Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет32/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

 
5-тапсырма. «Қос жазба» күнделігіне үш сөйлемді жазып, әр 
сөйлемнің қалай жасалып тұрғанын түсіндіріп жазыңыз.
Үзінді
Түсініктеме 
 
6-тапсырма. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, тиісті шартты 
белгілерімен астын сызыңыз. 
 Жексенбі күні аяғыңа шаңғы байлап, ауыл сыртына шықты. Сонда 
сен жазылып жатқан ақ тұнық суретке кез болар едің. Пай- пай, қыс 
дегенің кең – ау, шіркін! 
 Тоғай іші тып-тыныш. Ғажайып тыныштық орнаған. Қарағай мен 
қайың кимешек киіп алған секілді. Шыршалар ақ тыспен көмкерілген алып
тымақтарға ұқсайды. Үп еткен желден қар құйылып төгіледі. Мұржадан 
шыққан түтін тік көтеріліп, толқымай тұнып тұрады. Сонда ауыл 
үстінде бейне бір ракета атылғандай тарам-тарам із қалады. Аяз 
қысқанда қара қарға мен сауысқандар түтінге, ауыл ішіне жақындайды
(М. Тоқбергенов). 


56 
7-тапсырма. Жасырылған сөздерді тауып, тұрақты тіркестерді айтып, 
мағынасын түсіндіріңіз. Олардан сөйлем құрап, сөйлемге толық 
синтаксистік талдау жасаңыз. 
1. 
----тай ұшты, -----ынан күлу, ----ыңды балта кеспейді. 
2. 
---- жұтқан, -------інің түгі бар, ----- айну,
3. 
---- ге ілмеу, -------іне көк шыбын үймелету, ----- ге күйік 
болмау, ----іне шөп салмау, ---- і тоймау. 
8-тапсырма. 
А.Байтұрсыновтың тұрлаулы мүшелерге берген 
анықтамасына талдау жасаңыз.
9-тапсырма. Көркем әдебиеттен құрама баяндауыштары бар 
сөйлемдерді теріп жазыңыз. Оның жасалу жолына талдау жасаңыз. 
 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ) 
 
 Қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелерді зерттеген ғалымдардың
еңбектерін оқып, оларда баяндалатын мәселелер бойынша тезис жазыңыз.
 «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне» қатысты анаграмма
құрастырыңыз.
 «Қ.Жұбановтың сөйлем мүшелері жайлы ойлары» атты тақырыпта
баяндама дайындаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет