Биотикалық бірлестіктерде өздерінің трофикалық статусы бойынша организмдер қалай бөлінеді?
Дұрыс жауапты таңдаңыздар. Дала биоценоздары тұяқты жануарлардың қатысуынсыз қалыптасуы мүмкін емес, өйткені:
А) тұяқты жануарлар даланың өсімдік қабатын қалыптастыратын тығыз тығыз бұтақты астық тұқымдастыларды әлсіретіп, азайтады, сиретеді.
Б) шөп қоректік жануарлар шымды өздерінің тұяқтарымен бұзып, өсімдік тамырларына атмосфералық ауаның жақсы енуіне жағдай жасайды.
В) тұяқты жануаралар аминқышқылдар мен микроэлементтермен бүкіл өсімдік бірлестіктерін қамтамасыз ететін мөлшерде топырақты тыңайтады.
Түрлік алуантүрлілікті сақтау үшін ұлттық бақтың ішіндегі
жайылымдарда қандай
бунақденелілерді өсіруге энтомологтар ұсыныс жасады ? Неліктен?
Өзен суы жайылған
жайылымдардың бірлестіктерінде экологтар неге алуантүрлілікті сақтау үшін бақ қызметкерлеріне көктемде өртеуді ұсынған?
5. Орманда өсетін
Қандай жануарлар өте жұқпалы ауруларды таратуға бейімделген?
Бунақденелілердің биологиялық алуантүрлілігін сақтау мақсатында шаралар ұйымдастыруға әкімшілік қаржы бөлді, сонымен қатар экологтарға территорияларды толығымен қорықтандыру шараларын қарастыруды ұсынды. Экологтар бұл идеяны қолдамады. Экологтардың неліктен келіспеу себебін түсіндіріңіз. Әкімшіліктің қатесі неде ?
Нүкте орнына сәйкес терминді жазыңыз.
Кез келген биоценоз абиотикалық параметрлердің белгілі үйлестірілген жиынтығымен сипатталатын........деп аталатын
неорганикалық субстратта дамиды.
Сұлыны өсіру тәжірибелерінде топырақта жауын құрттарының болуы өнімділікті 54% жоғарылатады. Агроценоздардағы жауын құрттары мен мәдени өсімдіктер арасында қандай байланыстар пайда болады?
Суретте келтірілген биоценоздардағы өсімдіктер мен алуантүрлі жануарлар арасындағы трофикалық деңгейлердегі әртүрлі қоректік байланыстарды түсіндіріңіздер.
сурет. Биоценоздар жануарлары
Жағалаулы экожүйенің шөптесінді бірлестігіне үй қаздарын жаю қандай әсерін тигізеді ?
Адам әсері болмайтын биотикалық бірлестік биоценоздың қандай типіне жатады?
Аңшылар қояндардың санын көбейту мақсатында қойлар мен ешкілерді жоюды толығымен тоқтатуды ұсынды және ірі қара малдарды анда – санда ғана жаюға келісіп, пішен шабуға қарсы болмады. Олардың бұл әрекетін түсіндіріңіз.
сурет. Қойлар мен ешкілер
Ауыл шаруашылығы жүргізілетін территорияда кішігірім көл бар, онда үнемі қаздар тобыры жайылады. Сіз қалай ойлайсыз, егер қаздарды жаюды тоқтатса, не болар еді ?
Орта Азияда будандасу кезінде көптеген ұрпақ бере алатын торғайлардың бірнеше түрлері кездеседі. Бірақ табиғатта іс жүзінде олардың арасында гибридизация байқалмайды. Оқшаулану қандай механизмдердің есебінен жүреді ?
Қандай өсімдік бірлестіктерінде адамның әсері күштірек сезіледі: далалық па немесе тундралық па ?
Форелдерді сақтау мақсатында экологтар өзеннің жағалауындағы бұталарды толығымен кесуге тыйым салды және толығымен өзен маңында құрылыс жүргізуге қарсы болды. Неге ?
Қорықтық далалар мен пішен шабындықтардың участоктарымен салыстырғанда
жайылымдарда
омыртқасыздардың қандай топтары салыстырмалы көп болады ? Неге ?
Орташа рекреациялық жүктеме жағдайында неліктен экожүйелердің өсімдік жамылғысының және фаунасының түрлік байлығы ұлғаяды? Қандай түрлер есебінен?
Маржан рифтері биоалуантүрліліктің ең нәзік бірлестіктерінің мысалы. Маржан рифтері қандай организмдерден құралады және неліктен қоршаған ортаның әсеріне сезімтал ?
сурет. Маржан рифтері
Омартаға жақын және 5 км қашықтықтағы территорияға жоңышқа мен люцернаны егу осы өсімдіктердің тұқымдарының өнімдеріне әсерін тигізе ме?
1 2 3
сурет.1-омарта; 2- жоңыршқа; 3- люцерна.
Газ және мұнай құбырларын салу өсімдік бірлестіктеріне қалай әсер етеді?
Дала жануарларының қазу іс – әрекеті (тышқан, аламан, атжалман, сарышұнақ және т.б) шөпті бірлестіктерде қалпына келтіруші немесе дигрессиялық процестердің дамуына қажетті жағдайлар тудырады ма? Неге ?
Суретте келтірілген қоректік байланыстарды түсіндіріңіз. Суреттегі әрбір организмдердің қасындағы сандар нені білдіреді?
сурет. Қоректік тор
Электр тасымалдаушы жүйелер астында орналасқан омыртқасыздардың фаунасына әсер ете ала ма?
Сіз қалай ойлайсыз, агроэкожүйедегі экологиялық бірлікті көрсетіңіз.
А) бөлек егістік Б) ауыспалы егіс
В) жеке шаруашылықтың шекарасы.
Апат кезінде мұнай өнімдері бір бөлігі су қоймаларын түседі, олар бүкіл су айнасының бетін жұқа қабықшамен жабады. Су қоймасында қандай қандай жануарлар өледі, ал қандайлары тірі қалады ?
Суретте келтірілген трофикалық А, Б, В, Г әртүрлі деңгейлердегі экологиялық топтарды атаңыз және олардың биоценоздағы атқаратын функцияларын сипаттаңыз.
сурет. Әртүрлі трофикалық деңгейлер
Соңғы кездерде су қоймасынан гольян (кішігірім тұщы суда тіршілік ететін балық) құрып кетті. Биоценозда осы балық түрінің жойылуына байланысты қандай өзгерістер байқалады? Бұл жағдай қандай құбылыстың көрсеткіші болып саналады?
Өзеннің жағалауындағы пішенді шалғындықтарда биологтар, бұл ареалда өте сирек кездесетін балшықшы құстарды тапқан. Мамандаролардыің қоныстанып қалуына жағдайлар жасады, олардың іс – әрекетін түсіндіріңіз. Жергілікті әкімшілікке және тұрғындар үшін ұсыныстар ұсыныңыз.
Бір ауылда рентабельді болмағаннан кейін, сиырлар табынын жоюды ұйғарған. Бұл жәйтті естіген экологтар, шығындарын өтеуге ақша бөледі және жергілікті тұрғындардан малды жаюды сұрайды. Олар мұны не үшін істеді? Ауыл маңында сирек орхидея тұқымдасының және де батпақтанған шалғындықтарда өсетін басқа да қорғалатын өсімдіктердің түрлері тіршілік
ететіні белгілі.
Су қоймасының су айнасының балдырлармен жабылуын тез арада болдырмау үшін, сіз қандай шара қолданасыз?
Торғайлардың популяциялардың тығыздығының кемуі бақтағы алма ағашының зиянкестерінің санына қалай әсер етеді?
Шілде ортасында ауық – ауық орманда қара торғайдың пайда болуы қандай экологиялық өзгерістер тудыруы мүмкін?
Қалайша сібір бұғылары тайга ормандарын өрттен сақтайды?
Шалғындықтарда аралардың саны тышқан тәрізді кеміргіштердің санына байланысты болуы мүмкін бе ?
Шыршалы орман биоценозында қандай түрлер доминантты?
А Б
сурет. Шыршалы және жалпақ жапырақты орман биоценоздары
Қылқан жапырақты орман биоценозында аз санды түрлер қандай рөл атқарады?
Жалпақ жапырақты орман биоценозында орта түзуші түрлер қандай рөл атқарады?
Тұрақты аквариум биоценозын түзетін ағза топтарын атаңыз.
Қалалық саяжай және табиғи орта биоценоздарының өсімдіктер, құстар және сүтқоректілер жиынтығы бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
Қалалық және ауылдық жерлердегі құс базарындағы құстардың доминантты және аз санды түрлерін анықтаңыз.
Бақтар, саябақтар, орман далаларын құрастырғанда адамдар негізгі түрлердің тек аздаған санын таңдайды. Ал табиғи биоценозда түрлер бұдан бірнеше есе көп, сонда біз неліктен тұрақты бірлестік құра алмаймыз?
Қазіргі уақытта антропогенді факторлардың әсер ету қарқындылығы осы кездегі бағытта болса, биоценоздың сақталуы мүмкін бе?
Табиғатта төзімсіз бірлестік болады ма?
44-суретте кеңістік пен ресурстардың түрлерінің популяцияларының бөліну процесі көрсетілген. Бұл процесс қалай аталады? Суретте көрсетілген жануарлардың мысалы бойынша осы процесті түсіндіріңіз.
44–сурет. Африка саваннасында қоректік ярусы бойынша тұяқты жануарлардың орналасуы: 1-
Су қоймаларда, ормандарда, шалғындарда особьтарының бір және әртүрлердің особьтары тіршілік етеді. Кеңістікте түрлердің таралуына қандай факторлар әсер етеді? Бір территорияда мекендейтін особьтарының арасында қандай байланыс болады?
Биомассаның өнімділігі мен қоры қалай ажыратылады?
Амазонияның жаңбырлы ормандары экваторлық ылғалды ормандары да сияқты мол биоалуантүрлілікті тіршілік орны болып табылады. Неліктен
түрлердің алуантүрлілігі жоғары болған сайын, экожүйедегі тұрақтылық та жоғары болады?
45-сурет. Жаңбырлы орман
Биоценоздың түрлік құрылымын қандай экологиялық факторлар қамтамасыз етеді?
Тіршілікте бір жануарлар қауіпті, ал екінші жануарлар пайдалы деген түсініктер қалыптасқан. Ғалым П.Фабра жануарларды пайдалы немесе зиян, дос немесе қас деп бөлуге болмайды деген сөздерін қалай түсінесіз?
Өзара шекаралас биоценоздардың кеңістіктік құрылым мен түрлік алуантүрлілігін зерттеуде шартты шекарада олардың арасында төмендегі шеткі индекстің мәндері алынған: 1,25; 1,38; 2,15. Бұл мәліметтерге сүйене отырып, қандай қорытынды жасауға болады. Берілген құбылыстарды суреттеу үшін қандай сипаттамаларды қолдануға болады.
Ойпаңдар батпақтары мен әртүрлі деңгейдегі далалардың қосқанатты жәндіктерінің қуыршақтарының түрлік алуантүрлілігін үш жыл зерттеу кезінде әртүрлі топтардың организмдерінің биомассаларының келесі қатынастары алынған (сурет 46). Диаграммаларды зерттеп, олардың қайсылары(а,б,в,г) келесі биоценоздарға сәйкес екендігін сипаттаңыз:
1-Құрғатылған батпақ; 2-игеру ұзақтығы бес жылдан астам далалар; 3- құрғатылмаған батпақтар; 4- игерудің бірінші жылындағы далалар. Мұндай трофикалық дәрежесінің өзгерісінің қағидалары қандай?
сурет. Ландшафты игеру дәрежесіне байланысты қосқанатты жәндіктердің қуыршақтарының түрлік алуантүрлілігінің өзгеруі (1-топырақта мекендеуші гетеротрофтар; 2- гидрофильді гетеротрофтар; 3- гидрофобты сапротрофтар).
500 м2 зерттелетін аумақтың шегінде абиотикалық жағдайлардың бірыңғай еместігін және организмдер ассоциациясының қалыптасуын есепке ала отыра, екі биоценоз шекараларында шеткі индекстерді есептеңіздер (сурет- 47).
сурет. Қалыптасқан өсімдіктер ассоциациялары бар биоценозбен орын алған аумақ сызбасы
Төменде келтірілген барлық нұсқалардан дұрысын таңдап, сөйлемді аяқтаңыз. Жер үсті экожүйелерінде редуценттер популяциясының дамуының шектелуі.................
А) қоректену көздерінің жеткіліксіздігінде;
Б) паразиттер мен жыртқыштардың үнемі әсерінде болуынан;
В) тіршілік етудің абиотикалық жағдайларына байланыстылығында; Г) продуценттердің органикалық заттарды жасау жылдамдығында; Д) аумақтық мінез-құлықтық іс—әрекеттерінің ерекшелігінде.
Биоценоз шекарасындағы төртбұрышты аумақтың шеткі индексі 0,01035-ке тең. Бұл индекс не сипаттайды? Зерттелген аумақта шамамен ассоциациялар саны қанша(бірнеше нұсқалар болуы мүмкін, біреуін алып түсіндіріңіздер)?
Арктикалық голец (Salvelinus alpinus) және кәдімгі сига (Coregonus lavaretus) популяциялары үшін ірі көлдерде жоғары полиморфизм тән. Екі түрдін особътері де бір біріне байланыссыз тіршілік етеді, бірнеше ондаған пішіндерді қалыптастырады. Мұндай құбылыстың себептері қандай?
Үш трофикалық тордан тұратын, жайылымдық, детритті трофикалық тізбекті, паразитизмнің трофикалық тізбегін қосатын трофикалық тордың сызбасын құрыңыз. Бірінші реттік консументтің популяциясының санының күрт азаюы немесе жойылуы жағдайында мүмкін нұсқаларды қарастыру.
ДДТ сияқты пестицидтің қолданылуы Еуропа өндірісінде 70-ы жылдардың соңына қарай организмдерде концентрациясының артуымен және
улы әсерлеріне байланысты тоқтатылды. 80-і жылдардың басында Антарктидада ағзасында ДДТ табылған Адели пингвиндер санының азаюы орын алған. Бұл құбылысты түсіндіретін тұжырымдаманы ұсыныңыз.
Сіздерге таныс организмдер шалғындық экожүйесінің қоректік торының жүйесін құрыңыз. Сызбаға негізделіп, жайылымдық және детритті тізбектерге , сонымен қатар паразиттік және жыртыштық тізбектерінен мысал келтіріңіздер.
Көруге қабілетсіз жануарлар қорегін қалай табады? Мысалдар келтіріңіз.
Қазіргі кезде ешқандай антропогендік іс – әрекеттермен бүлінбеген биоценоз сақталады ма? Сақталса, мысал келтіріңіз. Сақталмаса, неліктен?
Орман бірлестігі мен қала бағының түрлерінің әртүрлілігіне мысал келтіріңіз. 33-кестенің мәліметтерін мұқият оқып түсіндіріңіз. Олардың айырмашылықтарының себептерін көрсетіңіз:
А. Орманға қарағанда бақтағы өмір шарттары қолайлылау; Б. Орманға қарағанда бақтағы өмір шарттары қолайсыздау; В. Орман мен бақтағы өмір шарттары бірдей;
Г. Басқа себептер.
13-кесте
Жануарлар мен өсімдіктер топтары
Қала бағы
Орман
Тұқымды өсімдіктер және мүктер
42
4
Жергілікті
201
330
Мүктер мен қыналар
4
24
Ұя салатын құстар
41
74
Сүтқоректілер
13
28
Амфибиялар мен рептилиялар
6
16
Бунақденелілер туыстар
78
102
Биоценоздан қандай да бір түр жойылғаннан кейін, оның орнын басқа организмдер басып, санын көбейтіп, оның рөлін атқарады. Бұндай жағдайда бірлестіктің түрлік әртүрлілігін сақтау не үшін керек?
Биоценоздағы түрлердің сандарының қатынасын зерттеуде қандай негізгі көрсеткіштерді есепке алу керек? Биоценоздағы әртүрлі ярустардың қалыптасу себебін және бұл құбылыстың мәнін көрсетіңіз.
Тайганың кейбір аудандарында 300 жыл бойы өсімдік бірлестіктерінің ауысуы орын алуда. Әртүрлі уақытта келесі бірлестіктер байқалған: жас қарағайлы орман- шырша мен қара жидек. Бұл бірлестіктердің ауысуы қандай реттілікпен жүруі мүмкін? Бірлестіктің әрбір ауысуы жүретін жағдайларды түсіндіріңіз.
Сөйлемдегі бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз.
Бірлесіп тіршілік ететін және бір – бірімен байланысты түрлердің бүкіл жиынтығы … … деп аталады. Биоценоз мүшелері тура және жанама қоректік қатынаста байланысып, бір – біріне …. құрайды. Биоценоздағы көп санды түрлер деп аталады ..
70. Келесі биоценоздардың орта құраушы түрлерін жазыңыз: Ақ селеулі дала Кораллды рифтер Шымтезекті батпақ Құс базары Жалпақ жапырақты орман Қылқан жапырақты орман Қала бағы 48-суретте көрсетілген түрлер арасындағы арақатынастың әртүрлі сипаттағы тығыздығының негізінде туындайтын консорцияны түсіндіріңіз.
сурет. Ағаш консорциясының сызбанұсқасы:
1- жөке ағашының тамырындағы микориза; 2-тамырдың дернәсілдері ; 3- қабық жегіш қоңыз; 4-ағаш жапырағымен қоректенетін жібек құрты; 5-жапырақ жегіш қоңыз; 6-гүлдерді тозаңдандыратын ара; 7-жөке бұтағында орналасқан барылдақ торғайдың ұясы; 8-сабақты қорек ететін бұғылар; 9-жөке тұқымын қолданатын орман тышқаны.
Келесі биоценоздардың орта құраушы түрлерін жазыңыз: Ақселеулі дала
Кораллды рифтер Шымтезекті батпақ Құс базары Жалпақ жапырақты орман
Экологиялық әдебиеттерде биоценоздардағы түрлердің сандық қатынастарын бағалау үшін индексі жиі қолданылады.
Экваториалды жаңбырлы ормандарда 5000 –нан астам өсімдік түрлері (салыстыру мақсатында – тайга ормандарында 200- дей ғана түрлер болады) кездеседі. Осы екі экожүйенің қайсысы қоршаған ортаның әсеріне тұрақтырақ? Неге?
49-сурет. Экваториалды жаңбырлы ормандар
«Биоценоз» термині көбіне құрлықта біркелкі өсімдік әлемінің өкілдерімен ажыратылатын территориялық участокқа қолданылады. Мысалы, шыршалы-қырмызды, құрғақты шалғындық, қарағайлы-мүкті, бидай егістігі және т.б. Табиғи бірлестік – биоценозды түзетін негізгі түрлерді көрсетіп, 14- кестені толтырыңыз.
14-кесте
Шыршалы– қырмызды
Қарағайлы- – мүкті
Бидай егістігі
50-суретті қараңыз. Тоған биоценозының түрлік құрылымын анықтаңыз. Берілген биоценоздың доминантты және аз кездесетін түрлерін
көрсетіңіз.
50-сурет. Тоған биоценозы
Сәуірде батыс бұлбұлы көбейе бастайды. Олардың аналықтарының ұшып келгенін, олардың ән салғанынан байқауға болады. Әрбір аналық аталықтан кейін жалғыз ұшып келеді, Жерорта теңізінен біздің жерімізге дейін үлкен қашықтықтан ұшып келіп, бірін – бірі табуы адамды таңқалдырады. Осы құбылысты түсіндіретін бірнеше гипотезаларды келтіріңіз.
Түрлердің әртүрліліктері неліктен экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін түсіндіріңіз?
Өсімдіктердің немесе жануарлардың белгілі бір түрлері жоғалып кетсе, не болады?
Абиотикалық ортаның биоценоз алатын орнын деп атайды.
Биоценоздардың вертикалды құрылымын қандай абиотикалық фактор анықтайды?
Шаруашылықта үлкен шұңқыр қазып, оны сумен толтырды. Оған бірден балықтарды жіберуге бола ма және қосымша қорексіз олардың сандарының өсуін күтуге бола ма?
Қазақстан далаларының үш участоктерінде ұялайтын құстардың түрлік құрамын Жаккар формуласын пайдаланып салыстырыңыз. Ақ селеу даласы: дала бозторғайы, жазықтық бозторғайы, кіші бозторғай, тасты- билегіш, дала ителгісі, дала бүркіті. Орманда жолақты егістер: дала бозторғайы, кіші бозторғай, дала ителгісі, бөдене, сары қаратамақ, қызғылт шымшық. Орманда жолақсыз егістер: дала бозторғайы, кіші бозторғай, дала ителгісі, тасты- билегіш, қызғыш. Бірлестіктің қай участоктерінде көбейетін құстар құрамы жөнінен бір-бірімен ұқсас болады?
51-суретті мұхият қараңыз. Гүл мен бунақденелілер арасындағы қатынас типі анықтаңыз.
сурет. Гүлдегі бунақденелілер
Чех елінде бақалардың кейбір түрлерін жою өте жоғары айыппұлмен жазаланады. Елде бақалар мен көлбақаларға арналған қорық ұйымдастырылған. Қорықтың негізгі мақсаты әртүрлі қосмекенділердің түрлерін сақтау және көбейту, өйткені қалалардың өсуі мен өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының дамуы әсер етеді. Дұрыс жауаптытаңдаңыз.
А. Тамаққа пайдаланатын жануарлардың санын ұлғайтады Б. Климаттың құрғақшылығына
В. Қосмекенділердің популяциясына қолайлы. Г.Тіршілік орнының санын азайтады.