83
ауыр күрсініп жіберді, жүзі кенет өзгеріп кетті, көзіне мөлтілдеп жас
келіп қалды (Х.Есенжанов).
2-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді
мағыналарына қарай өзара
байланыстырып, салалас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.
Жайлауды шөбі шүйгін, суы мол, салқын ауалы жерден таңдайды.
Онда жылдың үш мезгілінде ел болмайды. Қыста аппақ қар басып
жатады. Жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле түседі. Жазда жер беті
масаты кілемдей құлпыра түседі. Қыстан арықтап шыққан мал
жайлауға келген соң-ақ тойынып семіреді.
3-тапсырма. Төмендегі жай сөйлемдерге сөйлем қосып,
ыңғайлас
салалас сөйлем жасаңыз.
Бақыт орманға келді, ... . Ол беліне орап алған кендір жіпті шешті, ...
. Екі алақанын ысқылап алды да, ... . Балтаның өткір жүзі тиген сайын
жас шыбықтар қопарылып түсе бастады, ... . Бақыт жіпсіген маңдайын
шолақ қамзолының жеңімен сүртті, ... .
Көп ұзамай-ақ ызғарлы бір жел тұрды, ... . Жел екпіні қатая берді, ...
Бақыт шаршайын деді, ... . Орманның шеті жоқ секілді, ... (С.
Сарғасқаев).
Достарыңызбен бөлісу: