Егер бірнеше жыл қатарынан жауынды жыл болса, аралдарда қандай құбылыс орын алады ?
Су қоймаларын су басып кеткен жағдайда, оның акваторийлерінде аралдар пайда болған. Қандай өзгерістерді байқауға болады? Оларға аралдың мөлшері, ауданы қалай әсер етеді? Ауданға байланыссыз, тәуелсіз қандай өзгерістер болуы мүмкін?
Егістіктің географиялық орналасуынан басқа, вегетациялық барлық жағдайлар мен шарттары бірдей жағдайларда өсірілеген бидай өнімділіктерінде айырмашылық бола ма?
Неліктен бөлме “гүлдері” ретінде негізінен субтропикалық және тропикалық өсімдіктерді пайдаланады?
31 – суретте келтірілген сызбанұсқаларды мұқият талдаңыз. Әр нұсқа бойынша жауап беріңіз. Қай түр қолайлы түрішілік жағдайында бола алады: біріншіде ме, екіншіде ме?
сурет. Фактордың өзгеруіне байланысты түрдің бейімделу функциясының өзгеруі.
1 немесе 2 деп белгіленген қай организмдердің толеранттылығы жоғары?
1 2
32 сурет. Температураға байланысты 2 әртүрлі организмдердің бейімделу функциясы.
Қоршаған ортаның біріккен қандай факторларының жиынтығы дала экожүйесін қалыптастыруда анықтаушы рөл атқарады:
а) бедер мен күн радиациясының белсенділігі
б) жел және ортаның ылғалдылығының жетіспейтін деңгейі в) ортаның ылғалдылығы және кемірушілердің әсері
г) ылғалдылықтың жетіспеушілігі, тұяқтылардың жайылуы мен құрғақ өсімдік әлемінің ауық-ауық өзгеруі.
Қала территориясында жаз айларында үлкен сары шымшық соңғы кездерде кездеспейді, ол жағдай нені көрсетеді?
Қоңыржай белдеу территориялардың қандай биотопынан сіз суккуленттерді іздейсіз? Неге?
Экологиялық байланыстылықта көрсететін сөздерден жұптарды құрастырыңыз:
от, сары ауызды тышқан, шөлейтті жер, галофиттер, кит, дала, су, жөке, қар көшкіні, сиырлар, түйе тікен, маржан рифтері, Альпі шалғындығы, құм, секіргіш – қоңыз, тұзды топырақ, сексеул, мұхит.
33-сызбанұсқаның қай нұсқасы ерте, жас кездегі өлудің жоғары деңгейін көрсетеді?
А Б
сызбанұсқа
Өзінің таралу ареалының қандай бөліктерінде түр алуантүрлі биотоптарды меңгереді және неге? Мысалдар келтіріп, түсіндіріңіз..
Төмендегі келтірілген варианттардан дұрыс жауапты таңдаңыз. Көл бақасы үшін тундрадағы шектеуші факторлар:
А) ылғалдылық Б) температура В) желдің күші Г) жыртқыштар
Д) атмосфералық қысым Е) желдің бағыты
Ж) судың тұздылығы.
Таза суық сумен кішірек өзенде тоған жасалынған. Қалай ойлайсыздар, осындай тоғанда өзенге тән организмдердің қайсылары тіршілік ете алмайды, ал керісінше, қайсылары өзінің санын көбейтеді?
Құлпынайдың вегетация жағдайына, оның күйіне көктемде құрғақ шөптерді өртеудің әсері қандай?
сурет. Құлпынай
Тіршілік шарттарының едәуір өзгеруі жағдайында, мысалы, климаттың сууы кезінде немесе керісінше, едәуір жылуда түрлердің байлығы ұлғаяды немесе кемиді. Биотоп шеңберінде тіршілік түрлердің саны қалай өзгереді?
Көбелектің тұмсығының ұзындығы жемдік өсімдіктердің күлтесінің ұзындығына сәйкес келетіні белгілі. Осы бейімделушілікке байланысты көбелектерде тағы қандай бейімделушіліктерді атаңыздар.
Тайгадағы бұғының тіршілік етуді қамтамасыз ететін қандай негізгі бейімделушіліктер бар? Неліктен бұғылар тундрада кездеспейді?
Қандай насекомдар өсімдіктерді тозаңдандырады. Тозаңдандырушы организмдерде қандай бейімделушіліктер қаллыптасқан?
Егер ылғалдылық тұрақты, ал жылу мөлшері өзгеретін жағдайда қандай экологиялық нәтиже болуы мүмкін? Шынайы өмірде мұндай құбылыс мүмкін бе?
Ортаның маңызды факторларының қандай бірлесуі жер шарындағы организмдердің зоналды таралуын анықтайды( толық жауапты таңдаңыз).
А) жел мен теңіз ағысы
Б) күн радиациясының әртүрлі ағыны мен бедері
В) күн радиациясының мөлшерінің өзгеруі мен ылғалдылық коэффициенті
Г) күн радиациясының ағыны мен бедердің біріккен әртүрлілігінің, ылғалдану коэффициентінің алуантүрлілігі.
Құндыздар тіршілік ететін өзендерде, құндыздар болмайтын су қоймаларына қарағанда балықтардың көп болатынын балықшылар біледі. Бұл фактіні қалай түсіндіруге болады?