61
байланысады.
Айқындауыш – анықтауыштың ерекше бір түрі. Ол сөйлемде
берілетін ойды нақты, дәл жеткізуде аса маңызды рөл атқарады.
Айқындауыш анықтайтын сөзінің заттық немесе пысықтауыштық сапасын
қосымша қасиет ретінде айқындайды. Сонымен бірге бір заттың не
нәрсенің атын, шығу тегін, я болмаса белгілі бір оқиғаның мезгілін, орнын
т.б. белгілерін көрсетіп анықтайды.
С.Исаев айқындауышты «Сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер
тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айқындап, дәлдеп, түсіндіріп
тұрады»
61
- деп айтса, М.Қараев: «Сөйлемде бір мүшені айырықша
назармен бөліп атау үшін немесе оның мағынасын дәлелдей түсу керек
болғанда, ол мүшенің қажетті белгісін көрсете алатын түсіндірмелі сөздер
беріледі. Мұндай сөздер сөйлемнің айқындауыш мүшесі деп аталады»,
62
-
деп анықтама береді.
Анықтауыш
пен
айқындауыштың
бір-бірінен
өзіндік
айырмашылықтары бар. Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып,
оның өзіне тән сынын, сапасын білдіретін болса, айқындауыш анықтайтын
сөзінен кейін тұрып, оның лексикалық мағынасын басқа сөздермен
толықтырып, дәлелдеп тұрады.
Айқындауыштар құрылысына қарай үшке бөлінеді: оңашаланған
айқындауыш, қосалқы айқындауыш және қосарлы айқындауыш.
Айқындауыш сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе,
алдынан үтір қойылады. Кей жағдайда айқындауыш мүшелерде
баяндауыштық реңк басым болса, алдынан сызықша қойылып, соңы
үтірмен бөлінеді.
Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын сөзінен кейін тұрып,
ерекше әуенмен айтылып, анықтайтын сөзінің заттық, шақтық және т.б.
мағынасын нақтылап, дәлелдеп тұрады:
Артынан, Абай ұғындырған соң,
олар үндемей қалысты (М.Әуезов).
С.Аманжолов оңашаланған айқындауыштың екі түрін береді.
Біріншісі – сөйлемнің ішінде басқа мүшемен қиыспай, дара тұратын
оңашаланған сөз. Екіншісі
өзінің айқындайтын сөзімен көбінесе жалғау
арқылы қиысып тұратын оңашаланған сөз.
63
Қосалқы айқындауыш
зат есімдердің қосалқы сыны ретінде
жұмсалатын сөздер. Олар айқындайтын сөздерімен орын ауыстыра береді.
Қосалқы айқындауыш сөйлемнің бір күрделі мүшесі ретінде жұмсалады:
Достарыңызбен бөлісу: