Р. С. Оразбаева


ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІ



бет4/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
bioekologia-kniga

ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІ





  1. 7-кестені толтырыңыз. 1-інші қатарға негізгі 4 тіршілік ортасын көрсетіңіз. Кестеде ұсынылған сипаттамалардың жиынынан көрсетілген ортаға сәйкес факторды таңдап, кестені толтырыңыздар.

7-кесте



Ортаның сипаттамасы

Орта түрлері













1. Тығыздығы













2. Жарық













3. Температураның ауытқуы













4. Тұщы су мөлшері













5. Оттегі мөлшері













6. Жылу өткізгіштігі













7. Дыбыс өткізуі
















  1. төмен, орташа, жоғары, өте жоғары;

  2. кездеспейді, төмен;

  1. орташа, жоғары;

  2. әлсіз, орташа, жоғары;

  3. аз, көп, орташа;

  4. өте аз, аз, орташа, көп;

  5. төмен, орташа, жоғары, өте жоғары;

  6. төмен, орташа, жоғары.




  1. Қарапайымдылар әдетте тұрып қалған су қоймаларында тіршілік етеді, олар құрлықта тез өледі. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?




  1. Ересек паразит жалпақ құрттар адамдар мен жануарлардың ағзасында тіршілік етеді. Олардың барлығы өз қожайындарының денелеріне бекіну мүшелері арқылы ұсталынып тұрады. Сіздің ойыңыз бойынша, паразит құрттар эволюция процесі барысында бекіну мүшелерінің қалыптасуында тіршілік ортасының қандай ерекшеліктерін ескерді?




  1. Теңіздер мен мұхиттардың түбінде тіршілік ететін былқылдақ денелілердің бақалшақтары тұщы суларда тіршілік ететіндерге қарағанда неғұрлым қалыңдау болады. Ал кейбір планктондар мен былқылдақ денелілердің бақалшақтары толық жойылып кетеді. Бұны қалай түсіндіруге болады?

  2. Құрлықта мекен ететіндердің басты қиыншылықтары – құрғақшылықтан қашу. Осы мәселені шешуде эволюция барысында жауын құрттарда қандай бейімделушіліктер қалыптасты?




  1. Жануарлардан қорғануға арналған өсімдіктердің бейімделушілік механизмдерін атаңыздар.




  1. сурет. Жануарлардан қорғануға арналған өсімдіктер




  1. Бөлме шыбыны дернәсілінің тіршілік ортасының сипаттамасын оқыңыз.

«Ұрғашы шыбындар малдың қиына, шіріген қалдықтарға жұмыртқа салады. Мұндай тіршілік ортасында әрқашан жылы, жем көп, төменгі қабатта оттегі аз болуы мүмкін. Осы ерекшеліктерге байланысты дернәсілге басқа жерден қорек іздеу қажет емес және оның құрылымы басқа бунақденелілердің дернәсілдеріне қарағанда күрделі емес. Оның басы, аяғы жоқ, тыныс алу жолдары денесінің аяқ жағында орналасқан. Әдетте, дернәсіл аяқ жағын жоғары қаратып тұрады. Дернәсіл тез дамиды». Шыбын дернәсілінің құрылымы мен мінез – құлқының тіршілік ортасымен байланыс ортасының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.



  1. Көп нүктенің орнына қажетті терминді жазыңыз. Судың жоғарғы жағы мен ауа шекарасы аралығында тіршілік етушілер деп аталады.




  1. Қырыққабат ақ көбелегі шамамен 250 жұмыртқа салады. Егер де әрбір жұмыртқаны жартысы ұрғашы ересек бунақденелілерге айналады деп есептесек, онда 3-ші ұрпақта көбелектердің саны 3906250 особтерге жетер еді. Табиғатта бұлай болмайды, неліктен? Қырыққабат ақ көбелегінің көп өнімділігінің мәніне қорытынды жасаңыз.




  1. Сазанның денесі жалпақ, тістері өткір және мықты, ол аузын түтік тәрізді қимылдата алады. Сазанның осы ерекшеліктері тіршілік ету ортасымен қандай байланыста екенін түсіндіріңіз.




  1. Кенгуруды мысалға ала отырып, қалталылардың тіршілік ортасына бейімделушіліктерін көрсетіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет