Өзіне тән метаболизмге қатысты қандай организмдер қоректік тізбекте энергетикалық ағын жағдайында салыстырмалы үлкен биомассаны құрайды: майда жер үсті сүтқоректілер ме немесе үлкендері ме?
Аудан бірлігіне биомассаның үлкен мөлшерін қандай организмдер: ірі немесе майда қамтамасыз ете алады?
Төменде келтірілген жануарлардың қайсысының меншікті өнімділігі жоғары: сарышұнақта немесе киікте; қоянда немесе бұғыда ма?
Қандай экожүйелердің өнімділігі жоғарырақ: қоңыржай өңірде ме немесе тропикалық аудандарда орналасқандарында ма? Неге?
Энергетикалық пирамиданың қандай деңгейіндегі организмдерде улы заттардың жинақталуы жылдамырақ жүзеге асады:
Май мөлшері көп су организмдерінде неліктен май мөлшері аздау болатын ұқсас организмдермен салыстырғанда улы заттар тезірек жинақталады?
Бір су қоймасындда тіршілік ететін яғни бірдей экологиялық жағдайдағы балықтардың түрлерін улы заттарды жинақтау жылдамдығының азаю реттілігімен орналастырыңыз: шортан, кәдімгі шабан, қара балық, сүйрік, кәдімгі жайын, табан.
Экологиялық пирамиданың бір трофикалық деңгейінің организмдерінен басқа трофикалық деңгейдің организмдеріне берілгенде энергияның неше % -і кемиді: а) 5, б) 15, в)25, г)40, д)10, е) 50
Экологиялық пирамиданың жоғарғы қоректік деңгейіне қанша энергияның тасымалданатынын еске салыңыздар. Табиғатта оннан, кейбір жағдайда одан да көп звенолардан тұратын қоректік қарым-қатынастарды көрсетуге болады. Бұл жағдайда экологиялық пирамида бір қоректік деңгейден басқасына берілгенде энергияның азаю, кему заңына қайшы келмей ме?
Биомасса тұрақты жинақталу жылдамдығы жүзеге асатын жағдайға продуценттердің биомасса қалай өзгеретінің модельдеңіздер.
Қоректік торлардағы биомассаның түзілу заңдылықтары бойынша биологиялық өнімді пирамида түрінде көрсетуге болады. Бұл ереже бойынша сызбанұсқа түрінде берілген
пирамиданың табаны жалпақ, ал ұшы үшкір болады. 131-суретте келтірілген мысалдар негізінде, осы ережені түсіндіріңіздер.
сурет. Биомасса ережесінің мысалы
Неліктен бидай егістігінде түрлік алуантүрлілік кедей, ал көрші дала участігімен салыстырғанда фитофагтардың биомассасы жоғары.
Бір кезеңдерде зоопланктон биомассасы фитопланктон биомассасынан артық бола алады. Бұл феноменді түсіндіріңіз. Бұл құбылыс энергетикалық қоректік тізбектер гипотезасына қайшы келмей ме?
Неліктен орман бірлестігі тұщы су қоймасымен салыстырғанда өнімдірек?
Әрбір трофикалық деңгейдегі жануарлар тек алдыңғы деңгейдегі организмдермен ғана қоректенетінін еске ала отырып, өсімдіктер --- шегірткелер ---- бақалар ----- су жыландары --- қаршығадан тұратын қоректік тізбегінің сан пирамидасын құрастырыңыз. Зерттелетін территорияның өсімдіктерінің биомассасы 40 т. Шөптесін өсімдіктердің 1ші өркенінің биомассасы 5 г (0,005 кг), 1ші шегірткенікі 1 г (0,001кг), 1ші бақанікі 10 г(0,01 кг), 1ші жыландікі 100г (0,1 кг), 1ші қаршығанікі- 2кг деп есептеңіз.
Массасы 5 г – дық 4 балапанын тамақтандыру арқылы шымшықтың жұбы жұлдызқұрттың жоюынан өсімдіктің қандай биомассасын сақтайтынын есептеңіз. Егер өсімдіктің өнімділігі 200 г/м2 болса, жұлдызқұртты жинайтын ауданы 400 м2 құраса, бұл өсімдіктердің жалпы биомассасының қандай бөлігін құрайды ( % - пен ) ?
Кез келген биоценозда қоректік тізбектегі трофикалық деңгейдің саны мен өнімділігін зерттесек алдыңғылармен салыстырғанда, әрқайсысы 10 есе кем
болатын, кемитін сандардан тұратын қатар шығады. Бұл қатарды үшкір төбесі бар, кең негізді пирамида түріндегі графикпен көрсетуге болады. Ал кейбір жағдайларда табиғатта «төңкерілген»пирамида да кездеседі. Қандай жағдайда бұндай пішінді пирамидалар түзіледі? Суретте көрсетілген организмдер мысалында түсіндіріңіз.
сурет. Кең негізді пирамида «Төңкерілген»пирамида
5 г биомассалы және 0,5 г – дық екі тышқан баласын туды. 3 – 4 апта бойы балаларын сүтпен қоректендірді. Олардың массасы сәйкесті түрде 5 г және 4 г-ға жетті. Экологиялық пирамида ережесі негізінде өз ұрпағын қоректендіру үшін аналық тышқанға тұқымның қанша биомассасы қажет ?
Адамзат барлық уақытта экожүйе жинақтаған биомассаға тәуелді: жанғыш пайдалы кендерде жиналған органикалық заттарды жағады, гумустың ыдырауын тездететін белсенді ауыл шаруашылықпен айналысады, сүректі ағаштарды жағу арқылы бүкіл әлемдегі орманды құртады. Жалпы алғанда осындай іс әрекеттер неге соқтырады? Дұрысжауаптыкөрсетіңіз.
А. Органикалық заттардың ыдырау прцестерін баяулатуға
Б. Органикалық заттардың ыдырау прцестерінің анағұрлым тездетілуіне В. Экожүйеде органикалық заттардың жинақталуына.