5-тапсырма. «Туған жерім – алтын бесігім» тақырыбында ойтолғау
жазып, бес сөйлемге толық синтаксистік талдау жасаңыз.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ) Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне қатысты ғалымдар еңбектерін
оқып, олардың пікірлерін жазыңыз.
Сөйлем мүшелеріне қатысты тест тапсырмаларын құраңыз. Бақылау тапсырмалар: 1. Сөйлем мүшелеріне талданбайтын сөйлем A) Кейін қайтуға тура келді.
B) Тыңда, дала, Жамбылды.
C) Оған сенуге де болмайды.
D) Дала. Түн ортасы ауған кез.
E) Оған айтқаның дұрыс болды.
2. Төмендегі сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі Былтыр да осы үйде, осы ортада жанған оттың екі жағында, көзімен қоштасып еді. A) құрмалас сөйлем болғандықтан
B) оңашаланған айқындауышқа байланысты
C) қыстырма сөзге байланысты
D) бірыңғай мүшеге байланысты
E) жай сөйлем болғандықтан
3. Бірыңғай мүшелердің араларына қойылатын белгі A) үтір, сызықша
B) үтір
C) сызықша
D) қос нүкте
E) нүктелі үтір
4. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгі A) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Арал, Алакөл және
Марқакөл.
B) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.
C) Үлкенді сыйлау – асыл қасиет.
D) Жел қатайып кетті, - күн суытпады.
E) Ауылдан қалаға жеткенше, олардың әбден мазалары кетті.
5. Бірыңғай пысықтауышы бар сөйлем A) Сенгіштікпен, аңғалдықпен байқамаппын.
B) Ол қазақша да, татарша да, орысша да күте біледі.
73
C) Нияз тағы да Ғайниге, бауға, балаға, мектепке қарады.
D) Асылбек, Жиренше, Ерболдар да Базаралыға қарап хабар күтті.
E) Ол бірде биік, бірде аласа, бірде қатал, бірде жұмсақ мінезді еді.