55
қостар.
3-тапсырма. Тұрлаулы мүшелердің жасалу жолына назар аударып,
құрамына қарай ажыратыңыз.
Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің
рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып,
есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де,
таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі.
Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек
қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды
(Абайдың бесінші қара
сөзінен).
4-тапсырма. Көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыз,
олардың қай жақта қиыса байланысып тұрғанын айтыңыз.
Бір күні біздің үйге қапсағай денелі дәу қара келді. Бұл – осы ауылдағы
көп комбайнның бірінің тұтқасын ұстаған Тапалұлы Сәбит деген кісі.
-
Науқан уақыты ғой, қарағым, босай алмадым. Аттанатын кезің
жақындаған шығар. Әдейі сәлемдесе келдім.
Сәбең екеуміз сыртқа шықтық. Көп әңгімелестік.
Біз осылай әңгімелесе жүріп, Ылия көлінің дөңіне шығып кеткенімізді
байқамай қалыпппыз. ... (С.Шаймерденов).
Достарыңызбен бөлісу: