Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет129/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   180
    Бұл бет үшін навигация:
  • -арға
-у+ға-ның орнына -ар+ға тұлғасын Ыбырай да прозасын-
да жиі қолданған: «Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, 
ұстап алған соң өзіне азық етерге» (Алтынсарин, 1879,1); «Бір 
төре осындай іспен гүнәлі болып, әлгі айтылған жазаны берер-
ге тұрғанда, гүнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап 
беремін деп мәлім болды»
203
(Сонда, 10); «Соныңмен ішерге-
жеуге, киюге де кемтар соғып, бір қалада жүрген уақытта...» 
(Сонда. 37).
Сөйтіп, Абай, Ыбырайларға шейін, олардың жұмсаладын 
қоса алған қазақ әдеби тілінде -ар жұрнақты есімшенің ба-
рыс септігінде жұрнақты қимыл есімінің орнына, соның 
дублеті ретінде қолданылу фактісі болып келгенін баян-
даймыз. Әрине, бұдан -уға тұлғасы қолданылмады деген 
тұжырым әсте шықпайды. Бұл екі тұлға морфологиялық сино-
нимдер ретінде қатар пайдаланылғанын ауыз әдебиеті үлгілері 
де, жеке қаламгерлер тілі де көрсетеді: «Жуас түйе жүндеуге 
жақсы»; «Қысқа жіп күрмеуге келмес»; «Жаман сайға су түссе, 
өткел бермес кешуге. Жаман кісіге мал бітсе, сусын бермес 
ішуге» (осыны жоғарғы Бұқардан келтірген -арға-мен келген 
жолдармен салыстырыңыз). Абайда -уға тұлғасы -ар-дан кем 
кездеспейді: «Артық ғылым кітапта Ерінбей оқып көруге.Во-
енный қызмет іздеме, Оқалы киім киюге» (I, 52); «Түгел сөзді 
тыңдауға жоқ қой қазақ» (I, 70).
Абайда қолданылу жиілігі жағынан -арға тұлғасы едәуір 
болғанмен, өткен ғасырда бұлформа өз орнын -уға варианты-
на бере бастаған. Өйткені өзге нұсқаларда сан жағынан -арға 
дублеті -уға тұлғасынан кемдеу ұшырасады. Ал Абайдағы 
жиілік – бір жағынан, осы тәсілді, жоғарғы -мақ жұрнақты ту-
ындылар тәрізді, жазушының өзі қалап, таңдап қолдануына да 
байланысты. Тегі, Абай қазақтың халық тілінде бар тәсілдерді 
мейлінше актив пайдалану принципін ұстағанға ұқсайды.
-ар жұрнақты тұлғаның төңірегінде төртінші ерекшелік деп 
оның Абай тілінде жиі субстантивтеніп, септік жалғауларымен 
203
Жазушының 1955 жылғы тандамалы шығармалар жинағында жоғарғы 
келтірілген екі мысалдың екеуі де -уға тұлғасымен алмастырылып «түзетілген» (73 
және 81-бетте). Әрине, сөйлем мағынасы үшін бұл редакцияның айтарлықтай зияны 
болмаса да, тіл үшін қажетсіз екендігі түсінікті.


266
қолданылғандығын көрсетеміз. Сірә, Абай тіліне тән белгінің 
бірі – өзге сөз таптарын (сын, сан есімдер, есімше тұлғалар) 
жиі субстантивтендіргендігі. Бұл амал-әрекеттен -ар жұрнақты 
есімше де тыс қалмаған: «Қаны бұзық өзі ойлар Қу менен сұм 
болар-ды» (I, 51); «Қайдан ғана біледі Ауыр менен жеңілдің 
Арасымен өтер-ді» (I, 62); «Бала сүйер, жар сүйерден Түк неме 
жоқ, тұр денем» (II, 78).
Қазіргі әдеби нормамызда бұл тұлғаның септік жалғау- 
ларымен құбылып қолданылуы жоққа тән. Өткендегі қазақ тілі 
үшін де өнімді тәсіл емес.
Абай тілінде морфологиялық формалардың бірі – -ар жұр- 
нақты есімшеге -лық жұрнағы үстелген тұлға. Бұл өлеңдерін- 
де де, прозасында да етістіктен болған есім ретінде өте жиі 
қолданылған. Ол қимылдық семантикадан қол үзіп кетпейді, 
көп ретте, әсіресе етістіктермен тіркескенде есімшенің -а+тын 
тұлғасына ұқсас түседі: «...Оның үстінен тазалығын байқарлық 
(~ байқайтын) екі көз беріп, ол көздерге нәзіктен, зарардан 
қорғап тұрарлық (~ тұратын) қабақ беріп...» (II, 199); «Екінші, 
балаң мейірімді болып, асырарлық болып (~ асырайтын бо-
лып) туа ма, жоқ па?» (II, 167); «Осы елде бозбала жоқ сөзді 
ұғарлық» (I, 37); «Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар» (I, 38); 
«Еңбегінді білерлік еш адам жоқ» (I, 25); «Өлейін деп өлмейді 
өлерлік жан» (I, 234).
Бұл тәсіл де қазақтың жалпыхалықтық тілі нормасына 
жат емес, бірақ, әрине, дәл Абайдағыдай аса өнімді емес. Ал 
Абайдың мұнда -а+тын жұрнағымен жасалатын есімшеге 
қызметтес етіп актив қолдануы, біздіңше, жазушының шеберлік 
талғамына байланысты, өзі қалап қолданған грамматикалық 
тәсілдердің бірі болып табылады.
Сөйтіп, Абай тілінде -ар жұрнақты есімше актив тәсілдердің 
бірі болып келіп, әралуан қызмет атқарған. Ол қызметтердің 
барлығы дерлік қазақтың жалпыхалықтық тілінде ертеден 
келе жатқандар. -ар жұрнақты тұлғаның қолданудан қалып 
бара жатқан үздіксіз іс-әрекетті білдіру, қимыл есімі ретінде 
жұмсалу сияқты қызметтерін Абай жандандырып, өнімді 
амал етіп пайдаланған. Сондай-ақ бұл тұлғаның атрибуттық 


267
қызметін де Абай халықтық нормадан алған. -ар жұрнақты 
сөзді субстантивтендіру және -лық жұрнағын жалғайтын 
негіз етіп алу тәрізділерді де ұлы қаламгер активтендіріп, 
өзінің жазушылық мәнеріне тән тәсілге айналдырған. Тал-
дап отырған тұлғаның Абай тілінде өте жиі, актив кезде-
скен мағыналары мен қызметтерінің көбі әрі қарай дамымай, 
ақынның индивидуалдық стилін сипаттайтын ерекшеліктер 
болып қалып қойған. Сондықтан бұл есімше тұлғасының 
Абайда кездесетін 3-4 қызметі – қазақтың қазіргі әдеби тілінде 
мүлде жоққа тән, пассив амалдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет