Биосфера ілімін зерттеген көптеген ғалымдардан В.И.Вернадскийдің зерттеулерінің ерекше маңыздылығы неде?
Адамның биосфералық функциялары қандай?
Дұрыс түсініктерді таңдаңыз.
А. Кез-келген табиғи биоценозбен салыстырғанда агроценоздың биологиялық өнімділігі жоғары;
Б. Өндірістер мен тұрмыста фреондарды қолдану озон тесіктерінің түзілуіне соқтырады;
В. Атмосфераға оттегі негізінен теңіздер мен мұхиттардағы фитопланктондардың іс-әрекеті нәтижесінде түседі;
Г. Атмосферадағы тіршіліктің жоғары қабаты ультракүлгін радиациясының биіктігінің жоғарылауымен анықталады;
Д. Жер бетіне түсетін энергияның 99%-нан көбі химиялық энергия.
Төменде келтірілген сипаттамалардың қайсысы өсімдіктерге, қайсысы жануарларға тән сәйкес екенін көрсетіңіз.
Экожүйелерде продуценттер маңызды рөл атқарады;
Қоректік зат ретінде крахмал түседі;
Бүкіл тіршілік бойында қозғалыссыз;
Бүкіл тіршілік бойында белсенді қозғалысқа бейім;
Пластидтерінде күн энергиясын ұстауға және басқа формаға айналдыруға бейімделген хлорофилл түйіршіктері бар;
Тіршілігіне қажетті қоректік заттарды минералды қосылыстарды сіңіру нәтижесінде алады;
Тұқымдарымен және өзінің денесінің вегетативті бөліктерімен көбейеді;
Экожүйеде консументтер маңызды рөл атқарады;
Кейбір майда өкілдер редуценттер рөлін атқарады.
Нүкте орнына сәйкес терминдерді жазыңыз.
Барлық тірілердің тіршілік ортасын қылмыстық түрде, мақсатты түрде бұзу, бұл.............
Климаттық жағдайлардан организмнің жағдайының күшті байланыстылығы............
Негізгі құрылымдарының үнемі қалпына келуі арқылы жүзеге асатын табиғи ортаның динамикалық тепе-теңдік күйі...........
Табиғи немесе антропогендік әсерлерден кейін табиғи жүйенің ішкі қасиеттерінің жиынтығы мен балансының қалпына келуге қабілеттілігі............ ҚР кез-келген аймағы үшін қағазға тізбекті реакциялар түрінде «Табиғат пен адам қарым-қатынасы» сызба нұсқасын құрыңыздар. Табиғаттың (бедер, геологиялық құрылысы, гидрологиялық, климат және т.б.) кез-келген компонеттеріне адамның іс-әрекеттерінің әсерін жалпы табиғи – территориялық кешеніне жалпы әсер деп қарастыру қажет.
Құрамына төмендегі қасиеттері болатын биосфераның негізгі белгілері болатын заттардың ерекше қасиеттерінің тізімін анықтаңыз:
А. Дисперсті денелер түрінде тіршілік Б. Ұрпақтардың үздіксіз алмасуы
В. Тек тірі организмдердегі тұрақтылық Г. Эволюцияға қабілеттілік
Д. Бос энергияның болуы
Кестеде көрсетілген көрсеткіштерді қысқаша мазмұнға, матрицаға айналдырыңыз және нүкте орнына тиісті түсінікті жазыңыз. Тіршілік төмендегі
............. жерлерде мардымсыз, мүшкіл халде болады.
кесте
Экологиялық
жағдайлар
Тіршілік күйі
Судың жеткілікті
мөлшерде болуы
Тірі су болмайтын жер шарындағы жерлер өте
сирек
Қолайлы температура
1000 тан жоғары температурада тірі организм құрамын құрайтын белоктардың тұнбаға түсу орын алады. Ал төменгі температурады химиялық реакциялардың тездетушілері – ферменттер
қызметін тоқтатады. Тіршілік 3000C температуралық диапазонда болады.
Қоректенудің минералды заттардың, тіршілікке қажетті минералының – ең аз
мөлшері болуы.
Минералды заттардың жетіспеушілігі мұхиттардың үлкен аудандарында байқалады.
Су ортасының шамадан тыс ұздылығы
Теңіз су мен салыстырғанда, судағы тұздың концентрациясы он есе жоғары болса, онда тіршілік
тоқтайды. 270г/л тұздардың концентрациясы тіршілікті жоюды.
Күннің энергиясының зор ағыны
Энергия ағынының күшті зор ағымындағы айырмашылық экожүйенің алуан түрлілігін
анықтайды
Қатты, сұйық және газ тәрізді күйде болатын
заттар арасындағы шекаралардың беткейлері
Тірі ағзалардың өзіндік реттелуі мен зат алмасуы үшін жағдайлар жасалынады.