81
4.
Түсіндірмелі салалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдердің
алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын
ашып, түсіндіріп тұратын салалас құрмаластың түрі түсіндірмелі
салалас деп аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай
сөйлемдер жалғаулық шылаусыз,
іргелес тұрып байланысса, арасына қос
нүкте қойылады. Мысалы:
Көкшенің дария көлінің біреуін жағалап, екі кісі
келе жатты: біреуі
Алтынсары, екіншісі
оның құрдасы Шауыпкел
(С.Мұқанов).
Түсіндірмелі салаластың бірінші жай
сөйлемінің баяндауышының
құрамына
сол, сонша, соншалық, сондай деген сілтеу есімдіктері қатысса,
екі
жай
сөйлемнің
аражігіне
сызықша
қойылады.
Мысалы:
Қорыққандығым сонша
менің жүрегім жылдамдата соғып, бар
қанымды басыма шапшытады (С.Мұқанов).
Алғашқы сөйлемде
мынандай жалпылауыш сөзі қолданып, келесі
сөйлемде оның қандай екендігі нақтыланып тұрады да, жалпылауыш
сөзден кейін қос нүсте қойылады:
Мынадай жағдай болады: сіз туған
өлкеңізді көп кезесіз, оның орман-нуын, өзен-суын көп көресіз, оның
сұлулығына сүйсінесіз, рақаттанасыз (З.Қабдолов).
5.
Талғаулы салалас сөйлем.
Құрамындағы жай сөйлемдерде
айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін
саласатың түрі талғаулы салалас деп аталады. Талғаулықты салаластың
құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы
байланысады да, арасына үтір қойылады. Талғаулықты салаластың
құрамындағы
жай сөйлемдер не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса,
болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар
арқылы байланысады. Мысалы:
Бұл өзеннің я тобарсып жатқанын, я
күнсіп аққанын көрмейсің (А.Т.).
6.
Достарыңызбен бөлісу: