Р. С. Оразбаева


Дала, шөл және орманды жерлердегі шектеулі факторларға мысал келтіріңіз. 12



бет5/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
bioekologia-kniga

13. Дала, шөл және орманды жерлердегі шектеулі факторларға мысал келтіріңіз.
12. 15-суретте көрсетілген жануарлардың түрлері қандай орталарда тіршілік етеді? Олардың әрқайсысының атауларын өз бағаналарына сәйкес 8 кестеге толтырыңыз.
Жануарлардың тіршілік ортасы
8-кесте



Тіршілік орталары

Жануарлардың атаулары

  1. Су

  2. Құрлық-ауа

  3. Топырақ

  4. Тірі ағзалар









  1. сурет. Әртүрлі тіршілік орталарында өмір сүретін жануарлар




  1. Сыртқы орта факторлары абиотикалық, биотикалық және антропогенді деп бөлінетіндігі белгілі. Эволюция тұрғысынан осылардың қайсысы маңызды рөл атқарады.




  1. Егер де климаттық факторлардың кем дегенде біреуінің сандық мәні шыдамдылық шегінен шығып кетсе, түрдің өмір сүруі мүмкін емес. Осы айтылғанды нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіз.




  1. Бейорганикалық ортаға тірі ағзалардың әсер етуі жайлы мысалдар келтіріңіз. Бұл құбылыстың салдары қандай болады?




  1. Табиғи сулардың өздігінен тазаруының екі кезеңі бар: оттегінің жетіспеушілігімен жүретін шіру процестері міндетті түрде бактериялардың көмегімен, ал оттегімен қаныққан суда ыдырау процесі балдырлардың, саңырауқұлақтардың, жануарлардың қатысуымен ыдырайды. Ағын немесе тұрып қалған, суық немесе жылы сулардың қайсысында өздігінен тазару тез жүреді және неліктен?

  2. Музейлер үшін тереңдікте тіршілік ететін балықтарды сақтауда ихтиолог–ғалымдар күрделі мәселелерге кезігеді. Бұл балықтар кемеге көтерілгенде жарылып, ішкі және сыртқы мүшелері бұзылады. Неліктен бұлай болатынын түсіндіріңіздер.




  1. 9– кестені толтырыңыз.

9 – кесте



Негізгі климаттық факторлар

Ағзаға биологиялық әсері

Әртүрлі мағыналы факторларға
бейімделушіліктерге мысалдар

максималь
ды

минимальды




























  1. Күндіз құрбақалар мен кесірткелер ескі ағаштардың тамырының астында, сол сияқты бөренелер мен тастардың да астында жасырынады. Қорегін аулауға түнде шығады. Осы ерекшеліктер олардың өмірінде қандай рөл атқарады?




  1. сурет. Шөл кесірткесі: 1-таңертең, 2-түс ауа.




  1. Ауада суға қарағанда оттегінің мөлшері көп. Неліктен балық жағалауда оттегінің жетіспеуінен өліп қалады?




  1. Лабораториялық жағдайда пробиркада кірпікшелі – кебісшені қараңыз. Бұл жануардың дене мөлшеріне назар аударыңыз. Оның тіршілік ортасының сипаттамасын оқыңыз: шалшық су түбінде, ағынсыз тұщы су қойма – көлдерде өмір сүреді. Бұл су қоймаларда бактериялар өте көп, олар кірпікшелі – кебісшеге қорек болады. Ал кірпікшелі – кебісшемен ұсақ шаяндар мен балықтар қоректенеді. Кірпікшелі – кебісшенің тіршілігіне әсер ететін: а) өлі табиғат факторларын, б) тірі табиғат факторларын сызбанұсқаға жазыңыз.




  1. Шөлді жерлердегі бауырымен жорғалаушылардың өздерінің жұмыртқаларын көбінесе көлеңкелі жерлерде және тереңге салады. Керісінше,

бірқалыпты зоналарда кесірткелер күн сәулесінің көп түсетін жерлерді таңдайды. Неліктен шөлді жерлердегі бауырымен жорғалаушылары мен бірқалыпты зоналардың бауырымен жорғалаушылары жұмыртқаларын әртүрлі орындарға салады?

    1. Мәскеу облыстарының 1 га байытылған қарашірікті жерлерінде 4,5 млн-ға дейін жауынқұрттар өмір сүреді. Егер 1 тәулікте 1 жауынқұрт шамамен 0,5 г топырақты өңдесе, 20 га ауданды 1 тәулікте жауынқұрттар қанша топырақты өңдейтінін есептеңіз. Осы берілгендердің негізінде

топырақтың түзілуінде жауынқұрттардың рөлінің маңызды екеніне қорытынды жасаңыз.



  1. сурет. Жауын құрттары




    1. Ғалымдар жауынқұрттардың 1м2 жер бетінде топырақ қазудағы жалпы ұзындығы 1 км-дей, ал басқа жағдайда 8 км-дей жерді өңдейтіні есептелген. Осы берілгендердің негізінде жауынқұрттардың іс-әрекетінің топырақ ерекшеліктеріне тигізетін әсерін түсіндіріңіз.




    1. Қай орта сиымдырақ? (дұрыс жауапты таңдаңыз): а) бидай үшін: суармалы егістік, орман;

б) кеміргіш үшін: далада ағып жатқан өзен, шырша орманында ағып жатқан өзен, тундрада ағып жатқан өзен;
в) колорада қоңызы үшін: қылқанжапырақты орман, картоп егістігі; г) алабұға үшін: өзен, батпақ, жерасты суқоймалары;
д) сары тарақан үшін: орман, таза бөлме, егістік, ас бөлмесі;
е) ірі көгершіндер үшін: егістік, өзен, орман, жемсалғыштары бар орман.



    1. Жануарлардың өлекселерін және тіршілігін жойған өсімдіктердің ыдырауында шіру бактериялары негізгі рөлді атқарады. Бірақ шөл жағдайында мұндай организмдердің бактериялармен ыдырауы өте жай жүретіні жақсы мәлім. Бұны қалай түсіндіруге болады?




    1. Кейбір омыртқалы су жануарларының мысалы, акуланың қаңқасы шеміршектен тұрады. Ал жер беті жануарларының қаңқасы сүйекті. Экологиялық тұрғыдан бұл жағдайларды қалай түсіндіресіз?




    1. Жаздың ыстық күнінде қала көшесімен салыстырғанда, қалалық бақта ауа температурасы 2,20С төмен, ал орманмен салыстырғанда 1,50С жоғары. Егер

қала көшесінде ауа температурасы 310С болса, онда
орманның ауа температурасы қандай болуы
мүмкін?



    1. Әртүрлі

құрылысты жануарлардың, мысалы, ақ аю мен түйелердің қоршаған ортаға бейімделулерінде қандай ортақ қасиеттер бар?



  1. сурет. Түйе Ақ аю




    1. Ауада үнемі желден көтерілген майда буынаяқтылар мен өрмекшілер, тұқымдар мен споралар кездеседі. Неліктен құрлықта өзінің денесі арқылы ауаны сүзіп, қоректенетін отырыңқы жануарлар болмайды?




    1. 3 қала ауасында 5000 микроағзалар болады. Егер орманның ауасында қаламен салыстырғанда микроағзалар 9 есе аз болса, онда 1м3 орман ауасында қанша микроағзалар болады?




    1. Судың беткі қабатында тіршілік ететін ағзаларға қандай антропогендік фактор әсер етеді?




    1. Суда белсенді қозғалатын барлық ағзаларға қандай қасиеттер тән?




    1. Жерде неліктен бірде – бір түр өзінің шектеусіз көбею қабілеттілігін тіршілігінің соңына дейін орындай алмайды?




    1. Бір кененің ұрпақтары бір жылда жердің бір метр қалыңдығын жабатындай санды құрай алады ма? Бұл табиғатта жүреді ме? Жүрмесе неліктен, түсіндіріңіз.




    1. Тұқымның (бұршақ, асбұршақ) өнуіне су мен жылудан басқа тыныс алуы үшін ауа да қажет екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрсетіңіздер. Неліктен өсімдіктердің топырағын қопсытады?




    1. Жер планетасын мекендеушілерге атмосфераның маңызы қандай?




    1. Тамырға тыныс алу үшін ауа қажет екендігі дәлелденген. Әсіресе оттегіні қарқынды түрде сіңіретін, жас өсіп келе жатқан тамырлар қажет етеді. Су қоймаларда өсетін гүлді өсімдіктер тамырына ауа қалай барады?

    2. Оттегі мен көмірқышқыл газының арақатынасы табиғи суқоймаларда тұрақты болып қалуда. Суқоймаларда қандай организмдер көмірқышқыл газын пайдаланып, оттегінің орнын толтырып тұрады?




    1. 19 суретті мұқият қараңыз. Жыртқыш-қоңыз бен топырақ микроорганизмдері сияқты әртүрлі топырақ организмдерінің осы ортаға бейімделуінде қандай ортақ белгілер бар?




  1. сурет. Топырақ мекендеушілері




    1. Төмендегі сызба нұсқаны пайдалану арқылы тәжірибе жүзінде элодея өсімдігінде тұрақты оттегінің түзілуіне әсер ететін факторларды анықтаңыздар.

  1. Бірдей температурадағы (20О) сумен толтырылған үш стаканға элодея су өсімдігінің сабағын салып, үстінен пробиркалы воронкамен жабыңыз.

  2. Бірінші стаканға 20 см. екіншісіне 40 см. және үшіншісіне 80 см. арақашықтықта электрлі лампалары орнатылады Тәжірибе соңында стакан суының температурасының өзгерісін тексеріңіз. Қандай қорытынды жасауға болады?




    1. Биологтарға мәлім, 1 сағатта (яғни 40г) адам дем алғанда қанша көмірқышқыл газын шығарса, 50 м2 жасыл орман сонша көмірқышқыл газын 1 сағатта сіңіреді. 1 га жасыл орман сағатына қанша көмірқышқыл газын сіңіреді? Ал адам осы мөлшерде қанша көмірқышқыл газын шығарады?




    1. 20 суреттегі биология кабинетінде, бөлмелерде өсірілетін гүлді өсімдіктерді қараңыздар. Жапырақтары ине тәрізді, жапырақтары кең тақталы өсімдіктерді табыңыз. Жапырақтардың құрылысы бойынша бұл бөлме өсімдіктерінің отанын немесе табиғаттағы тіршілік жағдайын анықтаңыз.





  1. сурет.Бөлме өсімдіктері




    1. Тропикалық орхидея өсімдіктерінде ауада бос, салбырап тұратын ауа тамырларын кездестіруге болады. Олар қандай рөл атқарады?




    1. Жануарларда судың жетіспеушілігіне байланысты қандай бейімделушіліктер қалыптасқан? Нақтылы мысалдармен жауап беріңіз.




    1. Нүктелер орнына тиісті терминды жазыңыз. Эволюция нәтижесінде организмдерде қалыптасқан қоршаған ортаға әртүрлі бейімделушіліктер деп

аталады.



    1. Ареалдың салқын жақтарында жылы жақтағылармен салыстырғанда, көбіне қоңыр боялған бауырымен жорғалаушылар кездеседі? Мысалы полярлы шеңбер жақтарда тіршілік ететін улы жылан қара, ал оңтүстіктегісі ашық түсті. Неліктен бұлай?




    1. Көптеген организмдердің тіршілігінде қолайсыз температуралық жағдайлардың суық кезеңдерінде тіршілігі бәсеңдейді. Бұл құбылысқа мысал келтіріңіздер.




    1. Жарғанатттарға жарық әсер етпейді, кейде жарық жердерде, ашық верандаларда, адам жүрген және жарық жанып тұрған жерлерде ұшып жүреді. Осы жануардың іс -әрекетінің себебін түсіндіріңіз.




    1. Азотсыз өсімдіктер дұрыс дами алмайтыны белгілі. Атаңыз: өсімдіктер өзін азотпен қамтамасыз ету үшін эволюция процесі барысында қандай бейімдеушіктер пайда болған? 6-кестені толтырыңыздар.

6-кесте



Өсімдік атауы

Азотты өндіру жолы










    1. Көптеген төмен температуралы қатты қыстары болмайтын ыстық шөлдің жануарлары ұйқыға кетеді. Бұл құбылысты түсіндіріңіз.





  1. сурет. Су өсімдіктері

    1. Бүкіл су өсімдіктері алуан түрліліктеріне қарамастан, өзінің тіршілік ортасының ең негізгі ерекшеліктеріне бейімделуі тиіс. 21-суреттегі су өсімдігінің өз тіршілік мекен орнына бейімделушілік қасиеттерін атаңыз.




    1. Бозқұтан суда, таяз суларда көбіне батпақты жерлерде, биік шөптесінді жерлерде тіршілік етіп, балықтармен және қосмекенділермен қоректенеді. Оның ұзын аяқтарына, қауырсындарына, саусақтарының орналасуына, мойнымен тұмсығының ұзындығына назар аударыңыз. Бозқұтанның қоршаған ортаға бейімделушілігі немен түсіндіріледі




    1. Ортаның қолайсыз жағдайларына организмдердің бейімделуінің үш негізгі жолы бар: бағыну, қарсыласу және қашу. Төмендегі келтірілгендер қандай әдіске жатады:

а) солтүстік жақтан оңтүстік аудандарға қыстауға құстардың күздік қайтуы; б) боз аюдың қыстық ұйқысы;
в) қыста –400С темературада полярлы үкінің белсенді тіршілігі;
г) бактериялардың температура төмендегенде спора күйіне көшуі;
д) түйенің денесінің күндіз 370 С-тан 410С-қа дейін қызуы және таңға қарай 350 С-қа дейін салқындауы:
е) адамның моншада 1000 С температурада болуы, бірақ оның ішкі температурасы қалыпты қалады- 36,60 С:
ж) шөлде 800 ыстықта кактустардың өсуі;
з) қар қабатында қара бауырлардың қатты аяздарды көтеруі?



    1. Ағылшын жазушысы Джеймс Олдридж сегізаяқтың мына қызық ерекшелігін сипаттаған: “сегізаяқтар қоршаған ортаның түсіне сәйкес өте тез арада сәтті түрде басқа түске боялады. Мен оны бір рет өзім ұсталынған сегізаяқты газеттің үстіне салғанда сегізаяқ сол сәтте ақ және қара жолақтары бар жол-жол болып бір сәтте түсін өзгертті”. Неліктен сегізаяқтар реңін өзгертті?




    1. Орта Азиядағы адамдардың жылы сарайларында әдетте қыстық ұйқыға кететін агамалар мен геккондар, табиғатта бүкіл қыс бойы белсенділік көрсетеді. Жылы қыстың және жиі жылудың болуына байланысты, көптеген жыландар жер бетіне шығып, күнге жылынады. Неліктен бұл жағдайларда бауырымен жорғалаушылардың үздіксіз қыстық ұйқысы жоқ?

    1. Ғалымдардың зерттеулері бойынша сұр қарлығаштардың балапандары күрт салқындағанда мелшиіп қалады да, ал ересек құстар ондаған км жерге ұшып кетеді. Күн жылығанда ата-аналары ұшып келеді, біртіндеп мелшиген күйден шығатын балапандарын зорлап қоректендіреді. Балапандардың уақытша мелшию қабілеттілігінің маңызын түсіндіріңіз.




    1. Сахара шөлінде болған ғалымдар, ол жерде тіршілік ететін бунақденелілердің аяқтарында жіңішке хитинді тікенектері бар желпуіштерінің болатынын байқаған. Тышқандардың, бархан мысықтарының және фенектердің табандарында мамықтар көп кездеседі. Шөлде тіршілік ететін геккондардың әдетте саусақтарының ұштары кеңейіп желпуіш тәрізденген. Шөл мекендеушілерінің аяқтарының сыртқы құрылысындағы мұндай ұқсастықты қалай түсіндіруге болады?




    1. Биологтар теңбілсіз және жолақты емес жануарлардың (жолбарыстардың, қабандардың, пумалардың, тапирлердің) балалары көптеген жағдайда реңді және жолақты болып туатынын байқаған. Бұндай реңді болудың себебін түсіндіріңіз.




    1. Теңіз жануарларын ғалымдар басаяқты былқылдақденелілердің өкілдері: кальмарлар, сегізаяқтар, теңіз құрттары қорғануда шабуылдаушы жыртқышты көре алмайтындай ететін қоңыр сұйықтың тамшыларын шығаруға қабілетті дейді. Бірақ кальмарлар мен теңіз құрттары күн сәулесі жетпейтін тереңдерде кездеседі, сондықтан бұндай бейімделушілік оларға қорған бола алмайды. Басқа тереңде тіршілік ететін жануарлардың қорғану ерекшеліктеріне сүйене отырып, басаяқтылардың қорғану әдістерін ұсыныңыз.




    1. Дұрыс жауапты таңдаңыз. Жыртқыш өте әлсіз жануарларды өлтіре отырып, таңдамалы түрде әлсіз, ауру, баяу қозғалатын яғни өздеріне жемді табу қабілеттілігі төмен жануарларды жояды. Бұл процесте күштілер ғана іріктеледі. Жыртқыштың іс әрекеті қандай процеске негіз бола алады?

а) селекция б) эволюция
в) бәсекелестік г) консорция
д) интродукция



    1. Тропикті аймақтарда өсетін баобаб өсімдігі жаздың ортасында, нағыз ыстықта жапырақтарын түсіреді. Неліктен?




    1. Өкпесінің болуына қарамастан, кит құрлыққа түскен кезде бір сағат та өмір сүре алмайды. Неліктен?

    2. Жануарларда судың жетіспеушілігіне қандай бейімделушіліктер қалыптасқан? Нақтылы мысалдармен жауап беріңіз.




    1. Неліктен көптеген жануарлар суық ауа райында домалақталып, бүктеліп ұйықтайды?




    1. Мұзды суда тіршілік ететін киттер, итбалықтар, морждар тұрақты түрде денесінің жоғарғы температурасын сақтайды? (400С)




    1. Неліктен қатты ыстықта ит тілін шығарады?




    1. Ареалдың салқын жақтарында жылы жақтағылармен салыстырғанда, көбіне қоңыр боялған бауырымен жорғалаушылар кездеседі? Мысалы полярлы шеңбер жақтарда тіршілік ететін улы жылан қара, ал оңтүстіктегісі ашық түсті. Неліктен бұлай?




    1. Неліктен құстар мен сүтқоректілер төменгі сыртқы температураны жоғарғыға қарағанда жақсы көтереді?




    1. Екі оқушы бақаның, крокодилдің және бегемоттың ортақ қасиеттері болады ма деп таласты. Бірінші оқушының пікірі- бұлардың арасында ешқандай ұқсастық жоқ: бақа кішкентай, секіргіш, шыбындар мен масалардан басқаларға зиян келтірмейді; крокодил үлкен және тісті жыртқыш; бегемот үлкен, епсіз және шөпті жейді. Екіншісінің пікірі: оларға ортақ қасиетті көрсетті: бұл жануарлар суға түскен кезде көздері мен танаулары су бетіне орналасатынын айтты. Неліктен бұндай әртүрлі жануарлар кейде ұқсас болады?




    1. Индикатор организм, бұл-

а) ортаның белгілі сипаттамаларындағы өзгерістерді өздерінің мінез құлқымен, тіршілік мүмкіншіліктерімен көрсететін экологиялық бейімделушілігі тар, шектеулі организмдер
б) организмдердің популяцияларының немесе колониялардың басын беретін особь (дара)
в) бұрын тірі организмдері болмаған участоктерде алғашқы болып мекендеген және бірлестік түзуге өздерінің іс-әрекеттерімен дайындайтын өсімдіктер мен микроорганизмдер түрлері
г) құстармен қоректенетін организмдер жиынтығы д) құстар арқылы тозаңданатын өсімдіктер



    1. Судың түбінде орналасқан балдырдың түрге тән пішіні және кеңістікте нақты орны болады. Судың қайтуы кезінде құрғақ жерде олар умаждалған шүберекке ұқсайды. Бұл немен байланысты?

    2. 22-суретке қарап, лиана өсімдіктерінің жапырақтары мен гүлдерінің жарыққа шыдамдылығын түсіндіріңіз.




  1. сурет. Лиана өсімдіктері: 1-жалаңаш шырмауық, 2-ырғай




    1. Альголог ғалымдар қоңыр балдыр ламинарияның, қантты немесе теңіз капустасының қалаға жақын теңіз шығанағында тез өсетінін көрсеткен. Бұл немен байланысты?




    1. 23- суретте қанқызы қоңызының қоршаған орта температурасына тәуелділік саны көрсетілген




  1. сурет. Қанқызы қоңызының қоршаған орта температурасына тәуелділік саны

Сурет мәліметтерін пайдаланып:
а) осы бунақденелілерге оптималды температурасын б) оптимум зонасындағы температура диапазонын в) пессимум зонасындағы температура диапазонын г) екі қауіпті нүктені
д) түрдің шыдамдылық шегін көрсетіңіз.



    1. Қоршаған ортаның ылғалдылығының өзгеруімен байланысты өсімдіктердің қозғалысы қалай аталады?

    2. Тундрадағы өрт кезінде, көлік өткен кезде, құрылыс уақытында мүк жабынының тұтастығының бұзылуы ландшафтты қалпына келмейтін өзгеріске ұшыратады. Жер бетінің тұрақты формаларында сайлар, батпақты – көлді шатқалдар, көшкіндер пайда болады. Бұл құбылыстар немен байланысты?




    1. Көптеген мүктердің табиғи жағдайларда жеке өсімдіктермен емес бір – біріне тығыз орналасқан шымтезектермен бірге өсетінін қалай түсіндіруге болады?




    1. Цеце шыбыны +80 температурада қимылсыз, + 100 температурада қимылдай бастайды, +140 жоғары жағдайда ұшады, +210 тез және көп ұшады.

«Цеце шыбынының белсенділігіне температураның әсері» графигін салыңыз.



    1. Өздеріңізге белгілі өсімдіктер патшалығының өкілдерін жоғарғы және төменгі температураларға байланысты дәрежесі бойынша орналастырып,→ экологиялық топтар құрастырыңыз: жылу сүйгіштер, суыққа төзімділер, аязға төзімділер.




    1. Қылқан жапырақты орман мен мұхит экологиялық жүйелеріндегі өлі және тірі табиғат факторларын анықтаңыздар (7-кесте).

7-кесте



Экожүйе типтері

Табиғаттың тірі факторлары

Өлі факторлары

Қылқан
жапырақты орман







Мұхит










    1. Өзіңіздің таңдауыңыз бойынша табиғатта кез келген жануарды бақылап, оның тіршілік ортасына сипаттама беріңіз. Ондағы өлі және тірі табиғат факторларын көрсетіңіз. Бақылау нәтижелерін сызбанұсқа түрінде

Тіршілік ортасы


Факторлар… Факторлар… Факторлар…



    1. Жауынқұртын табиғатта қай жерде көргеніңізді есіңізге түсіріңіз. Оның тіршілік ортасын сипаттаңыз.

а) өлі табиғат факторлары, б) тірі табиғат факторларын көрсетіңіз.



    1. Ылғалды ортада төсек қандаласы тіршілік ете алмайды. Осыған байланысты қандай қорытынды жасауға болады?




    1. Тәжірибе жасаңыз: екі бірдей шыны ыдыс алыңыз. Бір ыдысқа қайнаған су, екіншісіне тұндырылған қайнамаған су құйыңыз. Екі ыдысқа да түрлері

және пішіндері бірдей балықтар орналастырыңыз. Балықтардың мінез – құлқын бақылаңыз. Қай балық оттегінің жетіспеушілігін бірінші сезінді, содан кейін балықтарды аквариумға жіберіңіз. Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіз. Балық ағзасында оттегі қандай рөл атқарады?



    1. Сізге орта факторлары ұсынылған. Олардың әрқайсысының әртүрлі тірі ағзаларда атқаратын рөлін көрсетіңіз. Жауабын кестеге толтырыңыз.

  1. Жарық

  2. Температура

  3. Су

  4. Минералды тұздар

  5. Оттегі

  6. Көмірқышқыл газы

  7. Жердің магнитті өрісі

  8. Радиация

  9. Шу

  10. Қышқылды жаңбырлар

  11. Электромагнитті сәулелену




  1. 24-суретті пайдалана отырып, температураның өсімдікке әсер етуін түсіндіріңіздер.

24– сурет. ( Б.Небел бойынша) Температураның өсімдікке әсер етуі: 1 –өлім, 2 –қарқынды стресс, 3 – оптимум зонасы, 4 – тұрақтылық диапазоны





  1. Кино түсіру тобында жыланның тіршілігі жайлы фильм түсіру тапсырылған оператор жұмыс кезінде түсірілген кейбір кадрларды көріп таң қалған. Жаздың күні жалғыз өзі тіршілік ететін жылан, қыста ондаған, тіпті жүздеген топпен тіршілік етеді екен. Биолог – ғалым оған бұл жануардың мінез- құлқын түсіндіріп берді. Бұл эпизодты ол қалай түсіндірді?

  2. 8-кестені толтырыңыздар. Орта факторларының тірі ағзалар тіршілігіндегі мәнін анықтайтын бірнеше мысалдар келтіріңіздер.

Орта факторларының тірі ағзалар тіршілігіндегі мәні
8-кесте



Орта факторлары

Фактордың экологиялық сипаттамасы










  1. Биологтар тундраның жануарлар әлемін зерттеген. Тундра түрлердің сан жағынан және жалпы биомасса жөнінен өте кедей. Топырақ бетінде өрмекшілер мен ызыңдауықтар, ал батпақты жерде сақиналы құрттар мен маса дернәсілдері бар. Өсімдік қоректі насекомдарды жоқ деп есептеу керек. Өсімдікпен қоректенетін басты түрлерден сүтқоректілер ғана (кемірушілер мен тұяқтылар) өмір сүреді. Тундраның жануарлар әлемі биомассасының төмендігінің негізгі себебін қалай түсіндіруге болады?




  1. Шымтезекті батпақтарда ылғалдың мөлшерінің көп болуына қарамастан көптеген өсімдіктерге судың жетіспейтіндігі белгілі. Бұның немен байланысты екенін түсіндіріңіз.




  1. Өсімдіктердің ұрықтану кезеңі жоғары температурада жүретіндігі белгілі. Жоғарғы таулы және арктикалық өсімдіктердің гүлдерінің ұрықтануына қажетті температура қалай орнатылады?




  1. Солтүстікте төсемелі өсімдік формаларынан аласа қайыңдардың, шыршалардың, самырсынның жерден жоғары көтеріліп тұратын жоғарғы бұталары әдетте жартылай өлі немесе өлі күйде болса, ал төселіп жатқан түрлерінің өкілдері тірі болады. Осыны түсіндіріңіз.




  1. Сіздерге өсімдіктерді суару керектігі белгілі. Әрбір жеке жасушаға су қажет пе және неліктен?




  1. Шырша тамырының топырақ бетіне жақын, ал қарағайдың тамыры керісінше тереңге кететін түрлері кездеседі ме?




  1. Сіздер жауынқұрттары көп топырақ өсімдіктер тіршілігі үшін неліктен қолайлы екендігін түсіндіріңіз.




  1. Ауылшаруашылығында топырақты азотпен байыту қандай өсімдіктерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады?




  1. Батпақты жерде «батпақты газ» (метан) бөлінеді. Осы газдың түзілуі қандай тірі ағзаның әсерінің болуымен байланысты ?

  2. Төмендегі берілген факторларды

3 категорияларға – абиотикалық, биотикалық, антропогендік бойынша бөліңіз: жыртқыштық, ормандарды кесу, ауа ылғалдылығы, ауа температурасы, паразитизм, жарық, ғимарат құрылысы, ауа қысымы, бәсекелестік, зауыттардан көмірқышқыл газының бөлінуі, судың тұздылығы, судағы еріген оттегі мөлшері, бақтағы «қарақшы».



  1. Бір фактор келесі бір фактордың қажеттілігін, іс - әрекетін толығымен алмастыра алады ма?




  1. Тірі ағзаларға зиянды факторлардың көптігіне қарамастан, теңіз суының жоғарғы қабатында 5 см қалыңдықта неліктен тірі ағзаларға толы, мол?




  1. Су ағынымен губкаларға керекті заттар мен зат алмасу өнімдері бөлініп отырады, олар губкаларға зиянды. Сондықтан барлық губкалар өздерінің дамуын қоршаған судың ауысуы көп мөлшерде болатын жерлерді қалайды. Эволюциялық процестің барысында қатты ағысты теңізде және судың тасу– қайту аймақтарында тіршілік ететін губкаларда қандай бейімделушіліктер қалыптасқан?




  1. Күн жарығы тірі организмдер өміріне өте қажетті. Жарықтың бірнеше түрлі спектрлері болады: көрінетін инфрақызыл, ультракүлгін сәулелері. Көрінетін сәулелер өсімдіктер өмірінде қандай рөл атқарады? Инфрақызыл сәулелер организмдер өмірінде қандай рөл атқарады? Неге ультракүлгін сәулелер организмдер үшін қажетті және өте қауіпті болып табылады? Жердегі тіршілік үшін атмосферадағы озон қабатының ролі қандай?




  1. Көп елдерде көгерген ірімшіктерді пайдаланғанды ұнатады. Оның адам денсаулығына зияны бар ма?




  1. Шаң және аэрозольді ұстап қалатын өсімдіктерді атаңыз, сонымен қоса, газға тұрақты түрлерді отырғызуды ұсыныңыз.



106 . Төмендегі факторлардың қайсысы тежегіш фактор болып табылады? а) мұхиттағы 6000 м тереңдіктегі өсімдіктер үшін: су, температура, көмір қышқыл газы, судың тұздылығы, жарық; б) жазда шөлдегі өсімдіктер үшін: температура, жарық, су; в) қыста Мәскеу маңында орманда қараторғай үшін: температура, қорек, оттегі, ауа ылғалдылығы; г) Қара теңізде қарапайым өзен шортаны үшін: ылғалдылық, температура, жарық, қорек, судың тұздылығы, оттегі; д) Сібір тайгасында қыста қабан үшін: температура, жарық, оттегі, ауа ылғалдылығы,
қар қалыңдығының биіктігі.

  1. сурет. Қабан



107. Губкалардың Баренец теңізінде – шамамен 150 түрі; Ақ теңізде – 50 түрі; Қара теңізде – шамамен 30 түрі; Каспий теңізінде – бір түрдің бірнеше жақын формалары тіршілік етеді, ал Балтық теңізінің көп бөлігінде теңіз губкалары тіпті жоқ. Осы түрдің таралуына қандай фактор себеп болатынын, олардың тіршілік ортасының аталған теңіздердегі шарттарына талдау жасаңыз.


108. +90оС ыстық температурада тіршілік ететін ағзалар бейімделушіліктің дәрежесіне қарай :
а) ыстыққа төзімді эукариот; б) ыстыққа төзбейтін;
в) суыққа төзбейтін;
г) ыстыққа төзімді экологиялық топтарға жатады.
Осы экологиялық топтарға жататын түрлерге мысал келтіріңіздер.



  1. Кесірткелерде мүйізді қабыршақты құрғақ терісі, жақсы дамыған сезім мүшелері, бунақталған аяқ қолдары болады да, бастары бас мойынның көмегімен көкірекпен жылжымалы байланысады. Кесірткелер тіршілігіндегі оның құрылысының бұл ерекшелігінің маңызын түсіндіріңіз. Бұл жануарлардың тіршілік орталарына бейімделушілігі туралы қорытындыны негіздеңіз.




  1. Арктикалық тундра жағдайында өсімдіктің тамырларында 15-20 см- ден астам тереңдікке бармайды, ал Орта Азия шөлдерінде, мысалы жантақтың тамырлары 14 м-дей тереңдіктегі топыраққа кетеді. Бұл құбылысты түсіндіріңіз.




  1. 9-кестені толтырыңыз.

Кейбір ағзалар тіршілігіндегі экологиялық факторлар
9- кесте

Ағзалар

Орта

Экологиялық факторлар

абиотикалық

биотикалық

  1. Өзен алабұғасы

  2. Бақбақ

  3. Балдырлар

  4. Жылан

  5. Тасбақа

  6. Торғай

  7. Бактериялар

  8. Таңқурай

  9. Шырша

  10. Жауын құрты

  11. Көк кит

  12. Өрмекшілер










  1. 10- кестені толтырыңыз.

Кейбір абиотикалық факторлардың ролі (жарықтың, ауаның, судың, жылудың, минералдық тұздардың)


10-кесте



Факторлар

Бактерияларды ң тіршілігіндегі
ролі

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
тіршілігіндегі ролі

Жануарлар тіршілігіндегі
ролі




























  1. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі ондағы қант және глицерин сияқты заттардың концентрациясынан байланыстылығын ғалымдар дәлелдеген. Өсімдіктердің клетка шырынының құрамында кездесетін бұл заттар 00 С температурада су молекулаларының кристалдарға айналуына жол бермейді. Процесс өте төмен температураларда да жүреді. Осы мәліметтер негізінде көптеген өсімдіктер үшін қалайша көктемдегі ұзақ үсіктер қорқынышты емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет