100
Содан соң әрі оған, әрі аналарына жауап етіп:
Қонағым
Біржан. ...
Одан да естіп қалсын, ана Ақылбай, Әбіш, Мағаш сияқты балалардың
бәрін жіберіп, тыңдатып қалсаңшы, сен ақыл білсең!
деді (М.Әуезов).
Төл сөзді төлеу сөзге бірнеше тәсілдер арқылы айналдыруға
болады:
1. Төл сөздің баяндауышы
етістіктен болса, төлеу сөзде ол есімшеге
айналып, оған
–дық,-дік жұрнағы, тәуелдік
жалғауы және табыс септігі
жалғанады да толықтауыш болады:
Шоланда бір меске сүт пісіп тұр,
деді шешем (О.Бөкей).
Шешем шоланда бір меске сүт пісіп тұрғанын
айтты.
2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің
бұйрық райынан болса, төлеу
сөзде ол тұйық етістікке айналады да, оған табыс не барыс жалғауы немесе
туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылады.
Қалиқа оған:
... Желікпе!
деп бұйрық берді (М.Әуезов).
Қалиқа оған желікпеуін
айтып, бұйрық берді.
3.Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не
тұйық етістіктен болса, \
төлеу сөзде оған екенін деген етістік жалғанып жасалады:
Тайжан?
деді ол даусын соза түсіп (Н.Ғабд).
Ол даусын соза түсіп,
өзінің Тайжан екенін айтты.
Достарыңызбен бөлісу: