Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет18/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   180
Бертельс Е. Э. Навои. - М.-Л., 1948. - С. 40.


42
кітаби тілде жазған деуге де болады. Және әдейі жазған. 
Сонда Абай «кітаби тіл» дегенді діни әдебиет жанрына ғана 
телиді де өз алдына әдеби тіл ретінде емес, стиль ретінде пай-
даланады. «Кітаби тіл» Абай үшін – құбыжық емес, құрал, 
сонымен қатар ол – әрі «қарсыласы». Өйткені кітаби тіл ХІХ 
ғасырдың ІI жартысындағы қазақ мәдениет дүниесінде едәуір 
етек алған құбылыс болды, қазақ жазба әдеби тіл формасы-
на претенденттердің бірі болды. Тек проза саласы емес, діни 
тақырыпты қисса-дастандар арқылы поэзия тіліне де (демек, 
тұтас әдеби тілге) «ауыз сала» бастаған тіл болды. Кітаби тіл 
нормаларының бірі – араб-парсы лексикасын молынан енгізу 
белгісі діни қисса-дастандарда ғана емес, қазақтың көркем 
әдеби тіл уәкілдерінің тілдерінде де орын ала бастағаны 
байқалады. Кітаби тілге ашықтан-ашық бүйректері бұрған 
Нұржан Наушабаев, Мақыш Қалтаев сияқты ақындарды 
былай қойғанда, нағыз «қазақы», белді ақын Шортанбай-
дан бастап Ақан серіге дейінгі қаламгерлердің бірқатарында 
лексика жағынан кітаби тілдік белгі-нышан барын көреміз. 
Шортанбайдағы мол кездесетін арабизм-фарсизмдер (жалпы- 
халықтық тілге енбегендері) көбінесе діни тақырыпқа байла-
нысты болса, Ақан серіде ғашықтық лирикасы тәрізді дінге 
қатыссыз жанрда да қолданылған. Мысалы, Ақан серінің:
Қолға алдым хат жазуға қалам, сия.
Сарби зат мұқтан шаһи Гүлнәсия.
Шараптың шашыраған жәуһарындай 
Көңлімнің заһарына салдың ұя.
Кәстәрен секілденген пәнде мақбуб
Пәндені бұрам деген көне зия.
Тағы да хат жазамын сын мен зи-дан,
Тағырыпың кейін емес әліп, би-ден.
О. Р. 3. Д. Л. айна кәрім
Көңлімнің іңкәрісі – дал мен мим, мон...
44

деген шумақтарында курсивпен көрсетілген шығыс сөздерін 
былай қойғанда, әріптерге бағыштап өлең құру тәсілінің өзі 
шығыс әдебиетінің, оның ішінде кітаби тілде жазғандардың да 
тікелей әсері, ізі екені көрініп тұр.
44
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары. - Алматы, 1962. - 
250-б.


43
Кітаби тіл Абайдың өзін де бір шарпып алғанын білеміз. 
Бала кезінде, ақындығы балаң кезінде өзінің бойын керне-
ген талантқа қай әдеби тілді қолдану керектігін санамен де, 
тәжірибемен де таңдап білерлік дәрежеге жетпей тұрған 
кезінде Абай да кітаби тілді қолданып көрді. Әрине, бұл жерде 
шешуші фактор – тілдегі ізденісі емес, әдеби творчестводағы 
ізденісі, яғни шығыс әдебиетінен, классикалық әдебиеттен 
күш, тірек іздеуі, бірақ осы ізденіс еріксіз тілді де іздеткен. 
Тапқаны – шағатай тілі. Бірақ ең күшті Абай танушылар 
айтқандай, бұл тапқанынан тез айнып, өзге арнаға – өз ақындық 
арнасына түседі. Соған орай шағатай тілінен де бас тартады. 
Әрине, әуелі тілден емес, шығыстан іздеген творчестволық 
әдістен, мазмұннан бас тартады, ал бұл – тілін де өзгертеді. 
Абайдың қазақ әдеби тіліндегі орнын тіл мамандарының 
ішіндегі тұңғыш рет бұдан 30 жылдан астам бұрын соншама 
зор білімдарлықпен, нақтылы талдау жасап сөз еткен проф. 
Құдайберген Жұбанов ұлы қаламгердің ең маңызды еңбегі
«еленбей келе жатқан ерекшелігі» деп алдымен осы жайды ай-
тады. Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, 
Татария сияқты елдердің XIX ғасырдағы ең күшті қалам иелері 
(Мақтымкули, Бабич, Маржани, Насири т.б.) шығармаларын 
таза өз халықтарының тілінде жаза алмай, «араб-парсы сөздерін 
көп енгізген бүйреткі тілде» жазғанын дәлелдей келіп, проф. 
Қ.Жұбанов Абайдың барлығынан озат шығуы «таза халық 
тілімен жазып тұрып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісінен 
шығарғандығында» деп түйеді
45
.
Шынында да, бұл – ескермейтін ерекшелік емес. Өйткені 
Абай тұсындағы қазақ өмірінде кітаби тілдің формальдық 
та (діни әдебиеттің күшеюімен байланысты), материалдық 
та (жалпы кітап, газет шығару ісінің жандануымен бай-
ланысты) күш ала бастаған және Қ.Жұмалиев айтқандай, 
«шағатайшылау, парсышылаудың үстіне татаршылау келіп 
қосылған» болатын. Мұны сол кездің өзінде-ақ басы ұлы ға- 
лым Шоқан Уәлиханов болып, қазақпен орыстың демократ- 
тық бағыттағы интеллигенттері сезіп, қауіптерін білдіріп, орыс-
шылап айтқанда, тревога көтерді. Ы.Алтынсарин қазақ тілінде 
жазылған бірде-бір кітап жоқ, балалардың оқып жүргені та-
тарша кітаби тілде жазылғандар, олардың тілі қазақтың қалың 
45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет