74
Құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы зерттеген Н.Т.Сауранбаев
құрмалас сөйлемдерді алғашқыда екі түрге (салалас құрмалас пен сабақтас
құрмалас), кейінірек үшке (іргелес құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас
құрмалас), ең соңында төрт түрге (салалас құрмалас, сабақтас құрмалас,
аралас құрмалас және үйірлі мүшелі сабақтастар) саралады.
69
Құрмалас сөйлемдерді зерттеген С.Жиенбаев екі түрге: салалас
құрмалас пен сабақтас құрмаластарға бөліп қарастырған. Ғалым аралас
құрмаласты құрмалас сөйлемнің бөлек түрі деп санамаған. Ол «аралас
құрмалас сөйлемнің өз алдына басқа бір заңдары жоқ» деп есептеген.
70
Сөйлемдердің жалғаулықсыз байланысқан түрін
тіл білімінде
паратаксис деп атайды. Бұл қазіргі таңдағы салалас сөйлемдер. Яғни ең
бірінші орын тәртібі арқылы тең дәрежеде жасалған сөйлемдер пайда
болған. Одан кейін тілдің дамуы барысында бір-біріне бағына, сабақтаса
байланысқан сөйлемдер қолданыла бастаған. Мұны гипотаксис деп
атайды. Бұл қазіргі сабақтас құрмалас сөйлемдер. Тіл дамуы үрдісінде
сөздерді, жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастыратын дәнекерлер
алдымен пайда болған жоқ, керісінше, сол дәнекер сөздерді керек ететін
қажеттіліктер келіп шықты. Соның нәтижесінде сөйлемдер арасын
жалғастырушы көмекші сөздер дүниеге келді.
Құрмалас сөйлемнің түрлері. Бүгінгі таңда құрмалас сөйлем жасалу
жолы жағынан үш салаға: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және
аралас құрмалас деп жіктеліп оқытылып жүр. Салалас құрмалас пен
сабақтас құрмаластардың өздеріне тән жасалу жолдары болса, аралас
құрмалас сөйлемдердің, С.Жиенбаев айтқандай, өзіндік грамматикалық
көрсеткіштері болмайды, тек салаласа, сабақтаса байланысу амал-тәсілдері
араласа жүреді.
Құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралады.
Атқаратын қоғамдық қызметі жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
де ойды білдіреді, ойды жарыққа шығарады, оны басқаларға түсіндіреді,
сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады.
Сөйлемдердің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары
мен ішкі мазмұндарында болады.
Құрамы жағынан жай
сөйлем жеке сөздерден құралып, жеке ойды
білдірсе, құрамалас сөйлем жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды
білдіреді.
Белгілі бір грамматикалық категориялардың өздеріне тән айырым
белгілері, грамматикалық көрсеткіштері болады. Бұл оны өзгелерден
саралап, өзіндік қасиетін даралап тұрады. Құрмалас сөйлемнің өзіндік
белгілері:
1. Жай сөйлем бір предикаттық қатынасқа негізделсе, құрмалас
сөйлем ең кем дегенде екі предикаттық қатынасқа негізделеді. Мысалы,
69
Сауранбаев Н.Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954, 520-б
70
Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. Алматы, 1941, 33-б
75
Қоңырау соғылды (жай сөйлем). Қоңырау соғылып, сабақ басталды
(құрмалас сөйлем);
2. Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді;
3. Құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер өзара тығыз байланысқа түседі;
4. Құрмаластың алғашқы сөйлемі (сөйлемдері) интонация жағынан
тиянақсыз, ұласпалы
қасиетті ғана сақтайды, ал тиянақты интонация тек
соңғы сөйлемінде ғана болады.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды
білдіретін
сөйлемдерді
құрмалас
сөйлем
дейміз.
Құрмаластың
құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса
байланысады. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай
сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, бір-біріне тәуелді болмай,
тең дәрежеде байланысады. Жай сөйлемдер бір-бірімен ұласпалы
интонация, кейде жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
Өзге
жастан Кәкітай, Әбіш те бірге ермек болып еді, бірақ Абай оның екеуіне
де ауылда болуды ұйғарды (М.Әуезов).
Көп білген кемеңгер емес, білгені
елге пайдалы кісі кемеңгер (Эсхил).
Сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің
баяндауыштары тиянақсыз болып келіп, бірі екіншісіне бағына, сабақтаса
байланысады.
Дәурен кетіп қалған соң, сұрамағынына қатты өкінді
(Т.Ахтанов). Бұл сабақтастың бірінші жай сөйлемдерін екіншілерінен
бөліп, өз
алдына дербес айтуға келмейді, өйткені
қалған соң деген
баяндауышы тиянақсыз.
Сонымен құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса
байланысуына қарай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас
құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдері кемінде үш
жай сөйлемнен болады, бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та
байланысады.
Қарт әкенің қайғысын естіп, асыл перзентін жоқтаған
ащы зарын тыңдағанда, біздің төбе құйқамыз шымырлады, көзімізден
жас парлады (Ә.Нұршайықов).
Жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдері. Құрмалас сөйлемнің
құрамындағы жай сөйлемдер өзара төмендегідей жолдар арқылы
құрмаласады:
1.
Интонация арқылы байланысады:
Таң атып келеді,
қимылдайтын кез болды (Ә.Н).
2.
Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады:
Абай мен
Қарабасты үй іші бөгде қонаққа санаған жоқ, сол себепті дастарқан
айналасында Сүйіндіктің барлық балалары да, бәйбішесі де отырған-ды
(М.Әуезов).
3.
Етістіктің көсемше формасы арқылы жасалады:
Күшікбайдың
басынан соққан боран жаңадан шыққан бейітті қармен көміп,
қараушының көзінен тез жасырудың қарекетін істеп жатыр (М.Әуезов).
4.
Етістіктің есімше
формасы арқылы жасалады: Хатты оқып