Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет55/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   180
жребий (жеребе), визит, монастырь, ладан, штык, картечь, 
химия, трагедия, фабрик, электр, миллион, номер деген зат 
есімдерді қазақ тіліндегі бар сөздермен беру мүмкіншілігі 
жоқ болғандықтан алып пайдаланған. Бұл заттардың барлығы 
да – қазақ өмірінде болмаған нәрселер. Мысалы, қазақ білетін 
өзінің бұрынғы әдет-ғұрып правосында адвокаттық функция 
да, ондай заң адамы да болмаған, сондай-ақ ауру адамды ем-
деп жүрген дәрігердің әрбір келгеніне ақшалай гонорар төлеу 
дегенді естіп-біліп көрмеген қазақ қауымында «визит» ұғымы 


116
да болған жоқ. Қазақтың өткендегі әскери арсеналында штык 
пен картечь қарулары да болмағаны аян. Электр, фабрика де-
гендер де сол кездегі Қазақстан жеріне келмеген нәрселер, ал 
завод (зауыт) сөзінің жайы бөлекше; бұл атау – қазақ халқына 
өткен ғасырда едәуір таныс болып қалған сөз, өйткені Абай 
кезеңінде Қазақстан жерінде ірілі-ұсақты, көбінесе мастер-
ской типті өндіріс орындары жұмыс істеген, олардың көбін 
орыс тілінің өзінде завод деп атаған. Миллион санын бұрынғы 
қазақ қауымы білмейді, мың және монғолдан келген түмен 
(он мың) сөздері – нақтылы ең үлкен санды атайтын сөздер. 
Одан әрі қарай «өте көп, есепсіз көп» мағынасында сан сөзі 
қолданылады. Демек, осындай қазақ қоғамы үшін бейтаныс
тың нәрселердің атауларын Абай аудармай немесе бірнеше 
сөзбен суреттеп, аналитикалық тәсілге жүгінбей, я болмаса 
араб-парсы, татар, шағатай тілдерінен олардың баламасын 
іздемей, орысша атауларын – орыс сөздерін пайдаланады. 
1812 жылғы Россияның Отан соғысын суреттейтін «Бороди-
ноны» аударғанда, сол кезде орыс армиясы қолданған қару-
жарақ атауларын қазақшалап, сұр жебе, қорамсақ, қозы жа-
уырын оқ деп берудің ешбір қисыны да, дұрыстығы да жоқ 
екенін Абай жақсы сезінген, сондықтан штык, картечьтердің 
қазақ қауымына өзірше түсініксіз болса да орысша атауларын 
енгізген. Христиан дініне қатысты сөздерді де мүмкіндігіншс 
аудармай беру мақсатымен монастырь, ладан, крест, шіркеу 
дегендерді алады.
Ноль, единица деген цифр атауларын қазақшаламағаны 
дұрыс, өйткені екеуі де – цифрлық өлшем ретінде қазақта бол- 
маған ұғымдар. Единица сөзіне Абайдың соңғы басылула-
рында «жалғыз, дара» деген түсінік беріліпті. Дәл емес. Бұл 
жердегі единица – «жалғыз, дара» деген сандық ұғымның емес, 
сол санның графикалық таңбасының атауы, яғни цифр аты бо-
лып тұр (егер«жалғыз, дара» деген ұғымдар керек болса, ақын 
қазақша осы сөздердің өзін-ақ қолдана салмай ма?). Ноль да со-
лай. Қазірде ноль сөзін қабылдап, единица деген цифр – «атын 
кейде бір деп, кейде бірлік цифр деп алып жүрміз, өйткені 
цифр деген түсіндіруші компоненті таныс. Ал цифр сөзі тілде 
әлі жоқ, бірлік сөзінің «ортақтық, ынтымақтық» ұғымы басым 


117
кезде, Абай единица сөзін бір деп те, бірлік деп те, бірлік цифр 
деп те ала алмағаны түсінікті.
Трагедия тәрізді әдебиет терминін де аудармай тілге 
енгізеді де, жазушы оның мәнін түсіндіріп бсруді мойнына 
алады: ...Софоклгс трагедиясы себепті, яғни біреудің сипаты-
на түспектік... (II, 181).
Ал бір топ русизмдердің Абай тіліне ену мотиві бұл 
көрсетілгеннен басқаша. Олар – қазақша баламасы бола тұрса 
да, орысша қолданылған образование, назначение, дознание, 
посредник, прошение деген туынды зат есімдер. Бұлар – орыс-
ша оқу-білім және орыс империясы енгізген сот-әкімшілік 
системасына тікелей қатысты сөздер. Абай бұл ұғымдардың 
орысша «иісін» сақтау үшін әдейі қолданған. Яғни «оқу-білім» 
ұғымы қазақша сөзбен берілгенде, көбінесе мұсылманша оқу, 
білімді ислам дінінің негізінде алу, тіпті демократтанғанда 
«құлшылық қыларлық, түркі танырлық оқу» деген ассоциация 
беретінін білген Абай прозалық шығармаларында орыс тілінде 
сауаттанып, орысша азаматтық білім алуды бір жерлерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет