36
4-тапсырма. Мәтіннен
сөз тіркестерін тауып, төмендегі сызбаның
ішіне байланысу формасына қарай теріп жазыңыз. Жасалу жолын
түсіндіріңіз.
Ақсақ киік
Басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне
қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жерден
биік көтеріле алмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен
шапқан аттар арасындағы қашықтық бірте-бірте қысқара түсті.
Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген топ бала бұл көрініске
таңырқай қалысыпты. Киіктер көзден таса болып, қуғыншылар әбден
көрінбей кеткенше, топ бала аттылар соңында қалған бозғылт шаңның
суретіне қарады да тұрды. Әсіресе топ баланың ішіндегі жасы онға
жаңа келген қыз бала әлгі көріністерге зер сала қарады. Жас болғанымен,
оның жүрегінде әлдебір аяныштың ізі қалып қойғандай еді. Елестей болып
өте шыққан аңшыдан гөрі көкжиектен көтерілген аңның, дала бүркітінің,
ақсаңдай басып жортқан тірі жемтік үстінен ойқастап, айнала ұшқаны
балалардың назарын аударды.
Қуғыншы мен киік тобы көрінбей кеткенмен, олардың қай шамада
екенін көктегі бүркіттің бет алды бағдарынан байқаған боларлық еді
(С.Бақбергенов).
Қабыса
байланысқан
сөз тіркестері
Матаса
байланысқан сөз
тіркестері
Меңгеріле
байланысқан сөз
тіркестері
Жанаса
байланысқан сөз
тіркестері
Достарыңызбен бөлісу: