Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет50/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

Кезектес салалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдері
арқылы іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуын білдіретін салаластың 
түрін кезектес салалас дейміз. Кезектес салаластың құрамындағы жай 
сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар 
арқылы тек салаласа байланысады да, араларына үтір қойылады. Мысалы: 
Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанап, 
лапылдайды (М.Әуезов). Баяу ескен жел бірде басылады, бірде толқып, 
жасыл шөптердің бастарын ақырын ғана ырғайды (С.Сматаев). 
7. 
Шартты салалас сөйлем. Құрамындағы сөйлемдерінің
мағыналары өзара шарттас болып келетін салаластың түрін шартты 
салалас сөйлем дейміз. Яғни сөйлемдегі оқиға мазмұны бір-біріне 
шарттастық мәнде қолданылады.  
Әйтпесе жалғаулығы шартты салалас сөйлемді жасауға қатысып, 
олардың арасында шарттастық мән тудырады. Мысалы: Туысымның қаны 
үшін кекті өзі қолыммен алайын, әйтпесе көңілім көншімейді (Р.Әсенов). 
8. 
Салыстырмалы салалас сөйлем. Сөйлемдеріндегі оқиға


82 
өзара салыстырыла айтылатын салаластың түрі салыстырмалы 
салалас сөйлем деп аталады. Салыстырмалы салалас сөйлемдер да, де, ал 
жалғаулықтары арқылы жасалады. Мысалы: Бұлақ жақ қабырға биік шілік 
те, тау жақ қабырға күргейлене біткен қалың тобылғы. Сен тауға біткен 
терек ең, мен қырда өскен қызғалдақ ем. (М.Мағауин).
Көп компонентті салалас сөйлем. Салалас сөйлемнің құрамы үнемі 
тек екі сөйлемнен құрала бермейді, одан да асып түседі. Егер салалас 
сөйлемнің құрамында кем дегенде үш сөйлем болса, онда ол көп 
компонентті салалас сөйлем болады. Мысалы: Ағайын алмай бірлік қылса 
керек еді, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан 
тілемейді, шаруа іздемейді (Абай).
 Кей жағдайда көп компонентті салалас сөйлемнің баяндауыштары бір 
сөздің қайталануы арқылы да жасалады. Мысалы: Жұмыс көп, 
қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп (Ғ.Мұст). 
Көп компонентті салалас сөйлемдерде ойдың мазмұны толығырақ 
беріліп, ой ашыла түседі. Өйткені олардың әрқайсысы бірін-бірі 
толықтырып отырады: Байлау біреу-ақ: не Абайды аман шығарып ап, күле 
жайнап бәріміз елге қайтамыз, немесе Базаралы бас қияды да, осыдан ел 
бетін көрмей айдауға кетеді (М.Әуезов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет