101
бір рет
замана варианты алынған. Біз мысалды бір-бірден ғана
келтірдік, ал Абайда бұлар көп және белгілі бір жүйе болып
келеді. Бұл тәсіл – Абайға дейінгі қазақ поэзиясына да тән бо-
латын, бірақ оны жандандырып, актив пайдаланған қаламгер –
Абай. Жалғыз кірме сөздердің фонетикалық варианттары емес,
өзге де тұлғалық варианттарды (мысалы, -
тұғын – -тын, менен
–
мен, дағы –
да) параллель пайдалану – қазақ поэзиясының
күні бүгінге дейін келе жатқан тәсіл-нормаларының бірі.
Міне, Абайдың өлең шығармаларының тіліндегі араб-парсы
кірме сөздерінің фонетикалық тұлғалануы осындай. Прозалық
шығармаларына келетін болсақ, мұнда шығыс сөздерінің
орфограммасы айқын ажыратылған екі топқа бөлінеді. Қара-
пайым көпшілік оқушыларға арналған азаматтық тақырыпты
«Қара сөздерінде» халық тіліне енген арабизм-фарсизмдерді,
сірә, автор өлеңдердегідей қазақша берген де, олардың 38,
13-сөздерінде пайдаланылғандарын түп төркінінше жазған
болу керек. Мүмкін, бұл емледе молда Мүрсейіттің қаламы-
ның ізі де бар болар. Өйткені ол «Қара сөздердің» тексін
алғашқы автографтан ешбір әрпін бұзбастан дәлме-дәл
көшірмегені, яғни мазмұнына нұқсан келтірмесе де, кей жерде
жеке сөздерді, кейде тұтас тіркестерді тастап кетіп жазғанын
біз 1905, 1910 жылғы екі дәптерін салыстырып таптық. Тіпті
кей кезде ол бір дәптерінде
йәне, өзләрі, дост деп шағатайша-
парсыша жазып жіберсе, екінші дәптерінде
және, өздері, дос
деп, қазақша жазады. Сондықтан болу керек, 38-сөзде
сифат,
Достарыңызбен бөлісу: