Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет56/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   180
орыстың ғылымы, орысша оқу десе, енді бір жерде тура орыс-
ша образование деп алады. Бұл – орыс мектебінде, орыс тілінде 
және азаматтық мазмұндағы оқу екенін айырып, ашып көрсету 
мақсатымен алынған русизм.
Қазақ қоғамы военный губернатор мен уездной началь- 
никтің өздерін білгенмен, о бастан екеуін де өздерінше атап 
қалыптастырған болатын: алғашқысы генерал (~ жанарал 
~ жандарал), екіншісі ояз деп аталды. Абай жаңаша ел би-
леу мен заң-сот істерінің ыңғайсыз, сәтсіз жақтарынкөрсетіп, 
қалайша жақсартуға болатыны жайындағы өз пікірін білдірген 
3-сөзінде бұл саладағы әкімшілік инстанцияларын, заң-сот 
істерінің жеке актілерін өзгелермен шатастырмай, тура білдіру 
үшін қалыптасқан қазақшасын емес, военный губернатор
уездной начальник, дознание, посредник деп орысша атауларын 
әдейі алады. Тіпті бұл жерде әкімшілік орындары мен адам-
дарын мүлде дәл беру мақсатының күштілігі сонша, оларды 
білдіретін сөздерді жеке емес, тіпті анықтауыш тіркесімен (во-
енный губернатор, уездной начальник) алады.


118
Абайда өте жиі қолданылған қазақша неологизмдердің бірі 
– арыз сөзі. Ол – жоғарғы әкімшілік орындарға, орыс сотына 
жазбаша түрде айтылған шағымды білдіретін жаңа мағынаға 
ие болған сөз. Бұл сөз осы мағынада жалпыхалықтық тілде 
қалыптасқан. Бұларды сол кездегі орыс тілінде прошение деп 
атаған. Абай арыз сөзін актив пайдалана отырып, «Интернатта 
оқып жүр» деген өлеңінде дәл осы ұғымды прошение сөзімен 
білдіреді. Мұнысы осы русизм арқылы, біріншіден, жазыла-
тын арызының орыс тілінде болатындығын білдіргісі келсе
екіншіден, мұның қазақ даласындағы орыс патшасының сот-
әкімшілік орындарына берілетін арыз екендігін баса көрсету 
мақсаты болып шығады.
Абай қолданған назначение, образование, прошение, посред-
ник, счет тәрізді орыс сөздерінің кейіннен тілде тұрақтамай, 
тек Абай текстерінде сақталған себебі, біздіңше, мыналарда. 
Прошение, счет сөздері Абайдың «Интернатта оқып жүр» де-
ген шығармасында ғана кездеседі. Бұл өлеңде тек осы екі сөз 
емес, интернат, судья, адвокат сияқты қазақ тіліне Абайдан 
бұрын енді-енді ене бастаған орыс сөздері де, здравомысля-
щий, военный, көренной, оязной деген орысша тұлғадағы сын 
есімдер де, тіпті занимайся прямотой тәрізді сөйлем-фраза да 
шоғырланған.
Арнайы зерттеулерге қарағанда, бұл өлең – орыс тілін 
білетін, сол интернатта оқып жүрген шәкірттерге бағышталған 
және Салтыков-Щедриннің сатиралық формуласының тікелей 
әсері тиген шығарма
105
. Демек, бұлардың барлығы да – 
стилистік неологизмдер, яғни стильдік мақсатпен (яғни белгілі 
бір оқушыларға арнап) келтірілген «бір қолданар» кірме 
сөздер.
Бұлар тәрізді сол кездегі не жалпыхалықтық сөйлеу тілінде, 
не жазба әдеби тілде қолданылмай, жазушының контекске 
қарай әдейі пайдаланған жаңа сөздерін (мейлі ол тілге қай 
тәсілмен енгізілсе де) тіл білімінде «окказионалдық неоло-
гизмдер» деп те жүр. Абай тілінің бір ерекшелігі стилистік 
немесе окказионалдық кірме сөздер мен фразалардың едәуір 
105
Перелыгин Л.М. Об истоках стихотворения Абая «Обучаются в интернате» // 
Ученые записки Семипалатинского пединститута им. Н.К.Крупской. - 1957. - Вып. 
2. С. 150-151. 


119
екендігінде. Бұған тек орыс тілі емес, шығыс (араб-парсы) 
тілдері элементтері де жатады. Абайдың әсіресе прозалық 
шығармаларында, олардың ішінде де тілі, стилі, адресаты 
жағынан оқшауланып шығатын кейбір «Қара сөздерінде» сол 
контексте ғана келтірілген, белгілі бір мақсатпен алынған «бір 
қолданар» араб-парсы сөздері де көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет