Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет21/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   180
бұрсанып, мұздай темір құрсанып-тары, Күнікейдей көрік- 
тіңді, Тінікейдей тектіңді-лері, туырлығын тілгілеп, кере- 
гесін кескілеп-тері Махамбет тәрізді күшті ақындарда қайталап 
келулерінің бір себебі Абайға дейінгі қазақ көркем әдеби 
тілінің осы көрсетілген принципінен туған заңдылық деп ой-
лаймыз. Сондай-ақ Дулат сияқты ақындық құдіреті ерекше 
биік қаламгер творчествосындағы әлденеше ондаған тар- 
мақтардың шартты бағыныңқылы компонентпен құрылуы 
(кей жаманға мал бітсе,не сөйлерін білмейді...) немесе тұтас 
үлкен бір толғауы анаған тең, мынаған тең деген форма-
да құрылуы – жалғастылық принципінің жемісі, өйткені осы 
тәсіл алдындағыларда да болған. Біз бұл жерде тақырып, идея 
жалғастылығын айтып отырған жоқпыз, тілдік, көркемдік 
тәсіл-тұлғалардың жалғастылығын сөз етіп отырмыз.
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Қ.Жұбановтар көрсеткен Абайға 
дейінгі қазақ поэзиясындағы осал белгілердің бірі – артық 
сөзділік (көп сөзділік) те, біздіңше, осы жалғастылық прин- 
ципіне байланысты тәрізді.
Жалғастылық принципінің әдеби тәсілдерді шындай түсуде, 
әдеби нормаларды тұрақтандыруда үлкен рөл атқаратыны
және мәлім.


50
Біз бұл жерде Абайға дейінгі қазақ әдебиетінің белгілерін, 
жақсы-жаман сипаттарын емес, ұстанған бағыт-принциптерін 
сөз етіп отырмыз. Қазақ әдеби тіл дәстүрінің осы екі негізгі 
принципі Абайды осы әдеби тілге үңілтіп, оның уәкілдерін та-
нып білуге себепкер болған.
Абайтанушылардың жазғандарына қарағанда, Абай қазақ 
ауыз әдебиетін, өзіне дейінгі және өзімен тұстас Арқа, Жетісу 
ақындарын жақсы білген. Біле отырып, тілдеріне зер салған, 
зер сала отырып, өзіне қажетін алған. Тегі, Абайдың дәл ал-
дында қазақтың халықтық тілін көркем әдебиетте, оның 
ішінде поэзияда пайдалану жағынан осал мектеп болмаған 
дегенді баса айтамыз. Солардың ішінен біз Дулатты атаймыз. 
Дулат пен Абайдың идеологиялық бағыттары қарама-қайшы, 
творчестволарының тематикасы да бірдей емее. «Сөздері бірі 
құрау, бірі жамау» деген баға алғандардың бірі бола тұрса да, 
Дулат ақындық шеберлігі жағынан өзіне дейінгі және заман-
дас ақындардан әлдеқайда жоғары екені көрінеді. Тіршілік пен 
өлімнің Ұзақ дауы шешілген. Артына қарап үңіліп, Қайран та-
лай жыл кетті; Мөңіреп жұртқа ой қайтты Бұзауы өлген си-
ырдай; Саудагер сарттай қайтты өмір, Құмар ойнап ұтылған 
т.т. осы сияқты образдарды Абайға дейінгі қазақ әдебиетінде 
Дулаттан ғана кездестіреміз. Ойдың құтысы, жырдан алқа 
тағу тәрізді семантикасы алшақ сөздерді тіркестіру тәсілінің 
алғашқы нышандарын да Дулаттан таба аламыз. Әрине, бұл са-
ланы сан жағынан да, сапа (түр, мазмұн) жағынан да Абаймен 
салыстыруға болмайды, Абайда бұл тәрізді образдар – система 
болып келсе, Дулатта әр тұстан қылаң етіп бір көрінетін си-
рек дүние. Сол сияқты Дулаттың: Қыс болса тапшы қызылдан, 
Жаз болса шола жұтымнан; Дүние – жемтік, мен – төбет 
тәрізді тармақтарында «Бұлт ала, жер шола» деген мақалдағы 
тапшы, шала сөздерін ет пен ақтың метафоралы атаулары 
қызыл, жұтым деген сөздермен тіркестіру немесе адамды 
төбетке, дүние, тіршілікті сол төбет кеміретін жемтікке теңеу 
– соны, тың дүниелер.
Дулаттың:
Көргеннің көзі тойғандай,
Топты ортадан ойғандай.
Сәулетіңнің сағымы 
Бұтағына шынардың 


51
Күнді әкеп іліп қойғандай,
Сәндісің, жаным, сәндісің! – 
деген алты жолдық шағын арнауы – ескі мен жаңа образдардың 
синтезі: алдыңғы екі тармақ – бұрыннан келе жатқан шаблон, 
соңғыларында қазақ әдебиетінде бұрын қолданылмаған ас-
социация: қыз көркінің қол жетпес алыс сәулесін (сағымын) 
биікке (шынар – ең биік заттық ұғым) іліп қою – тек күшті 
ақындық қиялдан шығарып, тілдік тәсіл-тұлғаларды шебер 
қолдана білудің жемісі.
Дулатта өзге ақындарда көп кездеспейтін бошалаң, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет