Байланысты: Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2
4-тапсырма. Сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді анықтап, жасалу
жолын анықтаңыз. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз.
Әзіретті Әлі шешен, әрі білгір адам болған екен. Бірде он жөйіт сынамақ болыпты. Біз оған бәріміз бір-ақ сұрақ берейік, егер ол шын шешен болса, оған түрлі жауап табар деген екен. Сөйтіп олар: – Ғылым артық па, мал (байлық) артық па? – деп сұрапты. Сонда Әзіреті Әлі былайша он түрлі жауап беріпті: біріншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылым – әулие-әмбиелердің мирасы, ал мал – перғауын мен Қарынбайдың мирасы. Екіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылым сені сақтайды, ал сен малды сақтайсың. Үшіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылымның досы көп, малдың қасы көп. Төртіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылымды жұмсасаң арта береді, малды жұмсасаң азая береді. Бесіншіден – ғылым артық. Өйткені ғылым саған құрмет-атақ береді, ал мал қатты, сараң деген атақ қалдырады. Алтыншыдан – ғылым артық. Өйткені, өзін- өзі сақтайды, асырайды, ал малды бағу, күту керек. Жетіншіден – ғылым артық. Өйткені, киямет күні иесіне шапағат қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Ал мал – қолдың кірі, өледі, жоғалады. Тоғызыншыдан – ғылым артық Өйткені, ғылым көңіліңді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады; ал мал қоңыз етеді. Оныншыдан – ғылым артық. Өйткені, ғылым құдайға зәһәт, таупиық. ғибадат қылады; ал мал иесінің көңіліне тәкәппарлық салады.
72
Бір ауыз сұраққа он түрлі жауап берген Әзірет Әліге жөйіттер содан соң мойын ұсынған екен дейді («Қазақтың шешендік сөздері» кітабынан).