Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет34/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

екі мың дән, сонда бір гектардан жүз жиырма бес центнер түседі ( 
Ғ.М.)
60

1966 жылы жарық көрген М.Балақаев, Т. Қордабаевтың еңбегінде 
анықтауышқа байланысты «сөйлемде бастауыш, толықтауыш т.б. 
қызметтерде жұмсалатын әр заттың өзіне тән, кейде көп затқа ортақ 
сапалары болады. Бір затты басқа заттардан сондай сапаларына қарай 
айырып танимыз. Сөйлемде заттардың әр түрлі сынын, сапасын білдіретін 
сөздер көбінесе анықтауыш (атрибут) қызметінде жұмсалады; олар заттың 
түсі, түр-тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапаларын білдіреді де, 
анықтайтын сөзімен тығыз байланыста айтылады» деген тұжырымдар 
айтылған.
Мысалы, таяқ деген – жалпылауыш зат есім. Оның ұзын, қысқа, жуан, 
жіңішке, ақ, қара, имек, қисық, қайқы бас тәрізді көптеген сыны болуы 
мүмкін. Солардың бірі не бірнешеуі бір сөйлемде осы заттың 
анықтауышы болып, сөйлемде айтайын деген ойымызды айқындай түседі. 
Қисық ағаш, қысқа жіп дегендер – сын есім мен зат есімдерден құралған 
анықтауыштық тіркестер. Бұйра толқын ойнақшып тұр. Жасыл жапырақ 
сыбдыр қағады деген сөйлемдердегі анықтауыштар мен анықтауыш сөздер 
де сын есім мен зат есімдерден құралған. 
Қазақ тілінде анықтауыштардың көпшілігі анықтайтын зат есімдерінен 
оқшауланбай, қатар тұрып қабыса байланысады, олар (анықтауыш пен 
анықталатын сөздер) фразаның (комплекс) болып тұрады. Мысалы, семіз 
қой, гүлденген өмір сияқты анықтауыштық тіркестегі сөздер жұбын жазбай 
қабыса байланысады да, тиісті грамматикалық тұлғалар мен анықталатын 
зат есімдерге жалғанады. 
Анықтауыштар сөйлемде заттың әртүрлі белгісі болып, бағыныңқы 
мүше ретінде жұмсалғанмен, олар анықтайтын затына, сонымен қатар 
түгел сөйлемге көрік беріп, әсерлі етіп тұрады. Сондықтан олар әдебиетте 
көрікті ойдың көркем бояуы қызметінде жұмсалады. Бұйра толқын, асау 
терек (Абай), алтын күн, жазық дала т.б. Бұл сияқты эпитеттердің 
поэтикалық тілде көркемдік мәні зор. 
М.Балақаев пен Т.Қордабаев анықтауышты мағынасына қарай: дара 
анықтауыш, күрделі анықтауыш, үйірлі анықтауыш деп үшке бөлген. Ал 
әртүрлі сөз таптарынан жасалатын анықтауыштарды мағыналары әр түрлі 
60
Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 368 б. 


60 
болғандықтан, оларды мағынасына қарай екі топқа бөліп қарастырған: 
сапалық анықтауыш; меншікті анықтауыш. 
Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау 
тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштарды жатқызған. Сапалық 
анықтауыштар анықтайтын сөздерімен қабыса байланысады, меншікті 
анықтауыштар матаса байланысады. 
Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы?(недегі?), қашанғы? кімнің? 
ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен?  сұрақтарына жауап береді.

Негізгі және туынды сын есімдер анықтауыш болады: Ол қара
құмыраға қарай бет алып жүрді (Ғ.Мұст). Ақ сары орамал өзіне 
жарасып тұр (Т. Ахтанов). 

Зат есімнен болады: Рахметтің қуанышы қойнына сыймады 
(С.Елубаев). Қуаныштың айғай-шуын, шат күлкісін Әбіштің алдынан ала 
шықты (М.Әуезов).

Сан есімнен болады: Арада екі сағаттай уақыт өтті 
(М.Әуезов). 

Есімдіктен жасалады: Бұл ойын 

 нағыз есеп ойыны (Газеттен). 
Оның төбесінен біресе сып етіп үйректер өтті (С.Мұқанов).

 Етістіктің есімше түрінен болады: Келгендердің арасында Абай  
бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар бар (М.Әуезов).

Ілік септігі жалғанған сөздер де анықтауыштың қызметін атқарады: 
Әркімнің тамақ ораған бумасы бар (Б.Соқпақбаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет