Рахмет ақсақалды алыстан көріп қалдым (Ш.Мұртаза).
Қосарлы айқындауыш деп анықтайтын сөзімен қосақталып, одан кейін
тұратын, оның мазмұнын дәлелдеп тұратын сөздерді айтамыз: Әйел-ана
барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күші, көзді бұлақ емес пе?
(Ғ.Мүсірепов).
61
Исаев С. Қазақ тілі.
Алматы, 1983. -192 б.
62
Қараев М. Қазақ тілі.
Алматы: Ана тілі, 1993 – 216 б.
63
Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы, Санат.1994. 319 б.
62
Толықтауыш. Өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланысқа түсіп,
барыс, табыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс жалғауларының бірінде
жұмсалып, сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын сөйлем мүшесі
толықтауыш деп аталады. Олар атау мен ілік септіктен басқа септіктің
сұрақтарына жауап береді, сонымен қоса атау тұлғалы сөз туралы,
жөнінде, жайында септеуліктерімен тіркесіп келіп те толықтауыш бола
алады.
Толықтауыш кімді? нені? неге? кімнен? неден? кімде? неде?
кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты?
деген сұрақтарға жауап береді.
Толықтауыш:
Зат есімнен болады: Жүктерін жерге қойып тұрды (С.Елубаев).
Зат есімнің орнына қолданылған немесе заттық мағынаға ие болған
есімдік, сан есім, сын есім, есімше, тұйық етістік, үстеуден болады: Мен
саған бірдеңе айтпақшы едім (С.Елубаев). Сенің білмегеніңді алғаш сұрап
білетін ғалым досың да кітап (Ө.Тұрм). Баланы оқытуды жек көрмедім
(Абай).
Туралы, жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп келген сөздер
сөйлемде етістіктің алдында келсе, толықтауыштың қызметін атқарады:
Сіз ол адам туралы естідіңіз бе?
Толықтауыштар тура және жанама болап екіге бөлінеді.
Тура толықтауыш деп табыс септігінде тұрып, тікелей обьектіні
көрсететін мүшені айтады. Сұлыны сен бердің бе? (С. Жүнісов).
Күнбатысты қалың қара бұлт басқан (М.Әуезов).
Жанама толықтауыштар барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігінде
келіп, іс-әрекеттің жанама көрінісін береді. Ішінде қазақтан төртеуміз.
Андрей Жабай қартпен шүйіркелесе кетті (С.Мұқанов).
Толықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: дара толықтауыш,
күрделі толықтауыш, үйірлі толықтауыш болып үшке бөлінеді.
Бір
сөзден болған
толықтауыш дара
толықтауыш деп
аталады. Мысалы: Абай Ерболмен(кіммен?) ұзақ ақылдасты.
Күрделі сөздерден болған толықтауыш күрделі толықтауыш деп
аталады. Күрделі толықтауыш төмендегі жолдармен жасалады:
1. Күрделі зат есімнен: Ата-анасын (кімді?) сыйлаған адам қор
болмайды. Күрделі сын есімнен: Марат күрең қасқамен (немен?) ойқастай
жүрді. Күрделі сан есімнен: Жүз – жиырма төртке (неге?) қалдықсыз
бөлінбейді.
2. Негізгі сөз бен көмекші есім немесе көмекші етістік арқылы: Үй
ішіне (кімдерге?) сырттағы дауыс қатты естілді. Абай биік мансаптың
биік жартас екенін (нені?) айтқан.
3. Туралы, жөнінде, жайында шылауларының қатысуы арқылы: Абай
Әбдірахманның болашақ жоспары туралы (не туралы?) сұрап-білді.
Үйірлі мүшеден болған толықтауыш үйірлі толықтауыш деп аталады.
Мысалы: Көкірегі
ашық,
білімі
тереңге (кімге?) өмірде
қиындық
кездеспейді. Қайсардың үйі аң терісі дегенге (неге?)толып тұр.
63
Пысықтауыш. Сөйлемдегі қимыл-әрекеттің жүзеге асуының мезгілін,
орнын, сапасын, мақсатын, себебін, мөлшерін білдіретін сөйлем мүшесін
пысықтауыш дейміз. Пысықтауыш қашан? қайда? қайдан? қалай?
қайтіп? не себепті? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға?
не мақсатпен? на арқылы? кім арқылы? не сайын? қанша уақыт? деген
сұрақтарға жауап береді. Пысықтауыш төмендегідей жолдармен жасалады:
Үстеуден болады: Бүгін қоңыр он жасқа толған (З.Қабд).
Сын есімнен болады: Екеуі дамылсыз сөйлеп келеді (М.Әуезов).
Сан есімнен жасалады: Жанбота туды екі алды (Ғ.Мұст).
Қайтіп? Қалай? Не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап беретін
көсемше пысықтауыштың қызметін атқарады: Арт жақтан
далақтап шауып келе жатқан салт аттыны көрді (Ғ.Мүсірепов).
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен,
мезгіл, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, қайда? қайдан? қашан? қалай?
сұрақтарына жауап беріп, пысықтауыш болады: Дәурен оны үйіне қонаққа
шақырды (З.Қабд). Бәрі машинамен ауылға кетті (Ғ.Мұст).
Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай мезгіл пысықтауыш,
мекен пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, себеп-салдар пысықтауыш, сын-
қимыл пысықтауыш, мөлшер пысықтауыш болып бөлінеді.
Мезгіл пысықтауыш деп іс-әрекеттің орындалған мерзімін, уақытын
білдіретін мүшені айтады. Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы
жырдың тербеуімен ұйықтайтын (М.Әуезов). Енді құтыдағы суға да
кезек келді (Ә.Сәрсенбаев).
Мекен пысықтауыш орындалған амал-әрекеттің орнын, мекенін
көрсетеді. Қарағандыға қызметке бара жатырмын (Ғ.Мұст.). Ол
күлімсіреп төмен қарады (С.Мұқанов).
Мақсат пысықтауыш деп әрекет, істің орындалуының мақсатын
білдіреді. Қиыншылықты жеңу үшін жігер керек (Ғ.Мұст). Мен
жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай).
Себеп пысықтауыш жай-күйдің, іс-қимылдың себебін баяндайды.
Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы Қарқаралыға кетіп
барады (М.Әуезов). Сенгіштікпен мен байқамаппын (Ғ.Мұст).
Сын-қимыл (амал) пысықтауыш қимылдың іске асуының сынын,
сапасын білдіреді. Бас инженер ұзақ сөйледі (З.Шашкин). Марат жүгіріп
бара жатып етпетінен құлады (М.Әуезов).
Мөлшер пысықтауыш іс-қимылдың немесе қимыл уақытының
мөлшерін, сандық, баға, салмақ дәрежесін, істің істелу қарқынының
өлшемін білдіреді. Қойшы жыл он екі ай қой соңында сүйретіліп жүрсе
де, оның табан ақы, маңдай тері іске аспайтын («Қазақ әдебиеті»
газетінен).
Пысықтауыш құрамына қарай дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді.
Дара пысықтауыш. Бір ғана сөзден болатын пысықтауышты дара
пысықтауыш дейміз. Жылқыға адам жіберу керек (М.Иманжанов).
Күрделі пысықтауыш. Екі немесе одан да көп сөзден болған
64
пысықтауышты күрделі пысықтауыш дейміз. Ербол Абайға қарай асыға
басып келеді (М.Әуезов).
Үйірлі пысықтауыш
Байсал үн қатпаған күйде жым-жырт
(М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: |