Р. С. Оразбаева



бет8/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
Байланысты:
bioekologia-kniga

ПОПУЛЯЦИЯ





  1. Неліктен өз ареалының шекараларында түр локальді шоғырланған популяциясын құрайды?




  1. Популяцияда 40 дара организмнен түзілген. Жыл сайын адамдар 15 дараларды пайдаланады, ал популяция көбею нәтижесінде үштен бірге ұлғайып отырады. Осы популяциядағы 4 жылдан кейінгі болатын жануарлардың мүмкін санын анықтаңыз.




  1. Әрбір тайга ормандарының бірінде тиіндер популяцияларында 100 дара бар. Жыл сайын туылған олардың саны тиіндердің жалпы санының 40%-ын құрайды. Қоршаған ортаны қорғау мекемесі популяция азаймас үшін тиіндерді атуға қандай шектеу қою керек?




  1. Популяциядағы леммингтердің популяцияларының максималды саны 500 дара. Орта қысымының (а=1) көрсеткішін ескере отырып, егер меншікті өлім жітім бірге, ал меншікті туылым 1,5-ге тең жағдайдағы 10жыл бойындағы популяциясының өсу қисығын құрастырыңыз.




  1. Құстар популяциясының саны 100 дара. Популяциядағы туылым мен өлім жітім тұрақтылығы белгілі даралардың жалпы санының әр жыл туылғандар саны 70%-ін, ал өлгендер 20%-ін құрайды. Егер орта қысымы елеусіз болса, 5 жыл бойғы популяция саны қалай өзгеретінін анықтаңыз.




  1. Ауыл-шаруашылықтың жауы- жұлдыз құрттың популяциясындағы даралар саны-1700. Популяциялар тығыздығы биотикалық потенциалға жеткен, сондықтан орта оған шектеулі қысым (а=2) көрсетеді. Популяцияның санын азайту үшін бұл популяциядағы туылым мен өлім жітім қандай болу керек? Популяцияның өсу қисығын құрастырыңыз.




  1. Австралияның бір аудандарында қояндар популяциясында 5000 дара тіршілік етеді. Орта тығыздығы елеусіз. Қояндардың санының күрт өсуі осы территорияда тіршілік ететін басқа жануарлардың популяциясы үшін соңында олардың өліміне соқтыратын қорек көздерінің жетіспеушілігін тудырады. Қояндар популяциясының саны экспоненциялды өспес үшін, қояндардың туылуы мен өлім- жітімі қандай болу керек екендігін түсіндіріңіз.




  1. Экологиялық мекеменің қызметкерлеріне ауылдан бір км жайылымдағы өсетін орхидея өсімдігінің сирек популяциясын сақтауды қамтамасыз ету қажет болды. Олар бұл территорияны табиғат ескерткіші деп жариялады. Белгілер қойылды және оларда өсімдіктердің суретін салып, өте сирек кездесетін өсімдіктің қорғалатыны көрсетілді. Экологтардың екінші тобы басқаша жұмыс

атқарды. Олар сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау қажеттілігі туралы жергілікті тұрғындармен бірнеше рет сұқбат жүргізді. Жайылымды табиғат ескерткіші ретінде жариялады және ол туралы жергілікті басқарушы органдарға хабарланады. Бірақ жергілікті тұрғындар нақтылы хабардар болған жоқ. Тез арада популяциялардың біреуі жойылады. Ал басқасы - жоқ. Қандай популяция сақталынды. Өсімдіктерді сақтап қала алмаудағы экологтардың қатесі неде? Ақша қандай мақсаттарға бөлінді және популяциядарды сақтауды қамтамасыз ететін экологтардың шешімі қалай тұжырымдалады?



  1. Есепті шығарыңыз. Инфузория популяциясында ағзалардың алғашқы саны – 100 особьтар, ал бір сағаттан кейін – 200-ге жеткен. Популяция өсімі неге тең (сағат/ особь) ? Бір особьке шаққандағы есеп бойынша популяцияның өсімі қандай?



10.. Дұрыс ұғымды таңдаңыз. Толығымен табиғатта жалғыз тіршілік ету кездеспейді.

    1. Нағыз, айқын байқалатын жануарлардың нағыз территориалды мінез құлқы тек қана колониалды тіршілік ету жағдайында ғана анық көрінеді.

    2. Колонияларда көптеген тіршілік функциялары бірігіп, бірлесе орындалады ( жаулардан қорғану, алдын ала хабар беру және басқалары).

    3. Қоғамдық насекомдардың колониялары ұйымдасушылықтың төменгі күрделілігімен ажыратылады (аралардың, насекомдардың және т.б.).




  1. Төменде келтірілген нұсқалардың дұрыс нұсқасын таңдаңыз. Популяцияның тіршілік орны қалай аталады?

а) экониша б) экотоп в) биотоп г) стация



  1. Төменде келтірілген нұсқалардың дұрыс нұсқасын таңдаңыз. Экологиялық популяция дегеніміз –

а) географиялық біркелкі жағдайлары бар территорияны мекендейтін особьтар тобы
б) нақтылы биогеоценоздарға бейімделген түрішілік топтар
в) белгілі географиялық зонадағы бірнеше биогеоценоздарды қамтитын түрішілік топ
г) біркелкі ауданның кішігірім участогында мекендейтін түрдің особьтарының жиынтығы.



  1. Төменде келтірілген нұсқалардың дұрыс нұсқасын таңдаңыз. Бір түрдің популяциялар саны төмендегі 4 жағдайға тәуелді емес:

а) түп орналасқан территорияның бөлшектену дәрежесіне
б) аталық және аналықтарының жыныстық айырмашылықтарына
в) табиғи тосқауылдарды жеңетін сол түрдің особьтарының қабілеттілігінде г) сол түрдің ареалының кеңдігіне.



  1. Қандай факторлар адам популяциясының табиғи реттелуін қамтамасыз етуі мүмкін?




  1. Дұрыс ұғымдарды таңдаңыз. (0-4 дейін)

  1. Популяциядағы жас ерекшілік әртүрлілігі оның экологиялық бірдей еместігін жасырады.

  2. Популяцияның жас ерекшілік құрылымы бейімделушілік сипатта

  3. Белгілі бір популяциялардың особьтарының қорларды толық пайдалануымен олардың кеңістікте таралуының байланыстылығы.

  4. Әр түрлі популяцияның особьтерінің кеңістікте орналасуы барлық уақытта кездейсоқ сипатта.




    1. Паразиттерінің саны ғана көбейсе, түрдің тығыздығы қалай өзгереді?

    2. Төмендегі нұсқалардан дұрыс жауабын таңдаңыз .

Популяция геометриялық прогрессиямен (экспоненциалды) өсе алады, егер: А ресурстардың өсуін шектейтін жалғыз тіршілік орны болған жағдайда
Б қолайлы бұрын орын алмаған тіршілік орнына алғашқы рет орналасса В жыртқыштардың болмайтын жағдайында ғана
Г. Тек қана лабораторияда



    1. 120 жылдық немесе 30 жылдық еменді орманда гүлденген өсімдіктердің көп саны қайсысында орын алуы мүмкін. Жауабыңызды түсіндіріңіз.




    1. Кішкентай көлде форель санын бағалау үшін 625 особь ауланған болатын. Бұлар белгіленнен кейін қайтадан босатылады. Бір аптадан кейін 129- ы белгіленген барлығы 873 форель ауланды. Линкольн индексін анықтаңыз.




    1. 11– кесте мәліметтерін қолдана отырып, бөліп алу әдісімен популяция санын анықтаңыз.

11– кесте





Жануарлар
саны

Үлгінің жинақ мөлшері

1

320




2

210




3

45




4

80




Бөліп алу және қайта аулау әдісі. Бұл әдіс жануарларға зиян келтірмей оларға белгі салу және аулауға арналған. Мысалы, аулағанда ұсталған балықтардың желбезек қақпағына алюминий пластинкаларын бекітеді немесе қсталған


құстардың аяғына сақина кигізеді. Майда сүтқоректілерді бояумен белгілеуге болады. Бүкіл ұсталған жануарларды санап, олардың кейбіреулерін белгілейді, сосын барып бүкіл жануарларды босатады. Біраз уақыттан кейін жануарларды қайтадан аулап, белгісі бар жануарларды санайды.
1 ауладағы жануарлар саны x 2 ауладағы жануарлар саны Популяцияның жалпы саны = 2 ауладағы белгілері бар жануарлар саны
Жануарлар популяциясының бұл бағасы - Линкольн индексі деп аталады.



    1. Ауданы 300 км² жерге үлкен қалада 7 млн адам орналасқан. 1 км² жердегі тұрғындардың тығыздығын есептеңіз? Сіз оқитын аудиториядағы, үйдегі тұрғындардың тығыздығын есептеңіз.

Менің аудиториям м² Оқытушыны қосқанда студент саны адам
Аудиторияға адам сия алады.



    1. Саршұнақтың 2 популяциясының қысқы ұйқы кезіндегі өлімін есептеңіз. Олардың біріншісінде қысқы ұйқыға түсер алдындағы популяция тығыздығы 1 га-да 160 аң, олардың тірі қалғаны 80 аң, ал екіншісінде 1 га-да 90 аң, олардың тірі қалғаны 65 аң. Егер екі участоктегі азық қорын екеуі де бірдей жұмсайды деп есептесек, қайсы участокте өлім жоғары және қалай түсіндіруге болады?




    1. Ауданы 50x50 см болатын 8 ауданның әрқайсысында 80 данадан жауынқұрттары болған. Арамшөптермен күресудің химиялық жолы гербицидтерді қолданудан кейін осындай ауданға есептеулер жасалды. Ол жерде 25 жауынқұрт қалған. Гербицидтерді қолданғанға дейін және кейін 1м² жерде популяция тығыздығы қандай?




    1. Шамшаттардың өсіп – жетілу жағдайына байланысты өскіндердің өсуі 2-30 жылға дейін созылады. Жас, жеміс бермейтін ағаштың тіршілік ұзақтығы 15-120 жылға дейін, ал жеміс беретін ағаштарда 40-350 жылға дейін созылады. Тіршілік кезеңіндегі ағаштардың максималды және минималды қысқа уақыттарын есептеп, оларды салыстырыңыздар.




    1. Сақина салу станциясында 100 қара қарға ауланған. 10 күннен кейін аулау қайталанды. Сол кезде сақиналанған 20-сы құсы бар, барлығы 120 құс ұсталынды. Зерттелетін территория бойынша бірінші рет белгіленген құстардың бірдей таралғанын ескеріп, қара қарға санын анықтаңыздар.




    1. Планетамызда өзекті экологиялық дағдарысқа соқтырмайтын адамзатқа қолайлы демографиялық жағдай қандай болуы керек?

    2. Ғалымдар неліктен бүкіл планета үшін экологиялық дағдарысқа оңтүстіктегі демографиялық жарылыс соқтыруы мүмкін деп есептеді?

    3. Төменде келтірілген нұсқалардан негізгі факторларды таңдап, нүкте орнын толтырыңыз. Құрлықтағы өсімдіктер популяциясының өсімі әдетте .........

шектеледі.
А) жануар - фитофагтар әсерінен
Б) жарық үшін түрішілік бәсекелестіктен
В) биогенді элементтердің (көміртегі, азот, фосфор) жетіспеушілігінен Г) ылғалдылықтың жетіспеушілігінен
Д) редуценттердің жеткіліксіз әрекетінен
Е) симбионттармен әрекеттесудің облигатты сипатына байланысты



    1. 50 га аудандағы дала қорықтарының бірінде суырлардың 370 особьтері есептелген. Олар жас ерекшеліктеріне қарай төмендегідей бөлінген: жаңа туылғандары –118, бір жастағылары – 49, екі жастағылары -50, үш жасар және ересектері -153. Екі жылдан соң осы ауданда 488 особь болған, олардың жаңа туылғандары–122, бір жастағылары -83, екі жастағылары -78, ал қалғандары ересек даралар. Популяцияның жас ерекшелік құрылымы өзгереді ме? Осы уақыт ішінде жас особьтердің өлімі қандай болды?




    1. Лена өзенінің төменгі ағысындағы денелерінің ұзындығы 70 см болатын бекіре балығының ұрғашысы 12-14 жасында көбейе бастайды. Кәрі особьтері 50 жасқа дейін өмір сүреді, олардың салмақтары –13кг жетеді. Алдан өзенінің дене ұзындығы 58 см болатын бекіре балығының ұрғашысы 10-12 жасында уылдырық сала бастайды. Олардың кәрі особьтері 21 жыл өмір сүреді. Особьтардың минимальды ұзындығы 62 см. Бір түрге жатса да, неліктен Алдан мен Лена өзендерінің бекіре популяциясының балықтарында сондай айырмашылықтар бар? Бұл көлемнен ірірек особьтерді қарқынды аулау тоқтамаса, Алдан мен Лена өзендерінің бекіре популяциясының демографиясы қандай жағдайға ұшырайды?




    1. Теория мен тәжірибе жүзінде орман өсірудің екі түрі бар. Оның бірі – бидай егістігінің типі сияқты бірдей жастағы өсімдіктерді өсіру, екіншісі қиындау– күрделі кеңістіктік мозайкалы әртүрлі жастағы өсімдіктерді өсіру. Сіз қай әдісті және неліктен қалаған болар едіңіз?




    1. Екі территорияның бірінде сүтқоректілердің сирек кездесетін түрлерін қорғаудың үлкен мәселесі тұр. Бірінде жастары жоқ, бірақ өнімі жоғары ересек особьтер өмір сүреді. Ал екіншілерінде жас особьтері бар, бірақ ересектері жойылған. Сіз осы екі топтың қайсысын қорық ретінде таңдаған болар едіңіз?




    1. Биологтар көп жылғы есептеулері бойынша өсімдік қоректі жануарлар саны күрт ауытқуларға байланысты өзгереді деген қорытындыға келген. Ақ қояндардың саны әрбір 7-12 жылда көбейеді. Тиіндердің, клесток және

балқарағайдың торғайларының саны әрбір жылдары күрт ауытқиды. Осыған не себеп болатынын түсіндіріңіз.

    1. Шыбындардың жаулары өте көп. Олармен күрес шаралары үнемі жүріп отырады. Осыған қарамастан неліктен шыбындар көп таралған?




    1. 1932-1936 жылдары біздің еліміздің орталық аудандарында жыртқыштар (сілеусін, қасқыр, түлкі) мен жемтіктердің (қоян) арасындағы байланыс тербелістері белгілі. Сілеусін, қасқыр, түлкі, қояндардың саны қандай шартты белгілермен көрсетілгенін анықтаңыздар. Осы белгілерді қолдана отырып, 1932 жылы қояндар саны қанша болғанын анықтаңыз және осыған қатысты, 1936 жылдары жыртқыштар саны көбейгенін не азайғанын анықтаңыз. Қояндар саны қай жылдары күрт көбейеді және бұл жыртқыштар санына қалай әсер етті? Жыртқыштар мен жемтіктердің сандарының байланысы жөнінде қорытынды жасаңыз.




    1. Саршұнақтардың сандарын шектеу үшін көбіне улы химикаттар қолданылады. Бұл қауіпті тәсіл, себебі қоршаған орта ластанып, қолайсыз жағдайлар туындайды. Адамға және басқа жануарларға қауіпсіз кейбір дәрілерді аз мөлшерде саршұнақтарды аулауға қолдану олардың қарқындылықтарын күрт төмендетеді. Бұл препараттарды қолданғанда туындайтын жағдайларды ойластырыңдар. Келер жылы саршұнақтардың популяциясы қандай жағдайға ұшырайды?




    1. ХХ ғ. екінші жартысында дүниежүзілік тұрғындар санының күрт өсуіне не әсер етті? Дұрыс жауапты таңдаңыз.

а) туу деңгейінің өсуі;
б) санитарлы – гигиеналық жағдайлардың және тамақтану жағдайларының жақсаруының арқасында өлім деңгейінің төмендеуі;
в) өндірістік революция;
г) энергияның жаңа көздерін пайдалану д) әйелдер білімінің жақсаруы.



    1. Юхнов аң аулау шаруашылығының ауданы 39000 га құрайды. Бұл аудандағы ормандар сапалы ормандар қатарына жатады. Шаруашылықта орман 73 құрайды. Бұл жерде бұғылардың саны шамамен 421. Бұғылардың популяциясының тығыздығын есептеңіз. Егер ортасы сапалы ормандарда әр 1000 гектарда бұғылар 3–5 особь құраса, осы жердегі бұғылардың популяция тығыздығын анықтаңдар (оптимальды, төмен, жоғары, өте жоғары).




    1. Жаңа территорияда түрлер өздерінің қарсыластарын кездестірмей, сандары күрт өсетін жағдайды көрсететін төмендегі мысалдардан дұрыстарын таңдаңыз: Еуропадағы америка үйеңкісі, Еуропадағы колорад қоңызы, Аустралиядағы қоян, Еуропадағы толқынды тотықұс, Еуропадағы жүгері, Америкадағы үй торғайлары, Еуропадағы канадалық элодея.

    2. 35-суретті қараңыз. Бастапқы сандары (1000) бірдей ағзалардың үш тобының сандарының және жастарының өзгерістеріне тәуелді қисықты түсіндіріңіз. Егер де мынандай әртүрлі өлім сандары болса: 1). - 15% , 2). - 30% 3). - 50%, қандай байланыстылық болады? Дұрыс жауапты таңдаңыз.




  1. сурет. Тірі қалудың өлім-жітім шамасына байланыстылығы




    1. Ресейдің солтүстік еуропа бөлігінде 27 жылда ақ қояндардың терісін дайындау өзгерісінің графигін салыңыз (дайындау көлемі балмен беріледі). Балдар: 2, 1, 2, 3, 3, 4, 5, 15, 30, 80, 100, 60, 55, 0, 1, 1, 1, 2, 8, 90, 100, 100, 130, 10, 2, 1, 2. Ақ қояндар санының динамикасында бір цикл қанша жылға созылады?




    1. Қалың ормандарда шыршалардың сиректенуінен 1 га- да ағаштар саны 20 жылдық егістерде – 6720; 40 жылдық егістерде -2380; 60 жылдық егістерде - 1170; 80 жылдық егістерді – 755; 100 жылдық егістерде – 555; ал 120 жылдық егістерде – 465 құрайды. Жасы өскен сайын орманда шыршалар санының азаю графигін салыңыз. Әртүрлі жастағы бір ағашқа қанша аудан керектігін есептеңіз. Ағаштардың сиректенуі қай кезеңде қарқынды жүретінін анықтаңыз. Шыршаларды алдын – ала сиректеп егу керек емес пе? Неліктен иә немесе жоқ екенін түсіндіріңіз.

    2. Бұталар саваннасында жабайы шөп қоректі жануарларды үй жануарларына қарағанда 15 есе көп орналастыруға болады. Альберт ұлттық бағында (Танзания) 50- жылдардың соңында бір шаршы километрге жануарлардың биомассасының 24406 кг келеді. Ал Заирде тап осындай ауданда жануарлардың жалпы салмағы 1 шаршы км-ге 5500 кг-ға тең келетін жартылай аш күйдегі үй жануарлары әрең тірі қалады. Жабайы жануарлардың салмағының жылдық өсуі бір шаршы км–де үй жануарларына қарағанда едәуір

жоғары: 13,7–17,5 т; 2,1–8,7 тоннамен салыстырғанда. Фактілерге түсіндірмелер беріңіз.

    1. Қарапайымдылардың лабораториялық саны экспоненциалды өседі. Бастапқы кезеңде бұл сан 50 дара болса, бір сағаттан кейін бұл көрсеткіш 150 дараға жетті. Бұл популяция үшін өсу жылдамдығын және екі еселену мерзімін табыңыз.




    1. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Популяция тығыздығының көрсеткішін бағалайтын шаманы таңдаңыз:

а) 20 особь;
б) 1гектарға 20 особь;
в) көбейетін 100 аналыққа 20 особь;
г) 20%;
д) 100 тұзаққа 20 особь; е) жылына 20 особь.



    1. 100 км2 ауданды территорияда жыл сайын орман шабылып отырған. Қорықты ұйымдастыру кезінде осы территорияда 50 бұғы кездескен, ал 5 жылдан кейін олардың басы 650-ге жеткен. Ал 10 жылдан кейін бұғылардың саны 90– ға дейін кеміген және одан кейінгі жылдарда 80-110 басты құрап, тұрақталған. Төменде көрсетілген жағдайға байланысты бұғылардың сандары мен тығыздығын анықтаңыз. Неліктен бұғылардың сандары алдымен күрт өсті, ал кейінірек азайып тұрақталды?

а) қорықты ұйымдастыру кезінде , ; б) қорықты құрғаннан 5 жылдан кейін , ; в) қорықты құрғаннан 15 жылдан кейін , ;



    1. Сіз тұратын жердегі жануарлардың және өсімдіктердің 6-8 түрін таңдап, оларды екі топқа бөліңіз, нәтижелерді кестеге келтіріңіз:

а) көп санды б) аз санды



    1. Популяцияның жас ерекшелік құрылымына тәуелді себептерді атаңыз.




    1. Ауыл шаруашылығының қай саласында ағза популяциясының жас ерекшелік құрылымы жайлы білім неліктен міндетті түрде керек?




    1. Территорияларда тұрғындардың жас ерекшелік құрылымын міндетті түрде білу қалалар мен аудандардың әкімшілігіне қандай мақсатта керек екенін түсіндіріңіз.




    1. Үлкен қаланың тұрғындарының саны 7 млн адам делік, ал ауданы 300 км 2 болатын 1 км2 ауданның тұрғындарының тығыздығы қанша?

    2. Төменде келтірілген 11-кестенің оң жағына берілген мысалдарды бір жақты өзгертетін (өсу немесе төмендету) және реттеуші (кеміген жағдайда өсіру, өсу жағдайында кеміту) факторлар ретінде бөліп жазыңыз.

11-кесте



Популяция санын өзгертетін факторлар

Мысалдар

Популяция тығыздығына тәуелсіз факторлар (бір
жақты)




Популяция тығыздығына тәуелд факторлар (екі
жақты, реттеуші)




Жыртқыштар, орта температурасы, аурулар, паразиттер, жаңбырлар, өрттер, қысым, күн реакциясы, жел (құйын, дауыл), қар, түрішілік бәсекелестік, түраралық бәсекелестік, су тасқыны, цунами, тамақпен қамтамасыз ету, түрішілік күрес, жер сілкінісі.





    1. Басқа бірнеше түрлердің бірнеше рет шабуылынан кейін бірлестіктегі түрлер қалай өзгереді?

    2. Төмендегі түсініктердің анықтамасы негізінде сәйкес терминдерді көрсетіңіз.

      1. Қоршаған ортаның үнемі өзгеру жағдайында ұзақ уақыт бойы өзінің санын сақтау үшін барлық қажетті жағдайлары бар белгілі бір түрдің организмінің элементарлы тобы - ...............................

      2. Біркелкі аудандардың біркелкі кішігірім участогынде орналасқан түрдің особьтарының жиынтығы - ...................................

      3. Нақтылы биогеоценоздарда кездесетін түрішілік топтар, - ...................

      4. Геогрфиялық біркелкі тіршілік жағдайлары болатын территорияны мекендейтін бір түрдің особьтарының тобы - ............................................

      5. Популяциядығы жыныстық ерекшеліктері бар ағзалардың қатынасы-

...



      1. Популяциядағы жас ерекшелігі әр түрлі топтардың қатынасы - ...........

      2. Популяциядағы кеңстіктегі мүшелерінің таралу сипаты - ...................

      3. Отырыңқы жануарлардың топтық орналасу - ...................

      4. Биологиялық пайдалы ұйымдасушылық ірекеттерін байқататын

жануарлардың уақытша біріккен тобы -...

      1. Жануарлардың ұзақ және тұрақты тобы -.........................

      2. Бірге тіршілік етуге өміршеңдігін арттыруға соқтыратын физиологиялық процестердің оңтайлануы-............................................




    1. Колюшка балығының аналықтары уылдырығын шашқаннан кейін, олардың аталықтары ұрпақтарын қорғайтын ұя жасайды. Егер де ортасы шынымен бөлінген аквариумның бір жағына аталықты, екінші жағына оның

«қарсыласын» орналастырсақ, онда аталық ұяның орнына аквариумға қарсы шетті таңдайды. Аталықтың «қорқақтығының» себебін түсіндіріңіз.



    1. Тропикалық ормандарда кейбір түрлердің сандарының күрт өсуі ешуақыта байқалмайды, ал тундрада ақ түлкі мен басқа жануарлардың санының өзгеруі күрт байқалады. Неліктен тропикалық ормандарда кейбір түрлердің санының күрт ауытқуы болмайды, ал тундрада бұндай құбылыс заңды?




    1. Тоғай шеттерінде, орман мен даланың арасындағы ауыспалы зоналарында, орман мен тундраның аралығында бай түрлер алуантүрлілігі тундраның, орманның, даланың биоценоздарымен салыстырғанда популяциялардың жоғары тығыздығы байқалады. Неліктен биоценоздар аралығында тіршіліктің жоғарғы қарқындылығы байқалады?




    1. Адамзаттың басқа түрлердің популяцияларымен экологиялық ұқсастығы қалай байқалады?




    1. Ересек жеміс беретін шыршаны қоршайтын жердегі 10 м2 ауданда майда кішкене шыршалардың өскіндерінің саны 700-900-ге жетеді. 20 жылдан кейін осы ауданда небәрі 2-3 жас шырша қалады. Неге шыршалардың көпшілігі тіршілігін жойған? Бұл құбылыстың биологиялық мәнін түсіндіріңіз.




    1. Верхоянскіде тіршілік ететін ақ қоянның популяциясы Волга ауданында мекендейтін популяциядан өзгеше. Мысалы, олардың қоректік тағам құрамының әртүрлілігіне байланысты, оңтүстіктегілердің ішектері әртүрлі болады, ал солтүстіктегісі қылқан жапырақтылармен, бұталармен қоректенеді. Солтүстік популяцияның көбею кезеңі қысқарған, аналығы жаз бойына тек бір ғана ұрпақ, ал оңтүстіктегі қояндар екі-үш ұрпақтан береді. Популяциялардың жас ерекшелік құрамы да әртүрлі. Неліктен бір түрге жататын бұл популяцияларда мұндай ерекшеліктер болады?




    1. Түрлердің қоныстану жылдамдығын популяция мүшелерінің көбею орны мен туылу орнының арасындағы қашықтықпен сипаттауға болады. Бұл көрсеткіш кірпі үшін әртүрлі жағдайларда 200-1000 м аралығында, көртышқан үшін 170 м, ақ қоян үшін 400 м, ор қоян үшін 3 км, кәдімгі тиін үшін 7 км, бұлғын үшін 19 км. Кейбір жыл құстары туған жерінен 1000–1500 км арақашықтықта көбейеді. Жоғарыда келтірілген түрлердің популяцияларының көбею орны мен туылу орнының арасындағы бұндай айырмашылықтың болу себебін түсіндіріңіз.




    1. Қаршыға- қырғи ұясына 4-6 жұмыртқадан салады. Ата-аналары барлық балаларын бірдей қоректендірмейді. Сондықтан олардың ішінен кейбіреулері өліп қалады. Балаларының ұядан әдетте шығаратын орташа саны үшеудей. Ресейдің батысында ересек құстардың өлімі тіршілігінің бірінші жылында 50%,

ал екінші жылында 40%-ті құрайды. Ұядан ұшқаннан кейінгі тіршілігінің орташа ұзақтығы екі жыл, ең жоғарғы шамасы 9 жылды құрайды. Осындай тіршілік ерекшеліктері болатын қырғидың популяциясының туылым мен өлім- жітім процестерін сипаттаңыз.



    1. Өсімдік қоректі жануарлардың саны күрт өзгерістерге тез ұшырайды. Әрбір 7-10 жыл сайын аққояндардың саны күрт өседі. Балқарағай торғайы және тиіндердің санының тербелісі байқалады. Мұндай жануарлар санының ауытқу себебін анықтаңыз.




    1. Дұрыс жауапты таңдаңыз. Бір территорияда тіршілік ететін ақ қоян мен ор қоян: а) бір түрдің бір популяциясын; б) екі түрдің екі популяциясын; в) бір түрдің екі популяциясын; г) әртүрлі түрлердің бір популяциясын құрайды.




    1. Түрдің кездесу жиілігін анықтау үшін қолданылатын шаршылар әдісі кезінде өлшемі 1х1 м-лік 250 шаршы қолданылған. Олардың ішінде кәдімгі өгейшөп (Tussilago farfara) - 30, дәрілік бақбақ (Taraxacum officinale) - 140, үлкен жолжелкен (Plantago major) - 81 рет кездескен. Бұл өсімдіктердің барлығы жеке - жеке сәйкесінше шаршылар іштерінде кездескен. Әр түрдің қауымдастықта кездесу жиілігін анықтаңыз.




    1. Өзен алабұғасының санын анықтау үшін (Salmo trutta m.lacustris) кішкене өзенде қорытынды аулау жүргізілді. Ол кезде ауға 625 дара түскен. Олардың барлығына белгі салынып, қайта жіберілді. Үш аптадан кейін қайта аулау арқылы 873 ересек алабұға ауланып, олардың 98-і белгіленген болды. Берілген су қоймасындағы S.trutta популяциясының жалпы санын анықтаңыздар.




    1. Ірі қалаларда жыл сайын қарғалардың саны қыста жазды күндерімен салыстырғанда бірнеше есе ұлғаяды, ал мамырда-қайтадан өседі. Қаладағы бұл құстардың санының өзгеру динамикасының бұндай ерекшелігін немен байланыстыруға болады?




    1. Маусым айының басында мың балыққа таңба белгі салынған, жалпы аулаудың әрбір аулау барысында 5000 балық ішінен 350 белгіленген балық табылды, ал алдындағы бастапқы популяция саны қанша болған?




    1. Егер популяция өзінің меншікті жоғары тығыздығын туылымының төмендеуі арқылы реттесе, онда неге егістіктер мен бақшаларда шамадан тыс зиянкестердің көбеюі мүмкін?




    1. Көптеген жануарлар (қасқырлар, қарғалар, шымшықтар және т.б.) жазда жұп болып тіршілік етсе, қыста тобыр болып тіршілік етеді. Қалай ойлайсыз, бұл немен байланысты?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет