Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет46/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

алал варианты жазылған. Абай осы күні мақсат тұлғасында 
нормаланған сөзді мақсұт түрінде қолданғанын Мүрсейіт 
дәптерлері көрсетеді. Ал абырой сөзін де Мүрсейіт тек абұйыр 
вариантында жазған. Дегенмен кейбір араб-парсы сөздерінің 
Абай тұсында бір өлкенің өзінде, тіпті бір жазушының 
(ақынның) өзінде бір вариантқа түсіп қалыптасып болмағанын 
Абай текстері де, өзге нұсқалар да көрсетеді. Мысалы: жиһан 
– жаһан, кәдік – күдік, жауһар – гәуһар, ғашық – асық, кәріп 
– қарып – қаріп т.т.
Мұның үстіне Абай кезеңінде араб-парсы сөздерінің 
фонетикалық көп варианттылығы одан әрі көбейе түскені 
байқалады. Бұрыннан халық тіліне сіңіп, бір вариантта 
қалыптасқан сөздердің өзі бұл тұста екінші вариантқа ие бо-
лады. Өмір – ғұмыр, ақыл – ғақыл, айып – ғайып, әділ ғаділ, 
әдет – ғадет, араб – ғарап, адал – алал – халал, арыз –ғарыз, 
зая – зайығ – зайғы, мейман – меһман, мейір – меһир, байымдау 
– пайымдау – байымдау, арам – харам, мысал – мисал, қате – 
қата – хате дегендердің екінші сыңарлары – ХІХ ғасырдың 
ІI жартысының жемістері. Бұған себеп болған фактілердің 
бірі қазақ даласында кітап шығару ісінің күшеюі болды. 
Қазақ тілінің сингармонизм заңының сақталмайтындығы 
(атлар, бізлерні т.б.), басы артық әліп таңбасының дауы-
стыдан басталған сөздерде косақтала жүретіні немесе қазақ 
сөзі басындағы ж дыбысын й-мен беру т.б. сияқты, араб-пар-
сы сөздерін бұзбай, өз тіліндегінше жазу дағдысы да XIX 
ғасыр мен XX ғасырдың алғашқы 20-жылындағы араб гра-
фикасын пайдаланған қазақ жазуының бір дәстүрі (ережесі) 
болатын. Осы ережені, әсіресе, кітаби тіл үлгілері қатаң 
сақтайтын. Ал таза қазақ тіліндегі нұсқаларға келгенде бұл 
тәртіп көбінесе бұзылып, қазақша жазылатын. Дегенмен реті 
келген жерде ауыз әдебиеті үлгілерінің өзін «Сөйле десең 
бізлерге, не айтайын сізлерге
86
, деп жазып жіберу кітап ба-
86
Бұл мәселе жөнінде біз бұрынырақ жарияланған бір-екі мақаламызда толығырақ 
айтқан болатынбыз: Вопросы развития казахского правописания // Вопросы казахской 
филологии. - Алма-Ата, 1964; XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ әдеби тілі // 
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері. - 5-шығ. - Алматы, 1963.


99
стыру ісінде үйреншікті құбылыс болды. Соның салдарынан 
қазақ ақындарының өткен ғасырда шыққан кітаптарында 
ғақыл, ғадет, ғүмыр, ғаділ т.т. орын алды. Мысалы, Шортан-
бай мен Дулат мұсылманша қанша сауатты болғандарымен, 
бұл сөздері ғасырлар бойы қазақша қалыптасқан түрлерін 
өзгертіп, арабша не парсыша айтпаған (жырламаған) бо-
лар деп ойлаймыз. Ал оларда: Кісі ғайыбын көрмейді (Ду-
лат, 61). Ғақылы болса жарайды (Сонда, 59). Аузыңа харам 
салмаңдар (Шортанбай, 152). Ғазап үшін бермейсің (Сонда, 
143), сондай-ақ, ғұмыр, ғалам, ғақыл варианттарын көреміз
87
.
Абай, сірә, азаматтық шығармаларының автографтарында 
қазақыланған кірме сөздерді бұзбай сол халықтың қолдану 
нормасында жазған болу керек деп топшылаймыз. Оған бірінші 
айғағымыз – Мүрсейіт дәптерлері. Сол кездегі жазу тәртібін 
жақсы білген молда Мүрсейіт Абайдың қазақша айтылған 
арабизм-фарсизмдерін өз бетімен «түзетіп», кітаби тіл норма-
сына келтіруге батылы бармаған. Екінші айғағымыз – кейбір 
ұйқастар. Ғашық сөзінің халықтық ашық асық формасын 
Абайдың жарыстыра қолданғанына буын саны куә болады. 
Айталық, алдындағы сөз дауысты дыбысқа аяқталып тұрса, екі 
дауыстыны қосып жіберіп, буын санын дәл шығару үшін асық 
вариантын алады: Сорл(ы) асық сағынса да, сарғайса да (11 
буын). Немесе жіңішке хәл сөзінің Абай қазақша қал (қазіргі 
орфографиямыз бойынша хал) вариантын қолданғанын мына 
шумақтың ұйқасы танытатын тәрізді:
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз қалынша (I, 38).
Бұл жерде жіңішке хәлінше варианты тіпті үйлеспеген бо-
лар еді. Сондай-ақ әрекет пен берекет (баракат емес – І,60), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет