Р. Сыздык 1-том indd


Мағына жаңғырту арқылы жасалған неологизмдер



Pdf көрінісі
бет76/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   180
Мағына жаңғырту арқылы жасалған неологизмдер. 
ХІХ ғасырдың ІI жартысында қазақ қоғамында әкімшілікке, 
шаруашылыққа, білім-ғылымға байланысты көптеген жаңа 
ұғымдар пайда болғаны мәлім. Сол жаңа ұғымдардың тілдегі 
көрінісін білдіруде Абай тәрізді алып қаламгер де қатысты.
Бұл салада жалпыхалықтық тілдің өз тәжірибесінде өзге тәсіл- 
дерден гөрі сөз мағынасын жаңғырту тәсілі жиірек пайда- 
ланылғаны байқалады. Ескі қоғамдық қатынастарға, бұрынғы 
әлеуметтік топтар атауларына, шаруашылыққа, күнделікті 
тұрмысқа қатысты байырғы сөздердің мағынасының үстіне 
тағы бір жаңа ұғым қосып жасалған жаңа сөздер бір алу-
ан. Мысалы, би, төре, ұлық сөздері бұрынғы ұғымдарды да, 


159
жаңа әлеуметтік топтарды да білдіретін болды. Сайлау деген 
байырғы сөз де қазақ даласында бұрын-соңғы болмаған ел би-
леу процесіндегі жаңа актінің атауына айналды. Арыз, іс (заң 
термині) және жұмыс, тергеу сөздерінің бұрынғы мағыналары 
жаңғырып, жалпыхалықтық тілде де, Абайда да жаңа юристік 
ұғымдардың атауларын қоса білдіретін болған. Орын сөзінің 
бұрынғы мағынасының үстіне ел билеу системасындағы 
«әкімшілік орны» деген жаңа мағына қосылған. Абайда: 
орынға сайлану.
Абай жаңа сөздер жасауда, негізінен, аффиксация тәсілін 
қолданғанмен, өз тұсындағы жалпы халықтың тіл нормасына 
айналған – мағына жаңғырту амалын да жат көрмейді. Бірлік 
сөзі бұрын «ынтымақтық, бірігушілік» деген ұғымдарды 
ғана білдіріп келсе, Абай оған «Құдайдың жалғыздығы, біреу 
екендігі» деген философия терминінің мағынасын үстейді. 
Барлық та осы сияқты: бұрын зат есім ретінде келгенде «байлық, 
молшылық» дегенді, сын есім ретінде «бүкіл, күллі» дегенді 
білдірсе, Абай бұл сөзді бір нәрсенің (айталық, Құдайдың) 
бар екендігін білдіру үшін де жұмсайды, яғни «Құдайды бар 
деп тану» деген теологиялық мағына үстейді
135
: Алланы бар 
дедік, бір дедік... Бұл бірлік, барлық...(II, 197). Алла тағаланың 
бірлігіне... (II, 195). Әрине, бұл сөздердің бұрынғы мағынасы 
жойылып кетпейді, олар да актив қолданылады. Мысалы, 
Бірлік қандай елде болады? (II, 163). Бірлік – ат ортақ, ас 
ортақ... (II, 163).
Үлкендік сөзі де осы тәрізді. Физикалық дененің көлемін 
білдіретін дерексіз ұғым атауынан (үйдің үлкендігі, таудың 
үлкендігі т.т.) Бұл сөз Абай тілінде «сөз бағасын сезіну» тәрізді 
адамның ішкі моральдық қасиетін білдіретін абстракт ұғым 
атауына айналады.
Сұрау етістігі бұрын біреуден бір нәрсе жайын білу үшін 
сұрау және біреуден бір нәрсені (затты, бұйымды) сұрап алу 
тәрізді мағыналарда ғана жұмсалса, Абай бұл сөзге үшінші 
жаңа қызмет үстейді. Ол – заң-сот ісіне қатысты процестің 
135
Бір қызығы осы мәндегі бірлік, барлық сөздерін Ыбырайдан да таптық: Мұның 
бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір Құдайдың барлығына, бірлігіне... дәлел 
болса керек («Шариғат-ул-ислам», 1884). Бұған қарағанда, барлық,бірлік сөздері Абай 
мен Ыбырай қолданған абстрактік ұғымда тілде орын алғаны байқалады.


160
атауын білдіру. Орынға сайланып қойылған жаңа билер не-
месе орыс империясының судьялары енді жауапкерлердің ақ-
қарасын білу үшін тексеру жұмысын жүргізетін болады. Оны 
даугерден де, жауапкерден де, куәлардан да іс-қылмыс жайын 
сұрап білу арқылы орындайтын болады. Осыдан сұрау етістігі 
юристік акт атауына айналып, жаңа сөз қатарына енеді. Сірә, 
Абай тұсындағы халық тілінде бұл ұғымда тергеу сөзі жиірек 
қолданылған болу керек. Ал Абай, кейде екеуін де қатар 
келтіріп, сұрау сөзін тергеудің дублеті ретінде пайдаланады: 
...Тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса (II, 161). Қарсылық 
күнде қылған телі-тентек, Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр 
(I, 34).
Абайдың біраз жаңа сөздерді қолдануына аударма ісінің 
себепкер болғанын байқаймыз. Мұнда ол өзге тәсілдермен 
қоса мағына жаңғыртуды да пайдаланған. Мысалы, бастық 
сөзін ел билеу системасындағы басшы, әкім ғана емес (бұл 
мағынасының өзі XIX ғасырда ғана кіре бастаған жаңа мағына 
болатын), дін басшыларын да білдіретін жаңа сөз ретінде
алады: Мешітіне бастықтың келер жолын дайын қылып... 
(II, 150). – Плитам, ведущим от кельи архимандрита в храм 
(Лермонтов, IV, 183). Әрине, христиан дінінің архимандрит 
лауазымын орысша берсе, Абай тұсындағы оқырмандар 
түгіл, қазіргілер де түсінбес еді. Оны мұсылман дін иелерінің 
лауазымдарымен атауға және болмайды. Сондықтан Абай 
бұрыннан бар бастық сөзіне тағы бір жаңа қызмет артып
мағынасын жаңғыртады.
Абайдағы сөз мағынасын жаңғырту амалымен пайда болған 
жаңа сөздер екі топқа бөлінеді: бірі – жалпыхалықтық тілдегі 
неологизмдер (би, ұлық, сайлау, арыз, іс т.б.). Оларды жазу-
шы көркем әдебиетте тұрақтандырып, активтендіріп әдеби 
нормаға айналдырады. Бұл неологизмдердің көбі бір саладағы 
белгілі бір ұғымды білдіретін терминдік дәрежеге дейін 
көтеріледі. Екінші тобы – Абайдың өзі жасаған неологизм-
дер. Мұнда Абай қазақтың жалпылама өз сөздерін де (бастық, 
бірлік, барлық, сұрау, үлкендік), бірен-саран диалектизмдерді 
де (далақ) пайдаланады. Бұл екеуінің ішінде ең мол пайдаға 
жарағаны – қазақтың жалпылама сөздері.


161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет