Р. С. Рахметова


 Тек қана жалғаулық шылаулар арқылы жасалатын салалас



Pdf көрінісі
бет54/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

8. Тек қана жалғаулық шылаулар арқылы жасалатын салалас 
құрмалас сөйлемдер 
A) мезгілдес, себептес, қарсылықты, шартты, салыстырмалы 
B) себеп-салдар, қарсылықты, түсіндірмелі, талғаулы 
C) талғаулы, кезектес 
D) түсіндірмелі 
E) түсіндірмелі, талғаулы 
9. Жалғаулықсыз байланысатын салалас құрмалас сөйлем 
A) түсіндірмелі
B) шартты 
C) мезгілдес 
D) салыстырмалы 
E) қарсылықты 
10. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы сол, сондай, сонша есімдіктерден
және үстеу сөздерінен жасалатын салалас құрмалас сөйлем 
A) шартты 
B) қарсылықты 
C) шартты 
D) мезгілдес 
E) түсіндірмелі 
 
 


86 
7. Сабақтас құрмалас сөйлем 
 
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы 
тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмаластың түрін 
сабақтас құрмалас дейміз. Сабақтас құрмалас сөйлемде сөйлемді 
басыңқы компонент аяқтап тұрады. Яғни басыңқы сөйлемнің мазмұнын 
бағыныңқы сөйлем толықтырып, аяқтап тұрады. Қ.Есенов сабақтас 
құрмалас сөйлемнің төмендегідей белгілерін атап көрсетеді: 
1. 
Сабақтас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері бір- 
біріне тұлғалық, мағыналық жақтарынан тәуелді болып келеді. 
2. 
Мұндай туәелділік, негізінен алғанда, алғашқы сөйлем  
(бағыныңқы) байланыстырғыш баяндауышының тиянақсыз тұлғада 
аяқталуынан шығады. Осы арқылы соңғы сөйлеммен (басыңқы) тығыз 
байланысқа түседі. 
3. 
Осыдан келіп сабақтас құрмалас өз құрылысы жағынан  
бағыныңқы және басыңқы сөйлемдерден тұратын болады. 
4. 
Бағыныңқы сөйлемнің байланыстырғыш амалы ретінде  
етістіктің шартты рай тұлғасы, есімше, көсемше формалары және 
есімшемен тіркесетін түрліше жалғаулықтар мен шылау сөздер 
жұмсалады. 
5. 
Сабақтас құрмаластағы (бағыныңқыдағы) ұласпалы  
байланыстырғыш интонация салаластағыдай емес өте әлсіз, солғын 
болады
71
 
Мысалы: Соғыс кезінде бір тілекті адамдар бір ғана түн бірге 
түнеп шықса да, бірінің қуаныш-қайғысына бірі оп-оңай ортақ болып қала 
береді (Ғ.Мүсірепов). Бұл сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемін 
екіншісінен бөліп, өз алдына дербес айтуға келмейді, өйткені түнеп шықса 
да  деген баяндауышы тиянақсыз. 
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары:
1. Баяндауыш формасы арқылы жасалады. Сабақтас құрмалас 
сөйлем жасауда -ған тұлғалы есімше ерекше рөл атқарады. Мысалы: 
Бағыныңқының баяндауышы есімше мен септеулік шылаудың тіркесінен 
жасалады: Ақындар шай ішіп болған соң, домбыраның құлағын бұрай 
бастады  (F. Мүсірепов). Есімшелер жатыс, шығыс, көмектес септіктерде 
тұрып сабақтас құрмалас сөйлем жасауға қатысады: Үстінде қой терісінен 
басқа лыпасы жоқ маңғұл әскері қанша құмырсқадай қаптағанмен, 
шайтан шаһардың әлгіндей айла-шарғысына амалы таусылды 
(Ә.Кекілбаев). Осы шақта ғана Абайлар тасырлата басқан қатты 
жүріспен кішкене тастақ төбеге шыға бергенде, алдарынан ит үрді 
(М.Әуезов). Біз орнымыздан тұра бергенімізде, Есімбектің ауылы 
жағынан жүгіре басып келе жатқан Базарбай да көрінді (Ғ. Мүсірепов). 
Бағыныңқының баяндауышын жасауда –п, -ып, -іп, -е, -й, -ғанша 
тұлғалы көсемшелер сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышын жасауда 
71
Қ.Есенов. Құрмалас сөйлем синтаксисі. 

Алматы: Білім, 1995. 

56 б. 

136 бет.


87 
белсенді қызмет атқарады. Әсіресе, -п жұрнағы сабақтас құрмалас сөйлем 
жасауда айрықша рөл атқарады. Бұл уәжге Жартыбек амал жоқ көніп, 
Ширекбектің қасына келді (Е.Әлімжан). Абайлар қатты жүрісті ауыр 
іргесіне тақай бере бәсеңдетіп, енді түсер үйді болжасып келе жатыр. 
Ақыл, сезім осы сәтте, қыз келіп орнына отырып болғанша, жұмбақ 
тұман мұнарға батты (М.Әуезов). 
Бағыныңқының баяндауышы шартты рай тұлғалы етістіктен 
жасалады: Жаз күндерінде Көкдауыл ыстықтап келіп төрдің алдына сұлай 
кетсе, оны ешкім орнынан қозғамайтын (Ғ.Мүсірепов). 
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары шылау не шылау  
мәндес сөздер (сайын, соң, дейін, шейін, кейін, бері, уақытта, шақта, кезде, 
қарамастан, ма, деп) арқылы жасалады. Мысалы: Осыдан үш-төрт күн 
өткенге дейін, Абай үйде болды (М.Әуезов). 
3. Баяндауыштары қатыстық сөздер, яғни сұрау, сілтеу (кім 

не;
қайда 

сонда; қанша 

сонша; қандай 

сондай; кімді 

нені) есімдіктері
арқылы жасалады. Мысалы: Шындықтың жүзі қанша суық болса да, 
сонша тура қарауымыз керек (Т.Ахтанов). 
4. Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыруда
интонация айрықша рөл атқарады. Мысалы: Өзге жұрт кейіндеп қалса да, 
Абай кешуілдемей үйге тез қайтты (М.Әуезов). 
Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынан 
екеу ғана емес, одан көп болуы мүмкін. Құрамында екі я одан да көп 
бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас құрмаластар кездеседі. Ондай 
құрмаластарды көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. 
Мысалы: Мұнан соң үш күн өткен соң, қазыға қонақтар келіп, той болды 
(Ы.Алтынсарин). Бұл сабақтастың құрамында екі бағыныңқы сөйлем бар. 
Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысу сипатына 
қарай көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас екіге бөлінеді: жарыспалы көп 
бағыныңқылы сабақтас және сатылы көп бағыныңқылы сабақтас. 
Бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей 
байланысқан сабақтасты жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас дейміз. 
Мысалы: Бұл жігіттер иесіз таудың ішімен түнде жүріп өтпек 
болып, тау сыртындағы елді бетіне алып, жалғыз аяқ жолмен түн қатып 
келе жатыр еді (М.Әуезов).
Бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлеммен тікелей байланыспай, 
өзара бір-біріне бағынып барып құрмаласқан сабақтастың түрін сатылы 
көп бағыныңқылы сабақтас дейміз. Мысалы: Жанат пен Жәнібек жеке 
кетіп, арбаларға тиелген электр жабдықтарын қарап шыққанша, 
Мәмбет малдарды қарап шыға алмады (Ғ. Мұстафин). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет