Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет74/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   180
-сы форманты мен -сын форманты негізі бір (-сы > сы + 
н) болғанмен, бертінгі дәуірлерде кейбір сәттерде бір-бірінен 
алшақ кеткен фактілері бар. Кейбір сөздерге -сы емес, -сын 
варианты ғана жалғанып қолданылатыны мәлім. Мысалы, 
қазіргі нормамыз бойынша бәлсіну, сәнсіну, керексіну, мазат-
сыну, көпсіну, азсыну тұлғаларында қолданылулары орынды. 
Ал Абай сәнсу, бәлсу, әсемсу, мазатсу, керексу деп -сы вари-
антын жалғайды. Бәлсіну, сәнсіну, керексіну-лер – бұрыннан 
тілде бар тұлғалар, ал бәлсу, сәнсу т.б. осы типтегі туындылар 
Абай неологизмдері болып табылады. Абайдың бұл соңғы 
амалды жүйелі түрде қолдануының мотивтері бар. Ең басты 
себеп – жазушының -сы жұрнағын актив аффикске айналды-
руында. Сондықтан бұрыннан -сы вариантымен қалыптасқан 
түрлері тұрса да, Абай сән, әсем, бәл, керек түбірлеріне -сы 
вариантын жалғап, оларды жаңа сөз етеді де, жаңа топқа ко-
сады. Екінші –жазушы -сы жұрнағына беретін эмоциялық 
реңкті («притворяться, прикидаваться, выдавать себя за») 
-сын тұлғалы түрі бере алмайтындай, дәл шықпайтындай 
көргенге ұқсайды. Шынында да, Ел керексіп, Сөзге емексіп. 
Не болады мақтаның (I, 114) дегендегі ел керексу тіркесінің 
экспрессивтік бояуы бұрыннан потенциалды елді керексіну 
(ағайынды керек ету керексіну) деген тіркестен өзгеше 
екендігі анық. Сірә, ұлы қаламгер -сын жұрнағының беретін 
мағынасында ұқсау, балау, теңеу мәні (значение уподобления 
–«считать за...» «рассмотривать как...» басымырақ екендігін, 
ал «ұқсамаса да ұқсап бағу» (значение подражания, притвор-
ства) мағынасы әлдеқайда солғын, тіпті Э.В.Ссвортян дұрыс 
көрсеткендей, қазіргі тілдерде дамымай қалған
131
мағына 
131
Севортян Э. Б. Аталған еңбек. - 308-б.


156
екендігін интуитивті түрде сезгенге ұқсайды. Әрине, Абай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет