Р. С. Рахметова


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ)



Pdf көрінісі
бет47/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ) 
 
«Н.Т.Сауранбаевтың құрмалас сөйлем жайлы ойлары» атты 
баяндама жазыңыз.
 Құрмалас сөйлемдерге қатысты тест тапсырмаларын құраңыз. 
«Ат – ер қанаты»  тақырыбында құрмалас сөйлемдерді
қатыстырып, шығарма жазыңыз. Ондағы үш сөйлемге синтаксистік талдау 
жасаңыз. 
Бақылау тапсырмалары: 
 
1. Құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеген ғалымдар тобы 
A) Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Исаев 
B) Н.Сауранбаев, Қ.Есенов, Т.Қордабаев 
C) М.Балақаев, О.Төлегенов, Р.Әміров
D) М.Балақаев, Ә.Әбілақов, Т.Сайрамбаев 
E) З.Бейсембаева, Б.Шалабаев, Ғ.Қалиев 
2. Компоненттері бір-бірімен ешқандай қосымша дәнекерсіз тек 
мағына жақындықтарына қарай іргелесе, қабыса байланысатын 
құрмалас сөйлемнің түрі ертеде қалай аталды? 
A) гипотаксис 
B) паратаксис 
C) предикат 
D) атрибут 
E) объектілік 
3. Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысаны 
A) жеке ұғымдарды білдіретін сөздердің тіркесіп, сөйлем болу жолдарын 
көрсетеді 
B) жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесуі нәтижесінде 
пайда болған сөйлемді зерттейді 
C) сөздердің тіркесу тәсілдері мен түрлерін зерттейді 
D) жай сөйлемдегі сөйлем мүшелерін зерттейді 
E) сөз тіркесінің жасалу жолдарын зерттейді 


78 
4. Компоненттері бір-бірімен бағына байланысатын құрмалас 
сөйлемнің түрі тіл білімінде қалай аталады? 
A) гипотаксис 
B) паратаксис 
C) предикат 
D) атрибут 
E) адвербиаль 
5. Салалас сөйлем мен сабақтас сөйлемнің өзара ұқсастығы: 
A) күрделі ойды білдіру 
B) байланысу тәсілі 
C) сөйлем мүшелері мен баяндауыш формасы 
D) әрбір компоненттің интонациясы 
E) жасалу жолдары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет