Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет115/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   180
-ғыш, -қой т.б. жұрнақтармен де қабаттасып келіп, адамға тән 
қасиеттің жалпы атауын білдіреді: жеңсікқойлық, нанғыш- 
тық, сенгіштік, қорғалауықтық, күнәкарлық, мақтаншақтық, 
борышқорлық.


237
Абай текстерінде бір компоненті -лық жұрнақты тұрақты 
тіркестер де жиі ұшырайды: мал тапшылық, көрсе қызарлық, 
қолы тарлық, ит қорлық, әсем салдық, тән саулық, қызба 
бастық, күлкі тоқтық т.б. Бұлар септік жалғаулы сөздерді 
меңгеріп тұрған етістікті (есімшелі) грамматикалық тіркес- 
терден өзгеше, өйткені алдыңғылардың негізі – көрсе қызар, 
қолы тар, әсем сал тәрізді фразеологиялық единицалар.
Сөйтіп, -лық Абай тілінде ең өнімді сөз тудырғыш аф- 
фикстердің бірі. Бұл құралмен жасалған сөздердің ішінде 
жалпыхалықтық тілде қолданылып келгендері де, Абай жасаған 
жаңалары да бар. Жаңалары – бірқатар абстрактесімдер мен 
сын есімдер.
-лы (-лі, -ды, -ді, -ты, -ті) жұрнағы. Бұл да – Абай тілінде 
туынды сын есім жасайтын өнімді аффикстердің бірі. Ол түбір 
сөзге де, туынды сөзге де жалғанған. Туынды сөздердің ішінде 
Абай текстерінде көбінесе -ым, -ма, -у жұрнақтыларына 
жалғанады: сөзімді, өтімді, жетімді, орамды, тартымды
толымды, білімді, сүйкімді; соқтықпалы, елірмелі, буулы (бу-
ынсыз тілің, буулы сөзің – I, 252).
-лы арқылы жасалған сөздердің бәрі түбірде (негізде) 
аталған заттың бар екендігін білдіреді.
Кей реттерде -лы жұрнағының жалғануы факультативті
сипат алады (яғни жалғанбай да келе береді), өйткені бірін- 
шіден, -лы жұрнағының жалғанбағандығы мағынаға нұқсан 
келтірмейді, екіншіден, мағынасы әрі қызметі бірдей сөздер 
-лы жұрнағын жалғап та, жалғамай да қатар келе береді. Са-
лыстыр:
Қой мойынды, қоян жақ,бөкен қабақ (I, 47).
Теке мұрын, салпы ерін,ұзын тісті (I, 47).
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті (I, 47).
Мұндағы қоян жақ, бөкен қабақ дегендер де, өзгелеріндей 
қоян жақты, бөкен қабақты түрінде келе алар еді. Сондай-ақ 
қырлы мұрын – қыр мұрын (1,24).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет