Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет19/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   180
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы, 1966. -286-296-бб.


44
жұртшылығына түсініксіз дегенді өзінің «Хрестоматиясының» 
алғы сөзінде де, Н.И. Ильминский т.б. жазған хаттарын-
да да
46
ашып айтты. Тіпті бұл кезде орыс ғалымдары 
(Н.И.Ильминский, А. В. Васильев, В.В.Радлов) «отатарива-
ние киргизского (казахского) языка» деген атауды шығарады. 
Сірә, қазақ жазба тілінің татаршылануы (отатаривание, тата-
ризация) деген ұғымның ішіне екі-үш нәрсе кіретін болу ке-
рек, бірі – қазақ тілінде деп ұсынған кітапшалардың көбінің 
авторы татар молдалары, татар діндарлары болғандығына, 
екінші –«татар» деген терминнің өзі өткенде түркі деген 
жалпы атаудың да дублеті ретінде жиі қолданылғанына бай-
ланысты болар (мысалы, Шоқанның тюркский дегеннің 
орнына көбінесе татар деп жазғаны мәлім). Сонда та-
таршылау дегеннін бір ұғымы түркіше кітабишылау, яғни 
кітаби тілдің элементтерін, нормаларын пайдаланып жазу 
дегенді де білдіргенге ұқсайды. Үшінші – қазақ тілінің та-
таршылануы дегенді Н.И.Ильминский, А.В.Васильев тәрізді 
орыс ғалым-ағартушылары айтқанда, олардың миссионерлік 
мақсат-талабынан туған «құлаққағыс» та жоқ емес сияқты 
болып көрінуі мүмкін. Өйткені XIX ғасырдың ІІ жартысында 
патша үкіметінің отаршылдық саясаты майданында қазақ да-
ласына ислам дінінің күш алып, етек жаюына қарсы күресуі 
– Қазақстан үшін Орта Азия хандықтарының, тіпті одан әрі 
Англия-Түркияның саясат-әрекеттеріне қарсы күресуінің бір 
бұтағы болып табылды. Ал ислам дінін қазақ жеріне о бастан, 
II Екатерина заманынан жайып, таратушылар Еділ татарла-
рынан шыққан молдалар мен діндарлар болды. Азын-аулақ 
болса да, оқу-ағарту ісі де татар молдаларының қолында 
болды. Осылардың барлығы қазақтардың рухани дүниесіне, 
мәдениетіне, тіліне татар уәкілдері арқылы пантюркистік идея 
мен ислам діні бойлап еніп, қазақ тілін ұлттық сипатынан ай-
ыратындай қауіп барын сездірді. Бұл қауіптің бетін қайтаруда 
жалғыз патша үкіметінің отарлау саясатының мүддесі емес, 
қазақ халқының өзінің ұлттық, халықтық мүддесі бар екендігін 
жоққа шығаруға болмайды.
Сондықтан да жоғарғы орыс ғалымдары болсын (тіпті 
олардың ішінде «миссионер» лауазымды Н.И.Ильминский 
сияқтылар да), Шоқан, Ыбырайлар болсын, осы соңғы мүддені 
46
Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия. - Оренбург, 1879 және Алынсарин 
Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1956.


45
көздегендері хақ. Әсіресе, бұл мәселені үлкен әлеуметтік 
пікір таласына айналдырып көтерген «Дала уалаяты газеті» 
болды. Газет өзінің шығып тұрған жылдарында редакция 
атынан да, жеке қазақ интеллигенттері атынан да қазақ жазба 
әдеби тілінің тағдыры, беталысы туралы мәселе көтеріп, тіпті 
диспут ашып, қазақтың жазба тілі халықтың тіліне негізделіп 
дамуын қоштайды. «Дала уалаяты газетінің» 1886 жылы 
42-нөмірінде Бөкен Адықов дегеннің: «көпшілікке арналған 
азаматтық мазмұнды кітаптар («популярные книжки обще-
полезного содержания») таза қазақ, тілінде жазылуы керек, 
ал осы күні шығып жатқандары қазақ бұқарасына түсініксіз 
түрік-татар тілдерінде», – дегеніне Абдолла Чуланов де-
ген қарсылық білдіреді, ол таза пантюркистік платформаны 
ұстап: «Қазақ, татар халықтарының арасында еш айырма жоқ, 
өйткені дініміз бір, жазуымыз бір», – дейді. Осы соңғы пікірге 
газет редакциясы қарсы пікір айтып, «діннің, жазудың бірлігі 
халықтардың біреу екендігін танытпайды, қазақ халқы өз та-
рихы, өз тілі, тұрмыс-тіршілігінде өзіне тән ұлттық ерекшелігі 
бар өз алдына халық» деген концепцияны білдіреді («Дала уа-
лаяты газеті». - 1889. - №2). Газеттегі Ы.Алтынсариннің ағар- 
тушылық системасы жайында ұйымдастырылған айтыста 
да осы пікірлер айналасында сөз болады. Ыбырайдың шәкірт- 
тері мен ізбасарлары бұл диспутты «Оренбургский листок- 
тың» 1884 жылғы 15-нөмірінде қорытындылап, онда Ыбы-
рай Алтынсариннің қазақ мәдениеті тарихындағы орнын 
жоғары бағалап, оны «қазақтың Ломоносовы» дей келіп: «тілі 
халықтық, әрі айқын, әрі дұрыс, әрбір қазаққа түсінікті», – 
деп қорытындылайды
47
. «Дала уалаяты газеті» бұдан он жыл 
кейін де, 1894 жылғы бір санында А.Құрманбаевтың «Қазақ 
тілі турасынан» деген мақаласы арқылы қазақ тілі, кітаби-
татар тілі және Ыбырайдың қазақ жазба әдеби тілінің негізін 
салудағы рөлі туралы бұл концепциясын тағы білдіреді. «Сал-
сал», «Зарқұм» сияқтыларды «жырсымақтар» деп, олардың 
тілі «Алтынсарин тілімен салыстырғанда, қазақ тілін келе-
меш еткен сияқты, өйткені жартылай қазақша, жартылай та-
тарша», – деп ашық жазады
48
.
47
Сулейменов В. Проблема изучения научно-педагогического и литературного 
наследия Алтынсарина // Вестник АН КазССР. - 1967. - № 1. - С. 22-23. 
48
Әбілқасымов Б. Ыбырай Алтынсарин «Дала уалаяты газетінде» // Қазақ ССР ҒА 
хабарлары. - Қоғамдық ғылымдар сериясы. - 1967. - № 1. - 83-б.


46
Жалғыз «Дала уалаяты газеті» және «Оренбургский ли-
сток» емес, «Түркістан уалаяты газеті» де қазақ тіліне жана-
сты материалдарды басып, кейбір қазақ ақындарының араб, 
өзбек,татар сөздерімен шұбарланған өлеңдерін сынайды
49

Соған қарағанда, жалпы қазақ баспасөзі қазақ жазба әдеби 
тілінің негізі, оның әрі қарай дамуы мәселесінде жалпы 
халықтың ұлттық тіл негізін қуаттаған бағытты ұсынған.
Міне, осындай қазақ жазба әдеби тілі туралы әлеумет на-
зарын аударып жатқан мақалаларды Абай көрмей, оқымай 
отырмағаны мәлім. Бірақ, әрине, Абай шағатай тілінен бет 
бұрып, қазақтың халықтық тілін қалағанда, жоғарғы газеттер- 
дің тілек-талабын орындайын деп, солардан біліп-танып, 
соларға құлақ асып істеген әрекеті емес. Тіл жөніндегі өзі 
ұстаған бағыт-бағдарға Абай мүмкін жоғарғы қоғамдық ой-
пікірге қатыссыз да келген болар еді. Бірақ Абайды да, Ыбы-
райды да, олардың алдында Шоқанды да, одан кейін адал 
ниетті орыс ғалымдарын да, баспасөз бетінде пікірлерін 
білдірген озат ойлы қазақ интеллигенттерін де – барлығын 
да қазақ жазба әдебиетінің негізі мен тағдыры, бары мен ба-
рысы туралы бір платформаға әкелген – сол тұстағы қазақ 
қоғамының даму жағдайларына байланысты факторлар 
және осы аталған қаламгерлер мен қайраткерлердің озат, 
прогресшіл және демократтық бағыттағы дүниетанымы мен 
программалары.
Сөйтіп, Абай кітаби тілді байқап көрді, әрине, оған: бай- 
қайын деп әдейі барған жоқ. Абайды шағатайшылатқан –
творчестволық жолының бір этапы. Әдебиет қақпасын қағар 
шақта ақындық қуатына шағатай әдебиетінен нәр-күш іздеген 
Абай шағатай ақындарынша араб-парсының ғаруз өлшеуін 
байқап көрген. Абай проф. Қ.Жұбановтың сөзімен айтсақ, 
«13-19 жастарында шағатай әдебиетінің творчестволық дәстү- 
рін жалтыратып тағынып, кейін келе не мистикалық, диуа- 
налық сарын-бағытынан, не өлең өлшеуінен, не араб-пар-
сымен шұбарланған тілінен сүйсінерлік, сүйенерлік қасиет 
таба алмай, ол әдебиетпен оты өрелі жанбай, тастап кеткен». 
«Ендігі тарихтық дәуренде, қауым тіршілігі жаңаша, басқаша 
боп өзгеріп құрылу керек дейтін Абай... енді халыққа басқа- 
49
Субханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзі жөнінде 
// Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Филология мен өнертану сериясы. - 1961. - № 3. - 71-б.


47
ша әдебиет керек деп тапса» (М.Әуезов), сонысына орай тілдік 
негізі де өзгереді, яғни шағатайдан басқаша тіл керектігін 
сезінеді. Бұл жерде де Абай әуелі тілді (форманы) емес, 
творчестволық бағытын (мазмұнды) өзгертеді. Мазмұн түрге 
әсер етеді. Абайдың «Сөз айттым Әзірет Әлі айдаһарсыз, 
Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз» дегені – Әріп пен 
Көкпайды сынаған үй ішілік, ошақ басылық сөздері емес, 
программалық тезисі: Әзірет Әліні айтпауы – ислам дінін 
уағыздаған мазмұнды жырламағаны, осыдан барып творчес- 
твосының негізгі тақырыбы діни болмағандықтан, «алтын иек 
қыз» тәрізді шағатай әдебиетінің сөз саптауын қолданбағаны. 
Ал дінді, ислам дінін сөз ете қалса, бірер өлеңінде болсын, 
38, 13-сөз тәрізді прозалық шығармаларында болсын кітаби 
тілдің кейбір нормаларына (әсіресе лексикалық нормасы-
на) еркін жүгінетіні – тағы да мазмұн мен түрдің қабысуы. 
Абайдың тұтас тұл бойына тән принцип – мазмұн мен түр гар-
мониясы барлық жерде де бірінші скрипкада ойнайды. Жаңа 
творчестволық бағыт, жаңа тенденцияға көшкен Абай енді 
сол творчествосының формасы үшін қазақтың өз дәуіріндегі 
халықтың тілін таңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет