52
көруге болады. Баяндауыш қай тілде болмасын
бастауышпен тікелей
байланысты, өйткені сол бастауыштың барлық қасиетін баяндауыш
арқылы танимыз”, - деп баяндауыштың үнемі сөйлем аяғында келуін
деректермен береді.
51
Ал поэзиялық жанрда жазылған шығармаларда, өлең
шумақтарында баяндауыштың орны ауысып, басында да, ортасында да
келе береді.
Баяндауыш көбінесе етістіктен жасалып, не істеді? қайтті? не болды?
деген сұрақтарға жауап береді. Егер баяндауыш есім сөз табынан жасалса,
онда әр сөз табының өзінің тиісті сұрағы қойылады.
А.Байтұрсынов: “Ол нәрсенің сырын-сипатын, жайын, амалын,
болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше болады”,
- деп
баяндауышқа нақты, дұрыс анықтама берген болатын.
52
Қ.Жұбанов:
”Сөйлем мүшелерінің ішінде біреудің не бірдеменің не қылғанын, я не
болғанын баяндап тұратын мүше болады. Оны баяндауыш дейміз”, - деп
53
анықтама береді. Ал С.Аманжолов: ”Баяндауыш дегеніміз - бастауыштың
тура көрінісі. Бұлар заттың жалпы көрінісін, болмысын көрсетеді”,
деп
нақтылайды.
54
Сөйлем жүйесінің, оның грамматикалық құрылысының дамып
өзгеруіне байланысты баяндауыштың есім баяндауыш деген түрі бөлініп
шықты. Есім баяндауыштың өзіне тән грамматикалық ерекшеліктерін,
қолданылуын, жасалу жолын, басқа баяндауыш түрлерінен өзгешелігін
толық зерттеген –Т.Ермекова.
55
Баяндауыш
құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып келеді.
Дара баяндауыштар бір ғана сөзден болады.
Қартқожа кеш оянды
(Ж.Аймауытов). Күрделі баяндауыш екі сөздің бірігуінен, қосарлануынан,
тіркесуінен және тұрақты тіркестерден жасалады.
Күн сәскеліктен асып
кетіпті (Ж.Аймауытов). Тоғжан маған деген өкпе-назын айта
жөнелетін сияқтанады да тұрады деген сөйлемде асты сызылған
тіркестер
үйірлі баяндауыш болып тұр.
Баяндауыш жасалу жолына қарай
етістікті, есімді, құрама
баяндауыштар деп бөлінеді. Етістік
баяндауыштар Орхон-Енисей, көне
түркі жазба ескерткіштерінде көптеп кездеседі. Етістіктердің сөйлемдегі
басқа қызметінен гөрі баяндауыш қызметінде жұмсалуынан олардың
өздеріне тән мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері анық көрініп
тұрады.
Осы киіз үйде біздің түңғыш сабағымыз басталды
(Б.Соқпақбаев). Етістіктер түбір тұлғада тұрып та, етіс тұлғаларында да
баяндауыштың қызметін атқара береді:
Өнер-білім бар жұрттар тастан
сарай салғызды (Ы.Алтынсарин). Сол сияқты көсемше де баяндауыштың
қызметін атқарады. Әсіресе көсемше күрделі баяндауыштың және
51
Бектаева Ш. Қазақ тілінде тұрлаулы мүшелердің инверсияланды. А., 1908. 63 б.
52
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 195-б.
53
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 2010.– 142-б.
54
Аманжолв С.
Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. - Алматы, 1941. – 105-б.
55
Ермекова Т. Компоненттер құрылысының құрмалас сөйлемнің грамматикалық-семантикалық сипатына қатысы: филол. ғыл.
докт. ... диссерт. – Алматы, 2007. – 135 б.
53
құрмалас сөйлемдерде баяндауыш қызметін жиі атқарып тұрады:
Терезеден күн сәулесі құйылып тұр. Өзімен-өзі ойнап отырған Сәуле
анасына қарайды. Анасы болса бір қырынан бесікке сүйеніп, бұның інісін
емізіп отыр (Жақсылық Кенжалиев).
Есім
баяндауыш
деп,
әдетте,
есім
сөздерден
жасалған
баяндауыштарды айтамыз. Яғни есім баяндауыштар зат есім, сын есім, сан
есім, есімдік, үстеу, модаль сөздерден жасалады:
Жәнібек пен Керейдің
сүйенері – Арғын (І.Есенберлин). Бұлардың беті – қалың таудың іші
(М.Әуезов). Әне бір сілімтік кімдікі? (С. Жүнісов). Ата-ананың ақылы
қазулы қара жолмен тең (Д.Бабатайұлы). Осы сөйлемдердегі (асты
сызылған) зат есім, есімдік, сын есімдер сөйлемде есім баяндауыштың
қызметін атқарып тұр. Зат есімдер кейбір септік жалғауларында тұрып та
баяндауыштың қызметін атқарады:
Ағаш көркі
жапырақ, Адам көркі
шүберек (Мақал). Біз намысты елдің ұлымыз. (Бауыржан Момышұлы).
Бар, жоқ модаль сөздері есім баяндауыш болады:
Жігіттерде үн жоқ
(І.Есенберлин).
Құрама баяндауыш. Бұл баяндауыштың құрама деген атының өзінен
мұнда әрі есімнің де, етістіктің де элементінің қатысатындығы негізге
алынған. Мұндай баяндауыштың негізінен екі сыңары есімді және етістікті
болып келеді. Кезінде мұны С.Аманжолов
аралас баяндауыш деп атаған.
Ән кейде батқан күн мен бейуаққа қоштастырған үн сияқты. (М.Әуезов).
Мен орасан тентек едім де, ол жуас еді (Қ.Қайсенов).
Достарыңызбен бөлісу: