152.Энергетикалық тұрғыдан бұл балықтардың ішінде сазанды өсіру арзанырақ болып шығады.
154. Сөз фотосинтез процесі туралы.
161. А) өрмекші мен қаршыға; Б) қаяздың дернәсілі; В) көбелектің жұлдызқұрты; Г) тышқан, бақа; Д) жылан жейтін бүркіт.
163. ж, г, е, в, б, д, а.
167. в.
172. Иә, адамның да экожүйесі бар. Адамдар өзінің мәдени өсімдіктерімен, үй жануарларымен және бір-бірімен қатынаста болатын организмдермен топ құрып, қоршаған ортамен байланыста болады. Бұл экожүйе бөлек биоценоздардан тұрады, мысалы агробиогеоценоздардан. Біздің бөлмедегі
биоценозымыз иттерден, мысықтардан (оның бүргелерімен), құстармен, бөлме гүлдерімен және тіпті тарақандармен және мольдерімен, бөлмедегі микроорганимдермен құрылады.
171. Треска барлық теңіз қиярын жейтіндіктен, теңіз қиярына қорек болатын планктон қоректі гребневиктердің санының күрт өсуі байқалады. Ал бұл гребневиктер өз кезегінде сельдті қорегінен айырып, планктонды, шаяндарды жояды.
181.Тек қана өсімдік текті тамақтарын қолданатын адам трофикалық деңгейдің екінші қатарында болып, бірінші консумент , ал тек қана жануарлар текті тамақтарын қолданатын адам трофикалық деңгейдің үшінші, тіпті өте сирек жағдайда, жайын немесе аю еттерін жесе төртінші қатарында болып, көбіне екінші және үшінші қатардағы консумент болады.
Біріншіден, жайылымдарда дамуы жаңа жапамен байланысты копрофагтар көп кездеседі. Пішен шабындықтарда және қорықтық далаларда, егер ол жерлерде жайылым болмаса, бұл топ өкілдері аз санды. Екіншіден, рудеральды және арамшөп өсімдіктері мен алуантүрлі эутопаразиттердің ( қан сорушы бунақденелілер мен кенелер) өте көптеген, көп санды фитофагтары кездеседі.
Өсімдіктерді жояды және сол арқылы құмның жылжуына жағдай жасайды.
макро – және мезофауна.
Онша көп емес, өйткені үй жануарларынан басқа қан сорушы насекомдар қорын басқа да жабайы жануарлардан да табады.
а) табиғи қоректік тізбекте 1 звенодан екіншісіне өткенде жылу түрінде шашырайтын потенциалды энергияның 80 – 90 % -іне дйін жоғалады. Сондықтан звенолар саны қоректік тізбекте әдетте 4-5-тен аспайды: балдырлар немесе жоғары сатыдағы су өсімдіктер → өсімдік қоректі балықтар (табан)
→жыртқыш балықтар ( шортан ) - балық қоректі жыртқыштар ( қамшат) .
Б) 25 кг массасы бар қамшатты қоректендіру үшін шамамен 250 – 300 кг балық қажет. Ал осынша балықты қоректендіру үшін шамамен 2500 – 3000 кг. өсімдік өнімі қажет.
Сұңқар бұл тізбекте екінші қатардағы консумент. Ол Линдеманның экологиялық пирамида ережесіне сәйкес 50 кг қоян етімен қоректену қажет. Ал сол 10 % - к ерекше сәйкес осыншама биомассалы қояндарды қоректендіру үшін 50 кг * 10 = 500 өсімдік өнімі қажет ( құрғақ массаға шаққанда ) . есептің шарты бойынша, шөптің құрғақ массасы 15 % -к ке тең болса, онда барлық қажетті шөп мөлшері 500 кг * 100 % : 15 % = 3333 кг немесе 3,3 т.
Бұл экожүйедегі барлық шөпқоректі жануарлардың массасы 60*50=3000 кг. Олардың 100 г биомассасында 150ккал энергия жинақталғаны белгілі болса, 3000 кг – дық биомассадағы энергия мөлшері 4500000 ккал немесе 4,5 * 10 -6. Линдеман ережесіне сәйкес, бұл жануарларды тамақтандыру үшін 4,5 * 10 -7 ккал өсімдік өнімі қажет. 1 кг өсімдік биомассасында 3000 ккал болса, онда 4,5
* 10 -7 энергиясы 15000 кг биомассада жинақталады.
1 кг өсімдікте 25 г ксенобиотиктер болса, онда 15000 кг өсімдікте 325000 г немесе 325 кг ксенобиотиктер кездеседі.
Түлкілер тіршілік ететін орман территориясындағы пайдалы күн энергиясы 5,5 * 10 7 ккал (ПӘК есептегенде). Осы орманда тіршілік ететін шөпқоректі консументтерге 5,5 * 106 энергия бұйырса, онда түлкілерге – екінші қатардағы консументтер ретінде 5,5 * 10 5 ккал энергия беріледі.
Бір түлкіге 220 * 10 * 10 = 22000 ккал энергия қажет етілсе, онда бұл территорияда 55000 : 22000 = 25 түлкі қоректене алады.
Құрғақ салмаққа шаққанда 1 қасқырдың масса: 60кг *40 % :100% = 24 кг, яғни бір қасқыр қоректену үшін 240 кг қоян етін жеу керек. 240 кг : 1,5кг/бір қоянның салмағы = 160 қоян. Осы аудан 4000 қоянды қоректендіре алатын болса, онда олардың биомассасы 4000:160 = 25 қасқырды қамтамасыз етеді.
Организм жарты сағат жүгіруде 1050 кДж энергия жұмсайды. 1г май тотыққанда 38,9 кДж энергия түзсе, онда 1050 кДж энергияны қалпына келтіру үшін 1050 кДж :38,9кДж = 27 г май. Бұл мөлшердегі май жеткілікті болар еді, егер пайдалы әсер ету коэффиценті 100% болған жағдайда. Бірақ ӘЕК-ті =60% (40%-і жылу түрінде шашырап кетеді), сондықтан 27г*100% : 35% = 128.6г шоколад жеу қажет.
Сазандағы пайдалы энергия (меңгерілген қорек) 100000 : 2 = 50000кДж. Есеп шарты бойынша, бұл энергияның өсіге 20%-і жұмсалса, 80%-і тыныс алуға жұмсалды немесе 5000*80:100=40000кДж.
Тышқандар 30 кг дәнді жеп қойса, онда бұл сан олардың биомассасының 3кг өсуін қамтамасыз етті. Яғни 3 кг бұл бүкіл өнімнің 0,02%-ін құрайды, ал бүкіл өнім 10 гектардан 15000кг-ды құрайды немесе 150 кг/га, яғни 15 ц/га.
Қоректік тізбек мынадай болады:
Продуцент (бидай) --- 1ші қатардағы консумент (тышқандар) --- 2ші қатардағы консументтер (үкілер)
Егер 1 үкінің массасы 0,5 кг болса, 2 үкі бір кг болады. Екі үкі 10кг тышқанды жейді немесе 222 данасын. Бұл тышқандар 100 кг бидайды құртқан болар еді. 1 м2 егістіктегі бидай өнімі 500 г болса, онда 1000 м2 ауданнан немесе 1 га- жердің өнімі 50 центнерді құрайды. Яғни үкілер тышқанды жеу арқылы өнімнің 2 %- ін құтқарады.
Маусымда табан балықтардың биомассасының жалпы өсімі шаян тәрізді планктонмен қоректенуіне байланысты болса, онда табан балықтардың популяциясы 20-кг-ға «семіреді», өйткені 200кг : 10 = 20кг. Шортан жаз бойы табан балықтардың жалпы биомассасының өнімін жейді, яғни 20 кг. Оның 20 кг
: 10 =2 кг «семіруге» жұмсалады. Шын мәнінде шортандар одан көпке семіреді, өйткені 2 кг – бұл оның рационының 40 %-і ғана. Жаз бойғы шортанның бүкіл популяциясының шын биомассасы 2 кг *100% : 40% = 5кг.
Егер шортанның бүкіл популяциясы 40 дарадан тұрса, онда әрбір дара жаз бойы өзінің биомассасын 5000 г : 40 = 125 г –ға ұлғайтады.
200. Олар жайылымдық экожүйенің деструкторлары, өлген организмдердің органикалық қосылыстарын биогенді заттарға дейін ыдыратады. Бұл организмдерді ыдыратушылық, қалпына келтірішілік қасиеттері біріктіреді.