Р. Сыздык 1-том indd


Абай – жаңа жазба әдеби тілдің негізін салушы



Pdf көрінісі
бет20/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   180
Абай – жаңа жазба әдеби тілдің негізін салушы
Сөйтіп, Абай өзіне дейінгі ғасырлар бойы шыңдалып, нор-
малары бірте-бірте тұрақталып, әдеби сипат алып өмір сүріп 
келген қазақ әдеби тілін әрі қарай жалғастырып, бірқатар жаңа 
бағыт-белгілер қосып, оның даму барысындағы келесі, жаңа 
этапын бастайды. Бұл этап – бір жағынан, көненің жалғасы 
болса, екінші жағынан, жаңаның – осы күнгі қазақ әдеби тілінің 
бастамасы, алғашқы кезеңі.
Абай творчествосының тілі бұрынғы қазақ әдеби тілінің 
жаңа этапы болып саналуға бірнеше дәлел фактор бар. Олар, 
негізінен, тілдің даму процесіндегі принциптер мен бағытқа 
байланысты. Ең алдымен, Абай мен Ыбырай бұрынғы өмір 
сүріп келген қазақ әдеби тілінің қоғам өмірінде әрі қарай 
қызмет етудегі азаматтық правосын принципті түрде бекітті. 
Әрі қарайғы қоғамда «кітаби тіл» нормалары емес, бұрыннан 
да едәуір бел алып келген қазақ әдеби тіл нормалары негіз 
болуын анық, айқын түрде көрсетті. Бұл ретте «кітаби тіл» 


48
қарама-қарсысында тұрды, сондықтан да бұл бұрынғы шағын 
салада болса да қызмет етіп келген жазба әдеби тіл –«кітаби 
тілден» ажырап, жаңа жазба деген атрибутке ие болады. Со-
дан соң бұлар осы тілдің қоғамдық қызмет аясын кеңітуге жаңа 
бағыт сілтеді; бұл әдеби тіл енді тек көркем әдебиет қана емес, 
оқу-педагогика саласына да, ғылыми-публицистикаға да – 
қысқасы, қазақ қоғамының күллі азаматтық рухани мұқтажына 
қызмет етуге тиісті түрде дамуы қажет екенін күн тәртібіне 
қойды. Үшіншіден, тілдің нормалары мен көркем әдебиетті 
(әсіресе поэзияны) дамыту принциптерінде көптеген жаңа тен-
денция ұсынды. Бұл жаңа этап деп аталуына басты себептердің 
бірі болады. Ол тенденциялар мен жаңалықтардың бірқатарын 
біз Абай тілінің лексикасы мен грамматикасын талдау үстінде 
көрсетеміз.
Әрине, Абай қазақ әдеби тілін жаңа сатыға (этапқа) 
көтергенде бұрынғы принцип-бағыттардың күллісін жоққа 
шығарған жоқ, керісінше, ең басты, өмірлік белгілерін сақтап, 
оларды әрі қарай ұстады. Бұл принцип-белгілердің негізгілері, 
біздіңше, мыналар тәрізді:
а) ауызекі сөйлеу тілін әрдайым негіз етіп ұстау. Әдеби тіл- 
дің сөздік байлығы осы принцип бойынша құралатындықтан, 
ол дәуірден дәуірге, ғасырдан ғасырға ауызекі сөйлеу норма-
сына орай өзгеріп отырған. Қазіргі бізге осы күнгідей болып 
жеткенімен, XV ғасырдағы Қазтуғанның тілінің лексикалық 
құрамы өз дәуіріне сай болғаны даусыз. Ал әдеби тілдік дәстүр 
үзілмей келе жатса да, XIX ғасырдағы, мысалы, Шортанбайдың 
сөз байлығы XV ғасырдан айтарлықтай өзгеше, өз тұсына 
лайық болғаны тағы даусыз. Бұл принципті ауыз әдебиеті 
де ұстаған. Ертеректе пайда болған «Қозы Көрпеш» немесе 
«Қамбар» сияқты жырларды XIX ғасыр жыршысы айтып бер-
генде, соңғы өз тұсының сөйлеу нормасына тән лексикалық 
единицаларды сыналап болса да енгізіп отырады. Сол себептен 
бұларда тіпті пәдносы мен әйгілі шай-самаурында, сондай-ақ 
пәуеске-тарантастар да, тіпті минет (минут) тәрізді сөздер 
де кездеседі. Бұл – жырды жеткізушінің беталды кеткен 
әрекеті емес, жоғарғы принцип-нормадан туған заңдылық. Ал 
XIX ғасырдың өзінде пайда болған «Айман-Шолпан» сияқты 
жырларда өз заманының жалпыхалықтық сөйлеу тілінің 
лексикалық байлығы тіпті мол көрінеді. Ертеде өткен ақын-


49
жыраулардың мұралары бізге дейін ауызша жеткізушілердің 
лабораториясынан өткенде өзгеріп отырғандығы тек шала 
жаттау, ұмытып қалу тәрізді ауызша «жазудың» субъективтік 
себептеріне ғана байланысты емес деп ойлаймыз. Мұнда жал-
пы заманына қарай лайықталып отыру сияқты әдеби дәстүр-
принциптің де ізі болуы мүмкін.
Сөйтіп, Абайға дейінгі қазақ әдеби тілінің басты бір даму 
принципі – ауызекі сөйлеу тәжірибемен әрқашан тамырын 
үзбей, бірге жылжып отыруы.
ә) Осыған қарама-қарсы жалғастылық принципі. Белгілі 
бір кезенде жасалған образдар, теңеулер, метафоралар т.б. 
көркемдеу элементтері үзілмей сақталып, келесі буындар-
да қайталап келіп, стандарттануы осы принцип бойынша 
жүзеге асады. Бұл принцип ауыз әдеби тілі мен жеке авторлар 
тілінің арасында да, әр дәуір ақындарының өз араларында да 
сақталған. Сондықтан фольклорлық жырлардың буырқанып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет