексеру мақсатында оқушыларға гүл шоқтарын құрастыру тапсырмасы беріледі. Бірінші құмыраға тек раушан гүлдерді, екінші құмыраға тек шегегүлдерді, ал үшіншіге екеуін араластырып орналастырады. Міндетті түрде гүл шоқтардың қайсысы ұзақ сақталатынын анықтау керек. Ескерту! Қызғалдақ пен нарцисс, шегегүл мен раушан гүл бір құмырада бір – біріне қарсы әсер етеді. Олардың тіршілігінің ұзақтығына байланысты композицияны құрастыру үшін боз арша бұтақтарын қосады. Қойылған тәжірибенің нәтижелерін түсіндіріңіз.
Қажетті сөздерді қойыңыз.
Ұзаққа созылған эволюция барысында ағзалардың әртүрлі қарым– қатынастары қалыптасты. Өзара пайдалы қарым – қатынастардың да көптеген түрлері бар. Олар … … деп аталады. Бұған …. …. мысал бола алады. Кейде өзара қатынастар бір жануарға пайдалы,ал екіншісіне қауіпсіз болады. Оларды
…..... деп атаймыз, ал жыртқыш пен жемтік арасындағы байланыс деп
аталады. Мысалы қасқыр, бұл , ал қоян- жемтік.
Күйіс қайыратын сүтқоректілердің ішек қарнында ашу процесін жүргізетін бактериялар бар. Бұл қандай қарым-қатынастың типінің мысылы.
«Қауіпті бөтендер» деп аталатын ағзаларға мысал келтіріңіз. Олар неліктен қауіпті?
Бір жерде тіршілік ететін екі жақын туысты, әдетте бір жерде қоректенетін теңіз құстарының экологиялық қуысының үйлеспеушілігін 70- суреттегі су құзғындарының мысалында түсіндіріңіз.
сурет. Екі жақын туысты теңіз құстарының қорек құрамы (үлкен және ұзынтұмсықты су құзғындары)
Сазан мен табан балық – бейбіт балықтар, ал шортан – жыртқыш. Қандай белгілер осындай қорытынды жасауға негіз болды?
71–сурет. Сазан Шортанның басы
Қарқылдақ шағалалар мен құтандар сияқты құстардың бірнеше түрлері бірге ұялайды. Ақ құтан мен қызғылт қалбағай бірлесіп ұялағанда аталық құтандар қалбағайлардың ұяларынан шыбық ұрлайды. Бұндай ұрлықтар кейде төбелеске әкеледі, бірақ жасқаншақ қалбағайлар көбінесе жақтырмаған күңкілмен ғана шектеледі. Қалай дегенмен де бұндай тіршіліктен келетін пайда, құтандардың сұғанақтығынан шеккен реніштерін басып кетеді. Бұндай қарым- қатынас қандай типке жатады?
Кестеге “паразит, паразиттің қожайыны, паразитті тасымалдаушы” түсініктерінің мәнін ашатын пікірлерге сәйкес тұрған шартты белгілерді көрсетіңіз. Безгектің қоздырушысын, оның қожайынын және тасымалдаушысын көрсетіңіз.
16-кесте
Шартт ы белгілері
|
Пікірлер
|
Түсініктер
|
Жауаптар
|
1.
|
Басқа жануардың немесе адамның организмінде тіршілік етеді.
Жануардың ішінде тіршілік етіп, зиян әкеледі.
Ауру организмнен сау ағзаға ауру тасымалдаушыларын таситын жануар
Безгек масасы Безгекпен ауырған адам
Безгек қоздырушысы
|
|
|
|
Паразит
|
2.
|
|
3.
|
Паразитті
|
|
тасымалдаушы
|
4.
|
|
|
5.
6.
|
Қожайын
|
Бір территорияда өмір сүретін түлкілер мен қасқырлар бәсекелес болатын ресурстарды атаңыз.
72-сурет. Қасқыр және түлкі
Аңшыларға құмырсқа илеуі көп жерлерде аңдардың көп болатынының белгісі екендігі таныс. Неге?
Еуропада барлық картоп өндірушілердің қас жауы бүкіл өнімнің жартысына дейін құртатын фитофтора болып табылады. Фитофтора Орталық Америкада да кең таралған, бірақ ол жерде картопқа онша көп зиян келтірмейді. Бұл заңдылықты қалай түсіндіруге болады?
жатады?
73-сурет. Теңіз тасбақасы мен балықтар
Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын саршатыр өсімдігінің тамырларының улы заттар бөліп шығаруы арқасында өзге бір жылдық өсімдіктердің барлығын ығыстырып шығарып, өзі едәуір үлкен алқаптарда қаулап өседі. Бұндай жағдай қандай қарым- қатынас қандай типіне
Теңіз тасбақасы мен пен балықтардың арасындағы қарым-қатынастың негізгі ерекшелігін түсіндіріңіз.
ХХ ғ. аяғында астроном Леопольд Трувел жібек құртын өсірумен және ауруға төзімді көбелектер өсірумен айналысуды шешті. Ол Франциядан Америкаға орманның зиянкесі – жұпсыз жібекқұртының жұлдызқұртын әкелді. Трувел сақ болмай, бірнеше жұлдызқұртты зертханасынан шығарып алды. 20 жылдан кейін сол жұлдызқұрттар орманды отап, қалалық бақтарға шабуыл жасай бастады. Олар бүкіл жапырақтарды жеп, тіпті үй қабырғаларын да кемірді. Бірнеше жұлдызқұрттың осыншама үлкен шығын әкелгенін түсіндіріңіз.
Төмендегі суретте организмдердің арасындағы қарым-қатынастың қандай түрге жататынын анықтаңыз.
74-сурет. Биотикалық байланыс түрлері
Орта Азия тұрғындары мынадай аңыз айтады: бірде жылан қорғансыз балапандары шырылдаған қарлығаш ұясына жорғалайды. Ол өз мақсатына жету үшін, балапандарды жұтуға дайын болғанда, тұмсығында ірі дәуіті бар қарлығаш келеді. Дәуіт өзінің алдыңғы аяқтарымен жыланның көзін ойып алады. Соқыр болған жылан құлап, балапандар құтқарылады. Ғылыми тілде осынау әдемі аңыздың шындыққа жанаспайтынын түсіндіріңіз.
75–суретті мұқият қараңыз. Жыртқыштардың жемтіктерін аулау мен ұстауының бейімделушілігін көрсетіңіз.
75-сурет. Әртүрге жататын жануарлардың жыртқыштыққа бейімделушілігі : 1-сегізаяқ; 2-акуланың жағы; 3-алып жылан; 4-арыстан; 5- бүркуші балық; 6- ақ бүйі; 7-қармауыш балық.
Астық жинау кезінде наубайшылар кейбір бидайдың масақтарының көмірге ұқсастығын байқаған. Дәндер күлгін қара “мүйізшелерге” айналған. Неге бұлай болған? Бұл құбылысты түсіндіріңіз.
Берілген график қандай биологиялық құбылысты суреттейді?
«Жыртқыш – жемтік» жүйесіндегі берілген тәуелділіктің құрылу механизмін ашыңыз.
76–сурет. «Жыртқыш– жемтік» жүйесіндегі тәуелділік
77-суретті қараңыз. Жабысқақ балықтың иесі акулаға «тоғышарлық» мысалы өзара қарым – қатынастың қай түріне жатады?
сурет. «Тоғышарлыққа» мысал. Жабысқақ балық (1-сыртқы көрінісі; 2-
«иесі» акуламен)
78–суретте паразитоид-шабандоз көрсетілген. Паразитоидтарды жыртқыштар мен паразиттердің арасындағы бөлек аралық экологиялық топқа жатқызады. Оларды жыртқыштармен және паразиттермен қандай белгілері байланыстырады?
сурет. Шабандоздың өсімдік битіне жұмыртқа салуы
Қарға тұқымдасына жататын қарғаның қара және қызыл клущица сияқты түрлері өте биік тауларда тіршілік етеді. Мысалы Гималайларда кейбір клущитцалар 8100 м биіктікте табылған. Көбіне бұл құстар 5000 м биіктікте қой отарлары жайылатын жерлерде жиі кездеседі. Қойлар мен құстардың қарым- қатынасы жақсы. Неліктен бұл құстар қойлардан қорықпайды, ал қойлар тіпті құстарға өзінің арқасына отырғызуға қарсы емес? Бұл жануарлардың бұндай мінез-құлықтарының себебі неде?
Ежелгі Римде бұршақ тұқымдасты өсімдіктердің топырақтың құрамын жақсартатыны белгілі болған, сонымен қатар бұл өсімдіктерден кейін егістіктердегі өнім әрқашанда бай болады. Басқа мәдени өсімдіктермен салыстырғанда бұршақ тұқымды өсімдіктерде азоттың мөлшері екі-үш есе
жоғары. Бұл өсімдіктердегі азоттың көзі неде? Неліктен олар топырақ құрамын жақсартады?
79-суретті қараңыз. Осы паразиттерді жұқтырудың салдары қандай?
79–сурет. Микропаразиттер: 1-трипанозома; 3-бактериялар. Макропаразиттер: 2-Американдық ақұнтақ Сферотека (Sphaerotheca mors-uvae); 4-ағашқұлақ саңырауқұлағы.
Африкада, Оңтүстік Азияда және Австралияда кең таралған сиқырлы шөп көптеген астық тұқымдасты өсімдіктердің тамыр жүйесін зақымдайды және 20 жылға дейін өспей, топырақта жасырын тіршілік күйінде жатуға қабілетті 500 мыңнан астам тұқым өндіреді, бірақ олар қожайын өсімдіктер кездеспесе, сол тыныштық жағдайында ұзақ уақыт бойы бола береді. Ал олардың қасында қожайын- өсімдік қалай пайда болады, тап сол кезден бастап сиқырлы шөптің тұқымы бірден күрт өсе бастайды, сосын олар қожайын өсімдіктердің тамырына енеді. Сиқырлы шөп түрінің жоғалмауына оның тұқымының өнгіштігінің ұзақ уақыт сақталуы қалай әсер етеді?
80-суретті мұқият қараңыз. Сұңғыланың жалаңаш шырмауықпен байланысының қандай қарым – қатынас типіне жататынын анықтаңыз.
80–сурет. Сұңғыланың жалаңаш шырмауықпен қарым – қатынас типі
Адамдар тұрғын үйінің қасында жиі кездесетін әртүрлі зиянды омыртқасыз жануарларды құртуға белсенді қатынасатын сүтқоректі жануарлардың кейбіреулерінің экологиялық рөлін сипаттаңыз.
Орыс теңіз жүзушісі Ф.Ф.Беллинсгаузеннің берген сипаттамасы бойынша: «Аз жануарлардан құрастырылған, сұлулығымен, масштабтылығымен адамзат миын таңқалдыратын маржан аралдары жер шарындағы зор ғимаратты елестетеді». Маржан рифтерінің экожүйелері жоғары өнімділікпен, түрлік алуан түрлілігімен, жануарлар әлемінің таңғажайыпты бейімделушілігімен ерекшеленеді. Суретті мұқият қарап, биотикалық қатынастың қандай типтері орын алатынын анықтаңыздар.
81-сурет. Маржан рифтері
83. Бір отбасы саяжай участогін алып, минералды тыңайтқыштарды сатып алуды ұйғарды, бірақ азотты тыңайтқыштар сатуда болмады. Сол себептен құрамында азоты бар заттармен топырақты байытатын өсімдіктерді егуді ұйғарды. Кеңес беріңіз, қандай өсімдіктерді отырғызу керек. Түсіндіріңіз, неліктен олар топырақты азотпен байытады. 80 жыл ұзақ уақыт бойы азот тыңайтқыштарын жоғары мөлшерін пайдалану нәтижесінде шалғындықта бұрынғы өсімдіктердің 49 түрінен небәрі 3 түр қалды. Ал тыңайтқыш берілген участокте түрлік байлық сақталған. Бұлай болуы неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |