Р. Сыздык 1-том indd


Ортақ етіс тұлғасының көптік категорияны білдіруі



Pdf көрінісі
бет131/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   180
Ортақ етіс тұлғасының көптік категорияны білдіруі
Қазақ тілінің грамматикалық нормаларын өткен ғасырда 
суреттегендердің бірі – Н.И.Ильминский: «взаимная форма 
киргизского глагола на  употребляется не только в значении 
взаимности и соревнования, но и общего исполнения действия, 
вместо множественного числа: кетісті – все ушли»
205
, – деп 
жазады.
Ортақ етіс формасы арқылы көптік мағынаны білдіру өткен 
ғасырдың өзінде қазақ тілінде өнімді норма болмаса да, соңғы 
кезге дейін қазақша жазу нұсқаларынан орын алып келгені 
байқалады.
Абай тілінде III жақтағы етістіктен болған баяндауышты 
көптік мағынадағы бастауышпен ортақ етіс тұлғасы арқылы 
киыстыру актив тәсіл емес, дегенмен орын алған: «Әйтеуір 
бірін бірі алдаудың амалын іздеседі» (II, 163); «...Ата-баба-
ларын ақсақалдарының айтуымен, ауыз хабарынан білгеніне 
қанағат қылып жүріскен» (II, 220).
205
Ильминский И. И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1861. - С. 27.


270
Бұл тәсілді жалғыз Абай емес, оның тұсындағы өзге 
жазу нұсқалары әсіресе жас проза тілі, оның ішінде тұңғыш 
баспасөз тілі едәуір өнімді пайдаланған. Әсіресе Ыбырай 
Алтынсариннің әңгімелерінде етістіктің ІІІ жақта бастауышпен 
ортақ етіс тұлғасы арқылы көпшілікте қиысып келуі әлдеқайда 
жиірек кездеседі: «Мұнан соң мужикті патсаға алып келісті» 
(Алтынсарин, 1879); «Сейітқұлдың өзі де, жиылған халқы да 
малдары көбейіп, бай болысты»
206
(Сонда. 38); «Үсен қоймай 
оятып алып, қасына ертіп жолғашығысты» (Сонда. 25). «Асан 
мен Үсен» әңгімесінде екі баланың қимылының бәрі ортақ
етіс тұлғасымен баяндалған.
Бұл тәсілді Абай да, Ыбырай да өзге түркі тілдерінен 
алған жоқ, өздері де шығарған жоқ. Ол қазақ тілінде бір кез-
де қолданылған тәсілге ұқсайды. Өйткені оны сирек болса да, 
ауыз әдебиеті үлгілерінен де кездестіреміз.
Ортақ етіс тұлғасы арқылы көптік мағынаны білдіру – қазақ 
әдебиетінің қазіргі даму сатысында нормативтік тәсіл емес. Де-
генмен мүлде қолданылмайды деп те тұжырымдауға болмай-
ды. Бұл амал көркем әдебиет стилінде қазірде де ұшырасады. 
Әсіресе, жеке жазушылар тілінде айтарлықтай орын алады. 
Мысалы, бұл амалды Мұхтар Әуезов өнімді қолданады.
Сөйтіп, қазірде әдеби норма ретінде танылмайтын грам- 
матикалық амалдардың бірі – етіс тұлғасы арқылы көптік 
категорияны білдіру – әдеби тіліміздің XIX ғасырдың ІІ 
жартысындағы даму кезеңдерінде, оның ішінде Абай, Ыбырай 
тілдерінде белгілі бір дәрежеде қолданылған норма болған.
206 
Біз мысалдарды әдейі Ыбырайдың 1879 жылғы өз қолымен шыққан баспасынан 
алдық, өйткені қазірде норма емес бұл тұлғалардың кейбіреулерін автордың соңғы 
(1955) баспаларында «түзетіп», осы күнгіше беріпті. Мысалы, дәл осы сөйлемде 
етістік болды түрінде берілген.


271


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет