97
* * *
Ең соңғы мәселе шығыс сөздерінің фонетикалық тұлғала-
нуы жайында.
Қазақтың жалпыхалықтық тіліне ертеректсн енген араб-
парсы сөздері қазақ фонетикасына сәйкестелініп,
дыбыстық
тұлғасы едәуір өзгеріп қалыптасқаны мәлім. Қазақ тіліне жат
дыбыстарды қалдырып кету немесе өзге дыбыспен ауысты-
ру сияқты жүйелі заңдылықтардың бар екенін Л.Рүстемов
дұрыс, жақсы көрсеткен
83
. Жалпыхалықтық сөйлеу нормасын-
да шығыс сөздері осылайша «қазақыланып» өзгергсн вариант-
та қалыптасқандықтан, халықтық
қорды пайдаланған қазақ
ауыз әдебиеті мен ақындары, негізінен, сол өзгерген түрлерін
қолданған. Мысалы,
өмір, ақыл, азап, арам, адал, әлем, әдет,
айып, пейіш, пенде, мейір т.т. Әрине, бұл заңдылықтар бойын-
ша да барлық жерде түгел бір ғана вариантта қалыптаспағаны
тағы түсінікті. Қазақстанның әр өлкесіне тән фонетикалық
ерекшелік шығыс сөздерінің жергілікті жерде дыбысталу
түріне тікелей әсерін тигізгені байқалады. Мысалы, о бастан
оңтүстік
аудандарда пейіш, пүл, палуан, пенде (пәнде, пәндә)
болса, Орталық, Шығыс, Батыс өлкелерде
бейіш ~ бейіс, бенде,
балуан, бұл түрінде қалыптасқандықтан, XIX ғасырда басы-
лып шыққан немесе жазылып алынған үлгілерде бұл сөздерді
екі-үш вариантта кездестіреміз. Мүрсейіт
дәптерлерінде өз
өлкесіне тән дыбысты вариантында
бейіс, бенде
84
,
бұл. Сондай-
ақ арабша
алал – (разрешенный, законный) сөзі бір өлкелерде
адал, екінші бір жерлерде
алал түрінде қалыптасқанын Абай
текстері де көрсетеді. Әрине, Абайдың өз автографтары
қалмағандықтан, кейде жеке сөздердің орфограммасын сөз
ету қиын. Дегенмен Абай текстерін бізге жазып жеткізген өз
ауылдасы (Мүрсейіт Бікеұлы) болғандықтан, бұл сөздің оның
дәптерлерінде
алал түрінде жазылуын автордың да қолданысы
деп
есептейміз
85
. Және Абаймен территориялас Дулатта да
83
Рустемов Л. Қазақ тіліндегі араб-иран кірме сөздерінің лексика-семантикалық
ерекшеліктері. - Алматы, 1962.
84
Абайдың осы күнгі кітаптарында бірде
бенде, бірде
пенде болып жазылуын
автор тексінің дәл көшірмесі дей алмаймыз. Біздіңше және Мүрсейіт дәптерлері
бойынша, Абай
бенде (кейде ұқсас үшін
бәнде) түрлерін қолданған.
85
Абай шығармаларын соңғы бастырып шығарушылар осы күнгі
әдеби
нормаға жақындату мақсатымен істеген болу керек, барлық жерде
алал-ды
адал
деп беріпті.